Менің мамандығым-музыка жетекшісі...

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Менің мамандығым-музыка жетекшісі...

Материал туралы қысқаша түсінік
Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес... Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, жаңалыққа жаны құмар жандар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Егер бала кезімде музыканы сүймесем,

мен ешуақытта өнер жолына түспес едім»

С.Т. Коненков

Менің мамандығым-музыка жетекшісі...

Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес...

Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, жаңалыққа жаны құмар жандар.

Музыка дегеніміз-сырлы да сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге естуге үйретеміз.Әуен жүрегіңді баурап, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты жәй күйге бөленеді.Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күйге бөлейді.

Музыка жетекшісі жәй ғана мамандық емес-оны атақ абыроймен алып жүру керек.Мен жұмбақ және сиқырлы музыка әлемінің есігін айқара ашамын...

Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың көзіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары.

Мерекелік сценарийлерді құрушы ,ойын-сауық бағдарламалардың жасалуына, олардың әзірлеуіне, көрнекі құралдарды, материалды уақтылы әзірлеуші – зор мамандық иесімін.

Баланың музыканы тыңдауы, қабылдауы, есте сақтауы . әнді жеке айту, қосылып айту,әннің сөзін дұрыс,анық айту , әні мен сөзі арасындағы байланысын , ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу , қызығушылығын қалыптастыру- музыка жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне,білімділігіне, осы мамандықты бар жан дүниесімен меңгере білуінде деп білемін.

Шығармашылық саланың ішінде музыкалық эстетикалық тәрбие дегеніміз- сұлулықты, көркемдікті сездіртіп ,үйретіп қана қоймай , өз бойына сіңіре білудіәдет-дағдыларына айналдыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалар әр нәрсеге бейім, ересектер не үйретсе соны қабылдап алады және көп нәрсе күтеді.Үлкендердің айтқанын тез қабылдайды.Олардың жандары сондай нәзік және өте сезімтал болып келеді. Менің өзім осы балалармен жұмыс жасағанда , музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білдім.

Менің көзімнің жеткені балалар да бізге көп нәрсе үйрете алады. Мысалы: Бала сияқты сезіну,сүю, түсіну ересектерде табиғатында жоқ нәрсе.

Балабақшаға келген балалар сондай нәзік, пәк, таза күйінде келеді. Балалардың үлкен өмірге деген іргетасын біз қалаймыз.Яғни, балалардың болашақтатәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне біздің қосар үлесіміз зор. Баланың ішкі жан дүниесінің бай , ой-өрісінің дамуы, асыл қасиеттерін,қабілетін дамытушы біз - музыка жетекшісі.

Мені қуандыратын жағдай балалардың музыка залына ерекше құштарлықпен келуі.Мен оларды көргенде бойымды ерекше қуаныш сезімі кернейді.Кіп-кішкентай балалардың өздері мені көргенде көздерінде қуаныш лебі сезіліп тұрады.Мен балаларды ән тыңдатуға,ән айтқызуға,би қимылдарын үйретуге, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын. Музыка оқу іс-әрекетінде балалардың қиялы ұшқыр музыка әлемі мен ертегі әлемінің арасындағы ортақ қызығушылықтар байланыс табады.

Мерекелікті ұйымдастырғанда әрдайым балаларға қолайлы өзара түсінушілік, ерекше қиял ғажайып әлеміне саяхат жасатуға тырысамын.

Балалардың жеке басының қасиетін,қабілетін, талантын, шығармашылықпен ұштайтындай етіп ұйымдастырамын. Шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану міндетіміз.Біздің міндетіміз балаға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілігін ашып көрсету.

Музыка тілін терең түсінген және меңгерген адам кеңпейіл, ақылды,сезімтал өзіне жақын адамдарды, айнала қоршаған ортаны сүйеді, түсінеді, сезінеді деп білемін.

Біз тәрбиелеп отырған бүлдіршідер болашақта ақылды, қабілетті, белсенді болып өсетініне сенім артамыз!!!

Біз көңілді баламыз,

Өнер қуған дарамыз.

Әнге салып әдемі,

Бақшаны жырға қосамыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі