400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Менің мамандығым музыкалық білім" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мерекелік іс шара мектепке дейінгі ұйымдарының музыкалық жетекшілеріне көмек көрсетеді деп ойлаймын. Бұл эсседе музыкалық жетекші мамандығын қыр сырлары жайлы әңгімеленген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

ЭССЕ тақырыбы: «Менің мамандығым-музыкалық білім»

«Балауса» бөбекжай бақшасының музыка жетекшісі: Хасенова Макпал Ерековна.


Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

«Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай әнді сүйіп тыңдағасын, өнер жолын таңдадым.

Менің мамандығым-музыка жетекшісі...

Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес...

Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, құмаржандар.

Музыка мен үшін өзінің эмоциялық әсері арқылы адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөль атқарады.

Музыка дегеніміз-сырлы да сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге естуге үйретеміз.Әуен жүрегіңді баурап, жантер бетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты жәй күйге бөленеді.Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күйге бөлейді.

Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың көзіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары.

Мерекелік сценарийлерді құрамын,ойын-сауық бағдарламалардың жасалуына, олардың әзірлеуіне, көрнекі құралдарды, материалды уақтылы әзірлеуші – зормамандық иесімін.

Баланың музыканы тыңдауы, қабылдауы, есте сақтауы, әнді жеке айту, қосылып айту,әннің сөзін дұрыс, анық айту , әні мен сөзі арасындағы байланысын , ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу , қызығушылығын қалыптастыру- музыка жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне, осы мамандықты бар жандүниесімен меңгере білуін де деп білемін.

Мектепке дейінгі жастағы балалар әрнәрсеге бейім, ересектер не үйретсе сонны қабылдап алады және көп нәрсе күтеді.Үлкендердің айтқанын тез қабылдайды.Олардың жандары сондай нәзік және өте сезімтал болып келеді. Менің өзім осы балалармен жұмыс жасағанда , музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білдім.

Балабақшаға келген балалар сондай нәзік, пәк, таза күйінде келеді. Балалардың үлкен өмірге деген іргетасын біз қалаймыз.Яғни, балалардың болашақта тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне біздің қосар үлесіміз зор.

Баланың ішкі жан дүниесінің бай , ой-өрісінің дамуы, асыл қасиеттерін, қабілетін дамытушы біз - музыка жетекшісі. Мені қуандыратын жағдай балалардың музыка залына ерекше құштарлықпен келуі.Мен оларды көргенде бойымды ерекше қуаныш сезімі кернейді.Кіп-кішкентай балалардың өздері мені көргенде көздерінде қуаныш лебі сезіліп тұрады.Мен балаларды ән тыңдатуға,әнайтқызуға,биқимылдарын үйретуге, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын.

Балалардың жеке басының қасиетін,қабілетін, талантын, шығармашылықпен ұштайтындай етіп ұйымдастырамын. Шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді,технологияларды қолданамын.Біздің міндетіміз балаға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілігін ашып көрсету. Музыка тілін терең түсінген және меңгерген адам кеңпейіл, ақылды,сезімтал өзіне жақын адамдарды, айнала қоршаған ортаны сүйеді, түсінеді, сезінеді деп білемін.

Қортындылай келгенде :технологиялармен жұмыс істеуге тырысамын. Балалармен қарым-қатынас орнатамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
2060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі