400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің мамандығым» студенттермен кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Байтурған Ұлжан Қайратқызы

Алаты облысы Талдықорған қаласы Ескелді ауданы Көкжазық ауылы «Балпық би атындағы орта мектебі»КММ

«Менің мамандығым» студенттермен кездесу кеші

Мақсаты: Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Міндеті:
- мектеп бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;
- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.

Жоспар:
1.
Кешті ашу.

2 Таныстыру.
3. Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын
4. Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары
5. Тілектер шоғы


Өтілу барысы:


1 - ж:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!

2-ж: Армысыздар, бүгінгі кеш қонақтары!

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

1-ж: Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын, түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық,

Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін. – деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз! (музыка ойнайды. Студенттер орындарына жайғасады)

2-ж: Студенттер – ақ арман арқалаған,

Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.

Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,

Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!

1-ж: Студенттер – көкке қанат сермегендер,

Ауылға сағынысып келген еңдер.

Студенттер – кешінде сырласайық,

Болашақтың бастауы сендер еңдер!

2-ж: Студенттер – өмірдің гүл күндері,

Қуанышта аз емес бұл күндері.

Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,

Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.

1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,

Ертеңгі елімізге атар таңдар.

Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі – әнші,

Маман болып бір күні шығарсыңдар.

2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,

Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.

Біз түлеткен аяулы студенттер,

Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.

(қошемет)


1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетенов Ринат ағайға сөз кезегін береміз.


2 - ж:
Кешіміз басталады салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғыңдар қуанышты

Би:

1 - ж: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағы желбіреп, Әнұраны асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
2 - ж:
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.

Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп, өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер.

1 - ж:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.

2 - ж: Ендігі кезекте ойынға береміз. Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әртоп өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.

Студенттерге қойылатын терминдер:
1.
Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан

1 - жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:
1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест

Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?

2 - ж:
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек.
Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.

Оқушыларға берілетін жағдай.
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?

1 - ж:
Студенттерге берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?

2 - ж:
Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.
- Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма?
Әлде студенттік кезең ұнай ма?

1 - ж:
Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен?
Тыңдайық

2- ж:
- Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық!
Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!

1 - ж:
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір – Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия – Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан кейін – Дауылдан кейін.
Степендия – Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание – Кешікпей келем деп ең.
Лекция – Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл көпір.

2 - ж:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, студенттер мықты халық екен ғой.

11 класс оқушысы Жақсылық Арсен студенттерге арнап әсем ән шырқайды.

1 - ж:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін - бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін - бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық - ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын - тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.


2 - ж:
О, жастық - ай, мойымас тау - тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.

1 - ж:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін

2 - ж:
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады – деп қонақ кәде сұраймыз.


Жақсылық Арсен мен Наурызғалиев Райымбектің орындауында «Достар» әнін қабыл алыңыздар!


1 - ж:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар.
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!

2 - ж:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!

Тілектер шоғы: студенттердің тілегі түлектерге


1 - ж:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас - қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.
- Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің ұстаздарына береміз.

2 - ж:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі