400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің мамандығым тәрбиеші"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің мамандығым тәрбиеші" атты мақала жас мамандарға тәрбиеші мамандығы үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мамандығым тәрбиеші

Бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді.Тәрбиеші болу үшін ең алдымен балаларды жақсы көру керек.Тәрбиеші мамандығы маған өте қызықты. Бұл мамандық маған көп нәрсені үйретті. Әсіресе тілдері балдай бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкілерін естігенде менің бойымда керемет әсер болады.Баланың баладан ешқандай айырмашылығы жоқ.Сондықтанда балаларды бір бірінен бөліп қарауға болмайды.Керісінше топтағы балаларға ұйымшыл болуды үйретуіміз керек.Кішкентай бүлдіршіндерді көрсем бірден бауырыма басып құшағыма алғым келеді.Балалардың аналары «сізге рахмет!» баламыз сізді жақсы көреді үйде ауыздарынан тастамай сізді айтып отырады» - деп алғыстарын білдіреді. Міне мен үшін үлкен бақыт осы. Балалар жараланбай аман – есен үйлеріне қуанып қайтса менде бақыттыда қуанышты боламын.Әр баланың тілін тауып, тілдесе білудің өзі үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Балалардың санасы ақ парақтай тап-таза сана сезімге дұрыс тәрбие беріп алғашқы адамгершілік пен мейірімділік нұрын сеуіп,жақсы білім мен өнер нәрімен сусындату біздің міндетіміз. «Балалар өмір гүлі» деп бекер айтылмаған. Әр бала мен үшін өте үлкен қуаныш.Оларды тәрбиелеу мен үшін үлкен бақыт. Тәрбиеші жан жақты болуы керек.Тәрбиешінің міндеті балаларға қарап жақсы тәрбие беру ғана емес, сонмен қатар ертеңгіліктер мен ашық сабақтарды өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білуі керек. Балаларға әр түрлі әдістермен суреттер салғызып,мағыналы тақпақтар мен қызықты ойындар, ғажайып ертегілер айтып балалардың саналарын жоғарлата білуі керек. Әсіресе балалар сергіту жаттығуларын жасай отырып,тақпақтарды тез қағып алады. Кейбір тілі енді шығып кележатқан балалар сергіту жаттығуларының тақпақтарын айта алмаса да іс-қимылын тез қағып алады.Оқу іс әрекеті өту барысында балалар қызығатындай түрлі түсті ашық түстерді алдануы мен қатар ертегі кейіпкерлерін қолдана отырып ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізсе өте тамаша болады.

Тәрбиеші мамандығын тағдағаныма еш өкінбеймін. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе -ас бер,он жыл қалғың келсе- ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дегендей дана халқымыз.Баланың ой өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.Сондықтан да Сөзіміз -түзу,Еңсеміз -биік,Рухымыз- мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.11.2021
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі