Материалдар / Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдарым

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдарым

Эссе

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – қызығушылықпен, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң келеді. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін,қызығушылығын танып, ойға салып сараптау қажет. Мына өмірде мамандықтың сан мыңдаған түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, жан жақты, шығармашыл, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, пайдалы үлес қосатындай болуы тиіс. Өз ісіне сенімді, дұрыс бағыт таңдаған адам ғана жетістікке жетіп, жемісің көреді. Осыған дәлел аса құрметті Абай атамыз былай айтыпты: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден өз орнын қателеспей тапқан жөн. Мамандық таңдау деген өзің айналысқын келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Адам үшін мамандық таңдау – өмірдегі ең үлкен қадам болып табылады. Алғашқы мамандыққа бастау қадамым Алматы қаласындағы тарихы терең, киелі шаңырақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастап, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын үздік тәмамдап, мектепке дейінгі ұйым мекемесіне тәрбиеші болып орналастым. Бұл оқу орны талай жылдан бері қаншама түлектерін, сапалы біліммен қаруландырып, қадірлі ұстаз еткен киелі орын. Әрбір оқу орнының негізгі тірегі- ұстаз қауымы болып келеді. Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Бала-балғын тал, ұстаз-бағбан» деп айтпақшы, мен осы дара жолды өз еркіммен таңдадым. Яғни, мен енді өсіп келе жатқан жас шыбықтың майыспай, түзу өсіп-өніп, жеміс беруі үшін ерінбей еңбек ететін боламын.

Әр мамандықтың өз қиындығымен қоса қызығы да қатар жүреді. Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты, жауапты, сондай-ақ аса шыдамдылықты, ұқыптылықты талап етеді. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, еркелеп жылаған сәттері, қырсығып тыңдамаған күндері, сыңғырлаған күлкілері, сұрақ жаудырған кездері, сұрақ қойсам былдырлап айтқан жауаптары бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Күнде таңертең жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас балақайлардың сүйкімді де, әдемі, тәртіпті де, ақылдылығын көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен кез келген нәрсені білуге құштар екендігі, өскенде болашақ кім болатынын да сұраулы жүздерінен байқаймын. Осы бір балалар әлеміне кірсең, ешқашан басқа бағытқа кете алмайсың деп ойлаймын.Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мен «Апай!»- деп алдыма келгені қуанышқа бөлейді. Балабақшаға кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, тек балалардың тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын, солардың қауіпсіздіктеріне бар зейініммен аса назар аударамын. Балабақшада тынымсыз, өте ерке балаларда болады, әрбір үйдің тәтті бұзықтары өздерінің қылықтарымен баурап алады. Алдымызға келген бүлдіршіндер — біреудің маңдай алды жарығы, тұңғышы, кенжесі, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны мен тәтті бұзығы. Әр үйдің еркелерін бір жолға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен тәжірибе. Тап-таза ақ парақ бетіне жазу жазғандай баланың кіршіксіз жан дүниесіне алғашқы адамгершілік тәрбиесін, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің жауапкершілігінде.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен жетістік . Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, былдырлап келіп, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, жақын құшақтап, өз ойларың айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін.

Тәрбиешінің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы. Дара жолымның бастапқы сатысында алғашқы ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізіп, өткізген ашық оқу қызметтерім туралы жақсы пікірлер айтылуы, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты мен Абай атындағы ҚазҰПУ жас мамандардың педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған IY Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының І дәрежелі диплом мен төс белгісін иемденуім-менің осы алғашқы жетістіктерім деп білемін. Осындай жетістіктерге біртіндеп жете отырып, мамандығымның биік шыңына көтеріле берсем деген арманым бар. Менің балабақшада жұмыс жасағаныма бір жыл толды, жұмыс болған соң арасында шаршаңқы күндерде болады, бірақ жұмыстан ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, тәжірибем,бақытты кездерім деп айта аламын.

Тәрбиеші деген ұғымның мағынасына терең үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінікті. Адамның жаны мен тәні әрқашан тәрбиеге мұқтаж. Балабақшада дұрыс тәлім - тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның жемісі ретінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем көптік етпейді.Себебі болашақ заңгерлерді – адалдық пен шыңшылдыққа үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке, асқан төзімділікке, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Біз тәрбиешілер қандай болсақ, балалар біздің айнамыз. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – жауапкершілікті қатаң талап ететін жұмыс. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды және құрметтейді.

Қорыта келгенде менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан да мен мамандығымды мақтан тұтамын және болашақта дамуына үлес қосамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!