Материалдар / Менің мамаңдығым мұғалім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мамаңдығым мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2020
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің мамаңдығым мұғалім

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Қ.Аманжолов селосы

Ақбай-Қызылбай ауылы

Кабиева Сайрангуль Амангельдиновна


«Көпшілік мұғалімнің ойлауы бойынша жеке тұлғаның

қарқынды дамуы сабақта деп ойласа,

оның қарқынды дамуы ортадағы қарым

қатынасы,сабақта,ойын арқылы болады »

В.А.Сухомлинский.

Кім болу? Бұл сұрақ ерте ме кеш пе,әрбір жас адамның алдынан өтеді. Әрбір адам өзінің жолын буырқанған уақыт арасында іздейді. Біз достарымызды, мамандығымызды арман арқылы бір жетістікке жетеміз деп таңдаймыз.Өзіндік жігерді қалаймыз.Осы жолдық жіптердің айқасуының қорытындысы –адамның өмірлік жолы.

Бұл жол өте қызықты және қуанышты-ол тыныш үйінен басқа бір әлемге , буырқанған теңіз толқыны сияқты, баллаар дауысы толы шуына әкеледі.

Менің мамандығым –мұғалім.

Ұстаз жұмысы туралы айту қиын, әрі оңай.Бұл негізінен жоспарлар, тоқсандық қорытынды,дәптер тексеру және күнделікті сабаққа үйде дайындалу.Бір жағынан:мұғалім-бұл шығармашылық кездесулер,үлкен және кіші қызықты істер, жобалар,күн сайын балалармен кездесіп сұхбаттасу -бұл өте тамаша.

Мен де бала болдым,менің қиялымдағы мұғалімді сипаттап елестететінмін.

Алдымдағы мұғалім қайырымды, түсігі мол, ақылды болып көрінсе екен, мені ол жақсы көрсе екен,менің кішкене болса да жетістігімді бағаласа, сыйласа екен деп ойлайтынмын.

Ал қазіргі балалардың арманында не өзгерді? Бұл қызық естілсе де, қазіргі балалар да соны армандайды. Ұстаздың құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің  өміріңе бағыт берген, кәсібімді  үйреткен, тіршілігіме  нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын

«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан  мұғалімдік мамандықты таңдап,  Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 5 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен мектепте жоғарғы сыныптарға  дәріс бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болдым.

Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Ұстаздық қызметте, шәкірт­термен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық-комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Мектеп қоғамдағы өзгерістен сырт қалмайды.Балаларды оқыта отырып, менің түсінгенім оқышыларды оқыту, тек ғана оларға білім нәрімен сусындату ғана емес,оларға болашақта өмірдегі өз орнын таба білуге үйрету.

Әрқашан махабббат оларды қйындықта жылытсын,білім оларды өмірлік жолын табуға көмектессін,адамдық қасиеттері жігерледіріп жеңуге жеткізсін.

    



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!