400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің мейірімді отбасым"Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасы мүшелерін,туысқандарын атай білуге үйрету.Сөздерді дұрыс анық айтуға жаттықтыру.Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету,ауызекі сөйлеуін дамыту.Отбасындағы өздерінің орны туралы түсінік беру, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, әдептілік ережелеріне баулу.Отбасы мүшелерін үш тілде меңгерту. Отбасындағы сыйластыққа баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М аңғыстау облысы,Қарақия ауданы,Мұнайшы ауылы «Еркемай» бөбекжайының жоғары санатты тәрбиешісі Капуова Гулшат Орынгалиевна

Білім беру саласы: Коммуникация

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің мейірімді отбасым»

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасы мүшелерін,туысқандарын атай білуге үйрету.Сөздерді дұрыс анық айтуға жаттықтыру.Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету,ауызекі сөйлеуін дамыту.Отбасындағы өздерінің орны туралы түсінік беру, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, әдептілік ережелеріне баулу.Отбасы мүшелерін үш тілде меңгерту. Отбасындағы сыйластыққа баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуді үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың отбасымен түскен фотосуреттері, үлестірмелі материалдар,тақырыпқа сай слайдтар, пиктограмма суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдер: мнемотехника, интервью (сұхбат),ойын әдістері.

Алдын ала жұмыс: отбасы туралы тақпақтар мен мақалдар жаттау,отбасы мүшелерін үш тілде жаттау.


-Балалар,қараңдаршы,бізге қонаққа апайлар келіпті,қане шаттық шеңберін құрып,келген қонақтармен амандасайықшы!

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар?!

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Шаттық шеңбері

Атам –дала қорғаным,

Әжем – асыл ардағым.

Мен бақытты ұланмын,

Бәрі маған қуансын!

Әкем – өмір тірегім,

Анам –күнім, жүрегім.

Мен бақытты ұланмын,

Бәрі маған қуансын!

-Жарайсыңдар,балалар,енді орнымызға жайғасайық.

-Балалар,айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн жылына бастайды,адамдар жеңіл киімдерін киеді,құстар жылы жаққа ұшып келеді,ағаштар бүршік жарып,жапырақ жаяды,жеміс ағаштары гүлдейді,жер көгеріп,табиғат тамаша болады.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар: наурыз,сәуір,мамыр.

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Мамыр айы.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар,өте тамаша!

-Қане,балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!
 
Жұмбақ:
Маған да,саған да,
Жақын,туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар,олар,кім?
-Отбасы.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,апа,сіңілі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді,сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбын - «Менің мейірімді отбасым»деп атап отырмын.Олай болса балалар,бәріміз экранға назар аударайық.

Слайдпен жұмыс.(Экранға назар аударады.)

-Бұл суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Ата,әже,әке,ана,аға,апа,қарындас,іні,сіңілі.
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол,бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.Отбасы дегеніміз - бір үйде тұратын,бізге ең жақын адамдар.Олар - ата,әже,әке,ана,аға,апа,қарындас,іні,сіңілі бір отбасында тұрады.Отбасы-әр адамның шағын отаны.Олар өз отбасында өсіп-өніп, тәрбие алады.Біз кішкентайымыздан өзгелерге қамқор болуды,ата-ананы,үлкендерді сыйлауды,кішілерге құрмет көрсетуді,оларды жақсы көруді отбасынан үйренеміз.Бізге ең жақын,ең қымбат жандар отбасында,яғни бірге жанымызда болады.Олар бізге тек жақсылық тілеп отырады.Олар қуанса сендерде қуануларың керек.Ата-аналарың,жақын адамдарың,бауырларың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды.Сондықтан да сендер ата-аналарыңның үмітін ақтап,адамгершілігі мол,саналы,ақылды азамат пен азаматшалар болып өсулерің керек.
-Балалар,Отан-отбасынан басталады.Үлкен Отанымыз - Қазақстан болса,кіші Отанымыз қалай аталады?

-Отбасы деп аталады.
«Ғажайып сәт»
-Балалар,бүгінгі оқу қызметіміздің қонағы - «Балапан» телеарнасының кейіпкері – Білімпаз ата.Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр. Қане,экранға назар аударайық!
Білімпаз ата:
-Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым - Білімпаз ата! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім.Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар,
«Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар! 

Тәрбиеші:

-Білімпаз ата,біздің балалардың сізге айтар отбасы туралы тақпақтары бар екен,алдымен соны тамашалаңыз!

Дәулет:

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Медина:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған. 

Жасмин:

Мой отец родной – әке,
Мама милая – ана.
Моя бабушка – әже,
Добрый дедушка – ата.

Нұрисаби:

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Зарина:

Атам айтса «ұлым» деп,

Әжем айтар «күнім» деп.

Екеуіне қаймығып,

Айтады әкем «інім» деп.

І – тапсырма

-Отбасы мүшелері деген кімдер және оларды кім жеке-жеке үш тілде атап береді?

(Слайдтан жеке-жеке сурет шығады.)

Нұрисаби:

-Ата,дедушка,грәндфазе.

Әже,бабушка,грәндмазэ.

Айзере:

-Әке, папа, фазэ.

Ана, мама,мазэ.

Ақниет:

-Аға,брат, бразэ.

Апа, сестра, систэ.

Бала, ребёнок,бэйби.

-Жарайсыңдар,балалар,өте жақсы!

ІІ – тапсырма

«Менің отбасым» фотосуретпен әңгіме.

-Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.
- Бұл фотосуретте кімнің отбасы?
- Бұл – менің отбасым.
- Мынау кім?
- Мынау – менің анам.
- Анаңның аты кім?
- Оның аты –
Марал.
- Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?
- Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.
-
Қандай керемет! Рақмет! - деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.

(Ақниет,Қуаныш,Айзере өз отбасылары туралы әңгімелейді.)

ІІІ – тапсырма

Отбасы туралы мақал-мәтелдер айту.

-Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
Қуаныш: Отан - отбасынан басталады.

Отбасы – шағын мемлекет.
Айбат: Ата – бәйтерек.
Балалы үй – базар.
Сүлеймен: Ағасы бардың – жағасы бар, 
Інісі бардың – тынысы бар.

Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Айзере: Ата – анаңды құрметте,
Үлкендерді құрметте!

Ана – бұлақ,

Әке – асқар тау,
Бала – жапырақ.

Сергіту сәті.
(Экраннан бейне сергіту жаттығуы жіберіледі.)

ІV – тапсырма

Келесі тапсырма: «Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс.

-Балалар,сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?
Экраннан суреттер көрсетіледі. Балалар берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрайды: 
Анам тамақ пісіреді. 
Әкем кітап оқиды. 
Атам теледидар көреді. 
Ағам доп ойнайды. 
Інім текшемен ойнайды. 
Апам сабақ оқиды.

V – тапсырма

«Күн сәулесін құрастыр» дидактикалық ойыны.
-Балалар,сендердің алдарыңда пішіндер жатыр.Бұл қандай пішіндер?
-Қандай түсті пішіндер?
-Осы пішіндерден күн сәулесін құрастырып жапсырайықшы.
-Енді жапсырған күн сәулесін өздеріңнің отбасына сыйлайсыңдар.
-Осындай жарқыраған күн сәулесі отбасымызда ешқашан сөнбесін деп біз «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтып берейікші.
Шеңбер бойында тұрып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.

Білімпаз ата:

- Жарайсыңдар, балапандар! Мен сендердің білімдеріңе риза болып тұрмын. Барлығың да «Білімді балапан» атағына лайықсыңдар. Мен басқа да бүлдіршіндерге баруым керек. Келесі де кездескенше, сау болыңдар!

-Сізге көп рақмет, Білімпаз ата, сау болыңыз!

Қорытындылау.
-Балалар,бүгінгі оқу қызметімізде кімдер туралы айттық?
- Не үйрендік?
- Сендерге ашық оқу қызметіміз ұнады ма?

- Отбасы деген сөзді қалай түсінеміз?

- Отбасы мүшелерін атап беріңдерші?
- Бізге қонаққа кім келді,экраннан кімді көрдік?

- Білімпаз ата бізге қандай тапсырмалар берді?
- Отбасы мүшелерін неше тілде айтып үйрендік?

- Кімдердің отбасының фотосуреттерімен таныстық?

- Қандай мақал-мәтелдерді айтып үйрендік?

-Қане айтыңдаршы,кім қалай,не істеп отбасына көмектеседі?

-Қандай пішіндерден нені құрастырдық?

-Балалар,сендерге үлкен рақмет! Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Сендерді Білімпаз атаның дайындаған «Білімді балапан» атты медалімен марапаттаймын.Медальдарыңыз құтты болсын! Осылай ақылды,білімді,зерек бала болып өсе беріңіздер!


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Отбасы мүшелерін үш тілде атап береді.Олар жайында тақпақ, мақал-мәтел айтады,отбасы фотосуреттерін еркін әңгімелейді.
Қандай түсініктерді игерді: Үлкендерді сыйлау керектігін, бірін-бірі тыңдау, қадірлеу керектігін.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Берілген пішіндерден күн сәулесін құрап,жапсыруды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі