400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз мектебіме 60 жыл толғалы отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мектебім


Адам өміріндегі ең бір қымбат, ұмытылмас шағы мектеп қабырғасындағы кезең. Әрбір адам өмірінен маңызды орын алатын мектеп –білім айдынындағы үлкен кеме.

Адуындаған ақын да, бұлбұл үнді әнші де, ел басқарған бастық та, жәй қой баққан шопан да осы мектеп қабырғасынан өткен.

Осындай алып кеме, қара шаңырақтың бірі жарты ғасырдан көбірек тарихы бар Жетібай кентіндегі №3 орта мектеп. Бұл мектептің ашылғағынына биылғы жылы 60 жыл толып отыр. Қара шаңырақтың қабырғасы 1959 жылы қаланған. Жетібай ауылында алғаш ашылған білім ордасы. Бұл шаңырақ 1975 жылы үш қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектеп қабырғасында жыл сайын 1000 нан аса шәкірт білім алады.Осы жылдар ішінде білім шаңырағы қазақ деген ұлтымыздың білімді ұрпағын дайындап шығаратын қасиетті қара шаңыраққа айналды.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген екен. Қазақ елінің тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда ұстаздың алар орны ерекше. Бүгінгі таңда мектебімізде білікті мамандар қатары толыққан. Сол мамандардан үлгі алып, осы мектепте жұмыс жасағаныма 5 жыл толды.

2014 жылы осы қара шаңыраққа жұмысқа орналастым. МАД тобына жетекшілік етіп келемін. Жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті талап ететін мамандықты таңдай отырып, осы қара шаңырақтың тірлігімен біте қайнап келемін. Жарты ғасырдан аса тарихы бар шаңырақта үйреніп шыңдала отырып, осындай білім ордасында шәкірт тәрбиелеуді мақтан тұтамын десем де болады.

Бүгінгі таңға дейін талай тұлғаларды тәрбиелеп, білім беріп шығарған білім ордасының өзіндік алар орны бар.

Шәкірттері жетістіктерге жетіп, әр түрлі сайыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді.

Болашақта да өзіндік тарихы бар қара шаңырақ еліміздің ертеңіне өз үлесін қоса білетін білімді де, білікті тұлғаларды тәрбиелеп, еліміздің дамуына өз үлесін қосарына сенімім мол. Мектебіме «Абыройың асқақтай берсін білім ордасы! » - дегім келеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі