400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің мектебім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге көмекші ретінде құрастырылды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сыныбы:

5 А В Д

Уақыты:

22.09-25.09.2017жыл

Мұғалімі:

Нұрышева Гүлсая Ыбрайқызы

Сабақ тақырыбы:

Менің мектебім.

Білімділік:

Қазақ тілінде нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудың алғышарттарын жасау.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінде түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың бойында әдептілік нормаларын қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты шағын ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мектеп өмірі туралы ақпарат береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып көлемінде сөйлемдерді құрау арқылы сөйлесімге түсіп, мектеп өмірі жайлы жан-жақты ақпарат береді.

Жаңа сөздер:

Қызғылт, күлгін, жабдықталған ,жиһаз.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,слайдтар ,тақырыпқа қатысты альбомдар,буклеттер, өз мектептерінің суреттері, үлестірмелі материалдар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Мектептегі заттар» блиц ойыны, «Дөңгелек үстел» ойыны, топтық жұмыс, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан »тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

I.Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мектеп өміріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды: - Балалар, сендер өз мектептерің жайлы не айтасыңдар ?

Сұрақтарға жауап береді.

II.Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталайды.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылумен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А)Айтылым.Жазылым. Оқулықтағы 1 - тапсырманы орындатады.

Айтылым.Жазылым.Суреттер бойынша әңгімелейді.

Ә) Жазылым. Дұрыс сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым.Сын есімдерді қолданып,шағын мәтін құрайды.

3. Тілдік бағдар. Сын есімді меңгертеді.

Сын есімді меңгереді.

4.Мәтінмен жұмыс.А) Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді мәнерлеп дұрыс оқуға машықтандыр үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді тыңдайды,оқиды.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру 4,5- тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, мәтінде сипатталған мектеп пен өз мектебін салыстырып айтады.

5.Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға «Мектеп заттар» блиц ойынын ойнатады.

Ойынның шарты бойынша сыныптағы бір затты таңдап, оны өіне не өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын айтуы қажет. Мысалы, мына төбедегі шам маған ұқсас, мен секілді жадырап, жарқырап тұрады.

6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. «Дөңгелек үстел» ойынын ұйымдастырады.

Жазылым. Топқа бөлінеді, бірінші оқушы қағаздың шетіне мұғалімнің «Не?» деген сұрағына басқаларға көрсетпей жауап жазады, жауап жазылған қағазды келесі оқушыға береді, екінші оқушы да «Қандай?» деген сұраққа жауап жазып, келесі оқушыға береді. Осы ретпен қайталанып отырады. Соңында қағазда құрастырылған сөйлем оқылады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 8- тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

III.Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9- тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сурет бойынша мәтін құрайды.

IV.Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өз мектебінің ережесін құрастырады.

V.Бағалау

Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер » техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI.Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6- тапсырманы орындау.


VII.Рефлексия

Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі