400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мектебім цифрландыру кезеңінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық білім орындарына керек, қазіргі өзекті жағдай білім саласын цифрландыру, сол үшін берері мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы

Алматы қаласы


Дайындаған: Насырқан Аружан Мұратқызы

8 в сынып оқушысы


Жетекшісі: Асылова Майра Байдахметовна



Менің мектебім цифрландыру кезеңінде


Менің өзім білім алып жатқан Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы «Білім саласын цифрландыру» бойынша барлық шараларды іске асыруда.

«Цифрлық білім беру ресурстары мектеп тәжірибесінде» атты семинар өткізді. Мақсаты: «Цифрлық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» болды. Мектепте өткізілген осы шара қолдауын тауып, сұранысқа ие болып, көпшіліктің сұрауы бойынша аудандық, республикалық деңгейде өткізілді. Мектебіміз үшін бұл үлкен жетістік деп білемін.



«Электронды кітапхана» туралы.



Менің мектебімдегі электронды кітапхана

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы


Біз QR – код арқылы кітапханаға кезексіз кіреміз. Қалаған кітабымызды онлайн оқи аламыз.


«Педагог мәртебесі: бүгіні мен келешегі» республикалық онлайн режиміндегі педагогикалық кеңестің бағдарламасы жасалды, кеңес өткізілді.

Республикалық фасилитациялық сессияның бағдарламасы 2019 жылдың ақпан айына құрылды. Ең басты назар аударылатыны: «Цифрлық білім беру ресурстары» атты көрменің болатындығы. Мектебімізде жаңашылдыққа тура жол бастар осындай маңызды шаралар жиі болып тұрады.


Цифрлық жүйеге көшумен байланысты IT мамандарына деген сұранысты арттыруда елбасы тапсырмасына байланысты Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы А Ғабитханов информатика пәніне ден қойып, ғылыми жобалар әзірлеп, ADULT ДИСК бағдарламасын пайдалана отырып, мектептің сыртқы архитектурасының макетін жасап шыққан. Ендігі мақсаты ішкі бөлікті жасап шығу болып отыр.

Өткен жылы АҚШ – та өткен халықаралық байқауда 11- сынып оқушысы Ажар Сұлтанова өз жобасымен қатысып, SOS қосымшасын ойлап тауып, халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алған. Бұл қосымшаны пайдалана отырып, Ұялы телефон арқылы балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын көрсеткен.

Үздік білім беру шаңырағында цифрландыру бойынша тағы бір шара болып өтті: 70 –ке жуық ұстаздар семинарлар мен ашық сабақтарға қатысты. Үш тілде өткізілген семинарлар ұстаздарға мол тәжірибе бере алды.


Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының Цифрлық жүйеге көшумен байланысты шаралары Жетісу ақпараттық-танымдық, отбасылық телеарна жаңалықтарында айтылды.


Осындай цифрлық білім беру саласын толықтай меңгеріп келе жатқан мектепте білім алып жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін.

Мектептерде цифрлық білім беру ортасын дұрыс қалыптастыру білім беру процесін жаңғыртуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, білім беру сапасын басқару процесін автоматтандырады, педагогикалық тәжірибеге электрондық оқыту технологиясын, аралас оқыту моделін енгізуге көмектеседі, оқушылардың бойында цифрлық әлемде оқыту дағдыларын қалыптастырады, өзінің болашақ мамандығы үшін цифрлық жобалар жасай алуға үйретеді.

Сол себептен барлық мектептерде цифрлық ресурстарды құралдарды тиімді пайдалануды үйрену керек: ол үшін цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Білім саласын цифрландыруға деген кедергілерді жою керек: интернет желісін орталықтандыру және бірыңғай мобильді білім беру шешімдерін дер кезінде шығару қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 сәуір
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі