400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№5 ҰОҚ. Тақырыбы:Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын.

Мектеп /МҰ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:


Оқыту мақсаттары

0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.


Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:


-заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады.


Көптеген тəрбиеленушілер:


-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады.


Кейбір тəрбиеленушілер:


-салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады.


Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-көбірек, азырақ, сонша, кеңірек, биігірек, жіңішкерек.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

–Заттарды көлемінің артуына қарай қалай бөлу керек екенін түсіндір.

–Қалай ойлайсың, қандай жағдайда салыстырудың қандай тəсілдерін пайдаланған қолайлырақ?

–Заттардың көлемдерін салыстыру нəтижелерін сипаттау үшін қандай көмекші сөздер пайдаланылады?

Жазу:

Торкөздер бойынша салынған үзік сызықтарды бастырып жазу.


Алдыңғы білім

Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог тəрбиеленушілерден қаншаға дейін санай білетіндерін сұрайды. Олар жауап береді.

Өзектендіру.

Педагог суреттегі заттарды санауды немесе ең үлкен, ең ұзын, ең қысқа затты таңдауды ұсынады.


Ортасы

6–15минут

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) ҰОҚ-де балалар заттарды көлемі бойынша салыстырады. Педагог балалардан: «Үлкен затты кішкентай заттан ажырата аласыңдар ма?» – деп сұрайды. Егер балаларға «биік – аласа», «кішкентай – үлкен», «кең – тар», «ұзын – қысқа» деген ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырыссаңыз, олар сізді тыңдамайды.

Жаңалық ашу.

(Ж) Балалардың қандай заттарды кішкентай, ал қандай заттарды үлкен деп атайтынын түсінуі үшін педагог оларға мысалдар келтіреді. Мысалы, текшелерден мұнара салуды сұрайды. Оның жанына көлемі кішірек тағы бір мұнара салуды ұсынады. Педагог балалардан қайсысы үлкен, ал қайсысы кішкентай екенін көрсетуді сұрайды. Əдетте, мектепке дейінгі жастағы балаларда жауап беруге қиындық тумайды.

Осы ұғымның қалыптасуын бекіту үшін педагог балалардан ермексаздан кішкентай жəне үлкен шар жəне т.б жасауды сұрайды.

Педагог балаларға салыстыру тəсілдерінің ішінен ең тиімді тəсілді таңдауды ұсынады: көзбен салыстыру, беттестіру, ауыстыру, өзара бірыңғай сəйкестік.

Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмыс ұйымдастыруға болады. Педагог (ал одан кейін балалар) геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему) орналастырады.

Балалар əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Оларға ең үлкен жəне ең кішкентай саптаяқтарды таңдап, салыстыру ұсынылады. Орындықтардың, қораптардың көлемі бірдей ме? Ең үлкен сыйлықты көрсетіңдер?

Келесі 2-тапсырмада балалар торттың өлшемі бойынша бір тіліміне сəйкес ыдыстарды таңдайды. Балалар бірыңғай сəйкестік амалын пайдаланып, алдымен ең үлкен жəне ең кішкентай көлемдегі жұпты таңдайды, содан кейін аралық сəйкестіктерді іріктейді.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

Əліппе-дəптер. Үлестірмелі материалдар.

№41-43 кесте

















№1-3

электрондық жиынтық полотно.

16–25

Жаңаны қолдану.

Əліппе-дəптер.


(Ж) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырма саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.

(Ұ) Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмысты жалғастыруға болады. Балалар геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему, салыстыру) орналастырады.

Əліппе-дəптердегі 4-тапсырмада қораптарды үлкенінен бастап кішкентайына қарай қойып шығу керек. Балалар үлкенінен кішкентайына дейін қораптардың суреті бар жапсырмаларды жапсырады. Педагог оларға салыстыру- дың неғұрлым тиімді тəсілін таңдауды ұсынады.

Электрондық жиынтық полотно (№1-3).

Рефлексия

26–30

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
854
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі