Материалдар / Менің мысығым ақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мысығым ақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде.2 сыныпқа жаңа форматта қысқа мерзімді жоспар жасақталған.Жоспарда:айтылым,жазылым,оқылым,тыңдалым дағдылары қамтылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1720
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Менің мысығым ақ.

Білімділік:

Тақырыпқа қатысты мәтінді оқып,постер жасап,оны қорғай алады.Сурет бойынша диалог құрастырады.


Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында берілген әріптерден сөздер құрайды.Сөздерді ажыратып,тыныс белгісін қойып жазуға дағдыланады.


Тәрбиелік:

Шағын мәтіндер арқылы оқушыларды жануарларға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мысығы жайлы ақпарат бере алады

Жетістік критерийлері:

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы ақпарат бере алады, қазақ тілінде мысығы туралы айта алады.

Жетістік критерийлері:

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыптың мазмұны бойынша жаңа атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады, тақырып аясында тілдік

қарым-қатынас құра алады.

Жаңа сөздер:

Қалай? Мұрт, тырнақ, тырнайды.

Сабақта қолданылатын

материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үй жануарларының суреттері, үнтаспа, парақшалар, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ- жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Аквариум» тәсілі, кластер,«Бағдаршам» тәсілі, смайликтер, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық

ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады,сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне»

тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-

біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер

айтады.

Өткен сабақты

тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын-

ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты

ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақ оқу:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. Ол қандай үй жануары? Мысық.Дұрыс айтасыңдар.Ол болса,бүгінгі сабағымыз кім туралы екен?1,2,3 санау арқылы оқушыларды топтастыру.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.Қалай-как,мұрт-усы,тырнақ-ногти,тырнайды-царапать.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа

сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.


ІІ. Мағынаны тану

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға

жаттығады, қайталайды.


ІІ. Мағынаны тану

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Тыңдалымға арналған мәтінді оқып,түсінгенің постерге салып,топтық жұмысты қорғайды.І-топ- Менің мысығым бар. Оның аты-Мурка. Ол ойнайды, көп ұйықтайды. Мурка әдемі мысық.ІІ-топ.Мынау менің мысығым.Оның түсі-қара.Ол сүтті жақсы көреді,тышқанды аулайды.ІІІ-топ.Әлидің мысығы үлкен.Оның тырнағы өткір,мұрты

бар,түсі ақ.Әлимен ойнайды.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият

оқиды,сол бойынша топпен жұмыстанады.

.


ІІ. Мағынаны тану

Сурет бойынша диалог құрады.Әр топтан 2 оқушыдан шығып,диалог құрайды.

Слайдтағы мысық,қозы,лақ суреттерімен диалог құрады.


ІІ. Мағынаны тану

Жазу дәптері 3-жаттығу,42 бет.Сөзжұмбақты шешкізу,сөздерді жазғызу.Ата,құлақ,қошақан,ұзын,мысық,ана,құлыншақ-7 сөз шығарады.

Жазу дәптерлеріне орындайды.


ІІ. Мағынаны тану

Жазу дәптері 4-жаттығу,42 бет.

Жазу дәптерлеріне орындайды.Қарақаттың күшігі,мысығы бар.Күшігінің аты-Ақтөс.Оның күшігі ақылды,кішкентай.


IV. Бекіту

А) Жазу дәптерімен жұмыс.

Жазу дәптерінде берілген тапсырма-

ларды орындайды.


IV. Бекіту

Мысық қандай жануар?

Мысық-ақылды үй жануары.Мұрты,құйрығы,тырнағы бар.Сүтпен тамақтанады.Тышқан аулайды.Ойнағыш.


V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Бағдаршам» тәсілі бойынша

бағаланады.


VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.

Тақпақты жаттау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

смайликтер арқылы көрсетеді.





Избасарова Камшат Джумахметовна

БҚО,Бөкейордасы ауданы,Сайқын ауылы

М.Мәметова атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байланыс тел:8-705-521-17-68

Элек.пошта:Kamshat_1981@bk.ru

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!