400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ойыншықтарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Менің ойыншықтарым" тақырыбына, кіші топ балабақша. Шаттық шеңбері, Кіріктірілген саласы: Қатынас, шығармашылық, жаратылыстану,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген ашық оқу іс-әрекетінің жоспары

Күні 12.10.2021жыл

Кіріктірілген саласы: Қатынас, шығармашылық,жаратылыстану.

Тобы: «Аяла» тобы

Тәрбиеші: Маханова С. К.

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»

Мақсаттары:

1.Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан  түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға  үйрету .

2.Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік  қорларын  дамыту .

3.Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.

Келген қонақтармен сәлемдесеміз.

Үлкенге де, сіз.

Кішіге де , сіз.

Баршаңызға құрметпен.

Бас иеміз біз.

Шаттық     шеңберін жасатамын:

Күн,күн, алтын күн

Жарқыраған жарқын күн

Арайланып таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Тақпақ айтамыз.
Біз      ұқыпты     баламыз ,
Айтқан   тілді       аламыз.    
Ойыншықтарды   жинаймыз,    
Үлкендерді    сыйлаймыз.  

 Сұрақ - жауап:Балалардың назарын тақтаға аудару.

Тақтадағы суреттерді көрсетемін.  

-Ойыншық деген не, ойыншықтармен не істейді, олар кімдерге арналған?    
-Қандай   ойыншықтарың    бар?                          

-Қандай   ойыншықты  жақсы   көресіңдер?
-Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек? 

-Ойыншықпен қалай ойнаймыз? 

Бейне көрініс көрсету:  

«Ойыншықтар қайда және қалай жасалады?» (адамның қолымен, завод, фабрикаларда және жасалатын ойыншықтар жайлы бейне көрініс)

Балалар  ойыншықтарды  жасалуына  байланысты бірнеше  түрге   бөледі. 
1.  Матадан  жасалған ойыншықтар.
2.  Пластмассадан жасалған ойыншықтар.
3. Рәзенкден жасалған  ойыншықтар.

4. Ағаштан жасалған ойыншықтар.

5. Темірден жасалған ойыншықтар.

Жұмбақ жасырамын:

1.    Аяғы  бар,  жүрмейді,
Аузы   бар, күлмейді.
Айнымайды  бөпемнен,
Тек   сөйлеуді   білмейді.  (қуыршақ ) 
2.    Суға   салсаң    батпайды,
Түскен   жерге  жатпайды.  ( доп)  

Д/о:  «Аттарын ата» ойнатамын.    
Ойынның шарты: Суреттердегі ойыншықтардың аттарын атап беру неден жасалғаның және қатты ма жұмсақ па ?.

Сергіту сәтін жасатамын:

Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап журемін.

Сұрақ-жауап:

- Қыз  балалар  қандай  ойыншықпен  ойнайды?

-Қуыршақ, ыдыс-аяқпен ойнайды.. 
- Ұлдар қандай ойыншықпен   ойнайды?

-Машина , доп,жануарлармен ойнайды.

« Аюдын апаны» ойының ойнатамын.

Мақсаты ептілікке, шапшан болуға баулу.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Д/о: «Ойыншықтарды сөреге жинаймыз»

Мақсаты ұқыптылыққа тиянақтылыққа баулу.

Аюдың шашылған ойыншықтарын жинауға көмектесеміз.

Балалар бүгінгі сабағымызға өте жақсы қатыстындар ақылды, тәртіпті бола білдіндер .

Рахмет сендерге енді осы ойыншықтармен ойнайсындар.

Балалар енді бүгінгі келген қонақтарға рахмет айтайық

Кішіге де сіз

Үлкенге де сіз

Баршаңызға біз

Сау болыныздар дейміз.

Біз не білдік?

Ойыншықтарды арнайы заводта, фабрикада жасайды, қолмен де жасауға болады.

Ойыншықтар табиғи заттардан жасалады (ағаш, мата, пластмас, рәзеңке,темір)

Ойыншықты ұқыпты ұстау керек, өйткені ойыншық жасау үшін табиғи заттар жұмсалады, көп адам еңбек етеді.

Өте жақсы балалар біз бүгін сабаққа жақсы қатыстық ойыншықтармен ойнау ережесімен танысып білдік, ия, оларға қамқор болуға шашпай ,сындырмай, ойнауды үйрендік.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі