Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Ойыншықтарым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған сабақ конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні , айы, жылы:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Менің ойыншықтарым (өлең)

Мақсаты:       

     Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алынып көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану.
Көрнекіліктері: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру , сұрақ – жауаптар , әңгімелеу.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңбері.
Кішіге де сіз,
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлем күн - анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан бүгін Күн!


Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Іздену ұйымдастырушы

Көбелек гүлге қонады» ойыны
Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Жаз мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?
4 Сүйікті ойыншығың қандай?
Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит т. б
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?

- Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтамыз!
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
-Балалар бүгін біз ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» деген өлеңімен танысамыз.

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың құлыншақ.

Сергіту сәті

Добым,добым,домалақ

Тоқтамайсың домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелкені сындырдың

Тентек болып кеттің деп

Тұрмын сені тепкім кеп.

Д/ойын: «Сүйікті ойыншығыңды ата»

Ойынға қуана кіріседі





-Жаз мезгілі

- Үш ай бар











  • Ойыншықтардың

























-Иә білеміз.





Балалар өлеңді қайталап жаттайды.




Балалар қимылмен көрсетеді

Рефлексті коррекциялаушы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылайды.

Мақтау мадақтау

Балалардың жауаптары..


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ойыншық түрлерін біледі

Болу керек: ойыншықтардың неден жасалғанын түсінеді

Игереді: бір-біріне көмек беріп, ренжіспей, сыйлау керек екендігін.

Тәрбиеші: Клычева С.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12