400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің өлкемнің ауылшаруашылығы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып Дүниетану пәнінен ашық сабақ Арнайы топ оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп

Пәні:

Дүниетану

Бөлім:

Қоршаған ортаны қорғау

Педагогтің аты-жөні:

Г.Мергенбаева

Күні:

18.02.2025

Арнайы топ: 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Тақырыбы

22. Менің өлкемнің ауылшаруашылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау

Сабақтың мақсаты

Ауылшаруашылығының салалары туралы біледі.

Өз өлкесінің ауылшаруашылығын сипаттауды үйренеді.

Құндылықтар:

Ақпан айы: Жасампаздық пен жаңашылдық айы

Сабақ құндылығы: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;

Өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;

Өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.

Апта дәйексөзі: Өнерлі бала – өрге жүзер

Балалар кітапханасы:

Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


I. Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.


Балалар кітапханасы

-Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді. А.Байтұрсынұлы

-Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге. А.Құнанбаев

-Дүние де, малда өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз. А.Құнанбаев

Өлең жолдарын айтады.






Бүгінгі күнге мотивация болатын нақыл сөздерді оқиды.


Жарайсыңдар!






Тамаша!









Нақыл сөздер


3 минут










Алдыңғы білімді еске түсіру

«Wordwall» платформасындағы «Суретті таңда» әдісі

1. "Жасанды орта" дегеніміз не?

2. Жасанды ортадан қандай қауіп-қатер төнуі мүмкін?

3.Бағдаршамның қандай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?

4.Көлікте отырған жолаушы қандай ережелерді білуі керек?

5.Үйіңнің айналасында қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

6.Жаяу жүргіншінің сақтайтын ережелері қандай?

7.Сен велосипедшісің, қандай ережелерді білуің керек?

8.Жол белгілері не үшін қажет?

9.«QR» код арқылы жаңа бөлімнің атауын білу



Платформада берілген суреттерді таңдап, оның ішінде берілген сұраққа жауап береді.








Жаңа бөлімнің атауын біледі


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді. 1б

Ережелерді еске түсіреді. 1 б


ҚБ: бағдаршам түсімен бағалау



«Wordwall» платформасы












«QR» код

Жаңа сабақ

10 мин










































Сабақтың ортасы

15минут


































Бекіту

10 мин




Жасанды интеллект көмекші арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Тақырыбы: Менің өлкемдегі ауылшаруашылығы

Мақсаты: ауылшаруашылығының салалары туралы білесің; Өз өлкеңнің ауылшаруашылығын сипаттауды үйренесің.


(ҰЖ) «Ой қозғау» әдісі

Адам не себепті тамақсыз өмір сүре алмайды? Себебін түсіндір.

Біздің дастарқанымызға нан және басқа да тағамдар қайдан келеді? Оны қайдан алады?



Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықта берілген ақпаратты оқушыларға түсіндіру

Сызбаға қара. Ауылшаруашылығы қандай салаларға бөлінетінін айт. Әр саланың мамандары немен айналысатынын анықта.


Өлкеміздегі өсімдікшаруашылығымен айналысатын адам туралы бейнежазбаны көрсету


(ТЖ) «Постер құру»

Өздерің тұратын аймақтың табиғат жағдайы қандай шаруашылықпен айналысуға қолайлы? Оны білу үшін мына мәселелерді анықтаңдар:

-Жер жағдайының ерекшелігі;

-Ауа-райының қолайлығы;

-Су көздерінің алыс-жақындығы.






Нейрожаттығу жасау




(ЖЖ) «Жұптас, ойлан, талқыла» әдісі

Парталасыңмен мына сұрақтарды талқыла.

1-жұп: Фермер қандай шаруашылықпен айналысады?

Фермер болу үшін оның бойында қандай қабілеттер болуы керек?

2-жұп: Шаруашылықты жүргізу үшін фермер қандай техникаларды пайдаланады?

Мысалы, сен көгөніс өсіретін фермерсің. Картоп, қант қызылшасы, сәбізден мол өнім алсаң, оны сақтау үшін не істейсің?








(ӨЖ) «Wordwall» платформасындағы «Сәйкестендір» әдісі

Ауылшаруашылығы қандай салаларға бөлінетінін айтады. Өсімдіктерді, жануарларды салаларына қарай сәйкестендіреді.


Жасанды интеллект көмекші жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады


Адамның тамақсыз өмір сүре алмау себебін түсіндіреді.



Мұқият тыңдайды




















Бейнежазбаны көреді


Өздері тұратын аймақтың табиғат жағдайы, жер жағдайының ерекшелігі, ауа-райының қолайлығы, су көздерінің алыс-жақындығы және қандай шаруашылықпен айналысуға болатындығы туралы анықтайды.


Нейрожаттығу түрлерін жасайды




Парталасымен сұрақтарды талқылайды.















Тапсырманы орындайды


















Дескриптор:

1.Адамның тамақсыз өмір сүре алмау себебін түсіндіреді.1б

ҚБ: Жарайсыңдар!
























Дескриптор:

Өздері тұратын аймақтың табиғат жағдайы қандай шаруашылықпен айналысуға қолайлы екендігін анықтайды 1б

Жер жағдайының ерекшелігітуралы,

-Ауа-райының қолайлығы туралы,

-Су көздерінің алыс-жақындығы туралы мәлімет жинайды

ҚБ: Алмұртпен бағалау



Мадақтау





Дескриптор

1.. Фермер қандай шаруашылықпен айналысатынын айтады1б 2.Фермер болу үшін оның бойында қандай қабілеттер болуы керегін айтады 1б

3.Шаруашылықты жүргізу үшін фермерге қажетті заттарды атайды

ҚБ: сәбізбен бағалау

Дескриптор:

1.ауылшаруашылығы қандай салаларға бөлінетінін айтады. 1б

2.Өсімдіктерді, жануарларды салаларына қарай сәйкестендіреді.1б

ҚБ: қызанақпен бағалау




Жасанды интеллект көмекші




Адамның, тағам түрлерінің суреттері








Көрнекілік суреттер



















Бейнежазба



Жануарлар мен өсімдіктердің суреттері

А3 қағаз

Фломастер

Уикипедия



Дәнді дақылдар

Жағымды Музыка




Үлестірмелі қағаздар















«Wordwall» платформасы





Сабақтың соңы

5 минут



IV.Сабақты қорытындылау

1. Ұжымдық шаруашылықта адамдар қалай еңбек етті?

2. Фермер дегеніміз кім?

3. Фермер қандай шаруашылықпен айналысады?

4.Фермер болу үшін оның бойында қандай қабілеттер болуы керек?

5.Шаруашылықты жүргізу үшін фермер қандай техникаларды пайдаланады?

6.Ауылшаруашылығы салаларын ата.

7. Сен тұратын жерде ауылшаруашылығының қай саласы жақсы дамыған?

(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу):

-Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

-Жетістік критерийлеріне жеттік пе?

Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың?


Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқу

7-тапсырма. Өсімдікшаруашылығы бірнеше салаға бөлінетінін білесің. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, оның біреуіне сипаттама бер.


Оқушылардың білімін бағалау

Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі


Сұрақтарға жауап береді.

























Кері байланыс береді

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді. 1б

ҚБ: Жүзіммен бағалау

Кері байланыс :

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттік пе ?

Бүгінгі сабақта не үйрендің ?

Қорытынды бағалау .

ҚБ : 1-10 б жүйе Мадақтау сөздер

Жарайсыңдар

Баллдар жиынтығын қою





























Алма түрлері























Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп















Ашық сабақ

Дүниетану пәні

Тақырыбы: Менің өлкемнің ауылшаруашылығы















Пән мұғалімі: Г.Мергенбаева









2024 – 2025 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23.02.2025
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі