400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Менің өмірдегі бақытым"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың тілін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы



« Менің өмірдегі бақытым»

Алжанова Зоя Чапаевна «Бөбек бөбекжайы» МКҚК әдіскері

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауым балалармен жұмыс жасау, балалардың қуанышымен күлкісінен нәр алу. Ғұлама ұстаз Әл-Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер»- деген екен. «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз-өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарын жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп отыруда.

Біздің балабақшамызда мамандардың өз шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей формада жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіледі.

Біріншіден педагогтарымызды міндетті түрде біліктілікті арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.

Екіншіден педагогтарды көптеген Республикалық, облыстық семинарларға жіберіп тәжірибе алмасу жұмыстары.

Үшіншіден балабақшамызда ата-аналармен ынтымақтаста жұмыс жүргізу мақсатында «ашық есік» күндері, сонымен қатар «Жігіт сұлтаны», «Қош келдің, әз Наурыз!» «Әжелер сайысы», «Аналар сайысы», спорттық «Толағай сайысы» атты байқаулар, конкурстар, ертеңгіліктер дәстүрімізге айналдырып, балаларды қуанышқа бөлеу.

Төртіншіден инновациялық ізденіс, түрлі тақырыптарда тәжірибе алмасу мақсатында семинар кеңестер өткізіп отыру.

Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп, білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Әдіскердің яғни менің ұстанымын өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, барынша жан жақты ізденіп ақпараттар алып, балабақша тәжірибесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіріп ұсынамын.

Менің әдістемелік қызметімнің жетістігі өз педагогтарымның өзін-өзін тануға ықпал жасау. Әрбір педагог маман шеберлігін, шығармашылығын, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен мәртебе. Балабақша тәрбиешілері барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне барынша қызмет етуде. Ашылғанына бес жыл толады. Аз уақыт ішінде көптеген жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, әлі де талай тәжірибе жинап еңбектенеміз. Сөзімді қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Балалар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой-өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан-жақты ой-өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт — дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелесек нұр үстіне нұр болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі