400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің өмірдегі шынайы көшбасшым

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің шынайы көшбасшым

(эссе)

Жетістік - бұл бүкіл әлемде қалыптасқан стандартқа сай болмау.

Бұл үздіксіз даму және өз мақсаттарына жету үшін ұмтылыс.

Джон Вон Эйкем

Ұстаздық жолды таңдағаннан кейін, өз мақсатына жету үшін үздіксіз дамып отыру керек.Мен өзім бала кезімнен ұстаз болуды армандаған едім.Әлі күнге дейін мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, он бірінші сыныбымды аяқтатқан, одан кейін ұстаздық жолына дайындаған оқу орнымның оқытушыларының бейнесі мәңгі көз алдымда. Мен оларды жай ғана мұғалім емес, саналы да сапалы қазақ еліне аянбай еңбек ететін, ұрпақ қалыптастыра білген ұстаз деген атқа лайықты жандар есептеймін.

Осы орайда ұстаздық жолда және сыны мен сыбағасы көп өмірде жетістікке жету үшін , қолдап, қолпаштап отыратын шынайы көшбасшым ол-Анам.Ана дегенде тебіренбейтін жан, толғанбайтын жүрек жоқ шығар сірә.Менің анам беделді қызмет атқармаса да, мені адамгершілікке, адалдыққа, сауаттылыққа, біреудің ақысын жемеуге, қарапайымдылыққа, қиянат жасамауға жан-жақты болуға тәрбиеледі.Мен осы анама қарап өмірдің ғажайып сәттерін сезінудемін.Әр баланың қанаттырын қатайтып , осы өмірдегі өз орнын табуға көмек көрсетуші ұлы тұлға ол анаң. Мен анамның қиыншылыққа мойымай, әкем дүниеден озғаннан кейін,аяққа нық тұрып, тағдырдың сындарынан сүрінбей өткендігін, шыдамдылығын , өзгелерге қамқор болып, айнала қоршаған ортаға деген сыйлы қарым-қатынасын көзбен көріп, жүрегіммен сезініп өстім.Бүгінгі таңда осындай қасиеттерді бойыма бала кезден сіңіріп өскен мен кейбір жағдайларды ақылмен шешіп отыратынымды байқадым.Бұл әрине Анамның көшбасшылық қасиеттеріне қарап өскендігімнің белгісі.

Бірде менің жетістіктеріме қомағайлана масаттанып келгенімді көрген анам, үнсіз ұзақ ойланып оырып қалды. Содан соң қызым жетістікке жету жолында қарапайымдылықтың маңызы зор деді.Анамның осы сөзі мәңгі есімде жатталып қалды. Қандай жетістікке жетсем де қарапайым болуды мақсат тұттым.Бұл әрине анамның шынайы көшбасшы бола білуінің жемісі еді. Өз мақсаттарыма жету үшін үнемі ізденісте, үздіксіз дамуда болу керектігін ұстаным етіп алдым.Үздіксіз дамуда шабыт беретін жапырағын тереңге жайған, алып бәйтерегім ол-Анам! Анам туралы айтқанның үстіне айта түскім келеді. Ол менің жүрегім, менің тілекшім, тірегім, жанашырым , баға жетпес асыл қазынам.Жүрегімнен жарып шықпаса да анама арнап өлең жазғым келді.

Сен десе мейірімі алабөтен,

Ол әркез қамқоршың боп қалады екен.

Тұрғыны жеті миллиард жер бетінен,

Жанашыр жан таппайсың анаңа тең!

Менің осындай ана орнына ана, әке орнына әке болып, тағдырдың тар жолынан шыға білген анамның барына Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.

Міне менің қарапайым болса да, ауыз толтырып айтарлықтай өмірдегі нағыз шынайы көшбасшы анам бар.Қазақта «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» дейді - емес пе?!Мен анамды меккеге апармасам да, оны өз жетістіктерім мен қуантып, мәңгі қызмет ету өмірлік парызым деп білемін.



Автор: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сания Изимова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі