Материалдар / Менің өмірімдегі орным ерекше(психокоррекциялық жұмыс)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің өмірімдегі орным ерекше(психокоррекциялық жұмыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
«адам өмірінің құндылығы», «өмір сүрудің мәні мен мақсаттары» сияқты ұғымдарын және күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық қорғаныстын жеке тәсілдерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
984
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Менің өмірімдегі орным ерекше (психокоррекциялық жұмыс)


Тренинг мақсаты: тренинг барысында жасөспірімдердің өмір туралы көзқарастарын анықтай отырып, «адам өмірінің құндылығы», «өмір сүрудің мәні мен мақсаттары» сияқты ұғымдарын және күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық қорғаныстын жеке тәсілдерін қалыптастыру.


Тренинг барысы:

Сәлемдесу, топта жағымды психологиялық ахуал орнату.

  1. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.

(қатысушылар екі немесе үш топқа бөлінеді).

  1. Адам не үшін өмір сүреді?

  2. Өмірден өз орнын табу деген не?

  3. Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

  1. «Мен кіммін?» ойыны.

Әр адамның жеке басының ерекше қасиеті бар. Олар осынысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: «Менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме?...». Ойыншыға ақ парақ алып, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады.

1-қатарға «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 10 сөзді жазып жауап беріңіз.

2-қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз не деп жауап береді деп ойлайсыз, соны жазасыз.

3қатарға топ ішінен біреу жазады.Ол үшін жауап сұрақтары стол бетіне қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3-қатарды толтырады. Болған соң әркім өз парағын алады.

Талқылау

3 қатардың ішінде қайталанған сөз бар ма?

Бұл сөз нені білдіреді?

Өзіне деген қатынасы (жағымды және жағымсыз)

  1. «Менің тандауым» жаттығуы.

Шарты: оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.

  1. «Өмір» жаттығуы.

Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке жеке талдап беру. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат.

  1. «Өмірге эксперимент» жаттығуы

Шарты: банкаға тас, құм, бұршақ, су сыйғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай талдау. Мыс: банка-өмір, құм-ұсақ-түйек, бұршақ-кедергілер, су-өмірдің ағысы.



  1. Жаттығу «Мен саған сенемін»

Психолог: Екі-екіден жұпқа бөліңіздер. Бір-бірлеріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын, бірақ сіздер бір-бірлеріңізді танисыздар.

Енді рет-ретіңізбен мынадай сөдерді аяқтайсыздар. Мысалы: «Мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері боласыз», «Мен сенемін, маған алдағы уақытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз», «Мен сенемін, сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсың» және т.б.


  1. Болашақтан хат” әдістемесі.

Мақсаты: болашаққа үмітпен қарауға, армандауға, алдына мақсат қоя білу.

Орындалу барысы: Оқушыға бес жылдан кейінгі өмірін елестету ұсынылады. Сол елесін хатқа жазуы тиіс.

Көтеріп тұрып құлатады өмір.

Күлдіріп тұрып жылатады өмір.

Етегің толып еңіреген кезде,

Қайтадан өзі жұбатады өмір.

Өмір деген неткен керемет, далаға шықсаң күннің жарқырап тұрысы, әдемі желдің лебі келіп тұр, ағаштарда жапырақтардың ұшы қозғалып тұр. Тіптен құстардың, аралардың, жәндіктердің дауысының өзі жағымды естіледі. Әрбір күн осындай арайлап атқан таңды көру неткен бақыт сезім. Осындай бақытты сәтті сезінудің өзі бір ғанибет.

Олар қиналғанда сен оларға кішкене болсын қол ұшын беріп көмектессең сен өзіңді керекті адамдай сезінесің, сен қиналғанда олар да жаныңнан табылады. Айналайын сен жеке тұлғасың, сенің өз есімің бар. Сен өзіңнің отбасыңа, достарыңа керексің. Алдағы уақытта білікті бір маман болу, сүйікті ісіңмен айналысудың өзі бақыт.


  1. «Сілкін!» сергіту ойыны

Қай-қайсыңыз болса да, су-су болған иттің сілкінгенін көрген боларсыздар?!... Қасыңызда молынан орын болатындай тұрыңыз. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңызды да сілкіңіз. Иттің үстінен су шашырап кеткендей, сіздің де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселеріңіз ұшып кететінін елестетіңіз.


  1. Сабақтың рефлексиясы

Мен бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...


  1. «Шеңбер бойынша қол алысу»



Тақырыбы: Жасөспірімдер арасында суицицдтің мінез-құлықтың алдын алу. ( психорофилактикалық жұмыс)

Адамның дұрыс өмір сүруіне биологиялық және әлеуметтік факторлардың керісінше әсер етуінен көптеген күйзелістер салдары адамнын әрі қарай қажеттілігінен қол үзуіне себепші болады. Осындай адамзат дамуының өте маңызды кезеңінде оның өзін-өзі бағалай, өзіндік "Менін" тани білуі өте қажет. Өзіндік ерік-жігерге қабілетсіздік, өзіне және басқалар алдындағы ішкі жауапкершіліліктің әлсіздігі және т.б. Адамның кез-келген қажеттілігінің жүзеге асуы, ішкі тұлғалық және сыртқы жағдайға жанасады.

Суицид - алдын-ала өзін өмірден құрбан етуге ниет етіп бағытталған әрекет. Бірақ, өлім деген ұғымның өзі категория ретінде, өмірдің соңын білдіреді. Өлім мен өмір туралы ойлану ертегілер мен өмір оқиғаларымен байланысты болса да, мектеп жасына дейінгі балаларда мұндай тұрақты ниет жоқ

Кіші жасөспірімдік кезеңде өмір мен өлімнің шектелген ұғымы пайда болады, өлімге эмоционалды қатынасы дерексізденеді. Өз өліміне қоршаған адамдардың реакцияларын көруге тырысу немесе «екінші рет дүниеге келу» үміті басым жасөспірім жасындағы суициденттерге тән сипат.

Суицидалды мінез-құлықтың даму механизмдерінде суицидалды тенденциялар пайда болатын механизмдер басты орын алады. Жасөспірімдерде бұл мағынада негізгі фактор отбасындағы оны суицидтік әрекеттерден сақтайтын себептер барынша маңызды. Жасөспірім үшін отбасы ересек тұлғаға қарағанда өте маңызды және көп роль атқарады. Себебі, бұл кезде отбасы «қоршаған орта» функцияларымен шектелмейді, керісінше, бағыттаушы және рухани-әлеуметтік жағынан баланы қоректендіруші болып табылады.

Жасөспірімдерде суицидтік әрекеттер көбінесе «шынайы емес», «суицидалды жанжал» жариялылық сипатта болады. Бірақ тек осы кезеңде шындық және жариялылық аралығын ажырату қиын болады. Олар үшін өлім - бұл оның кемегімен біреуден кек алу, біреуді жазалау, өзінің дұрыстығын дәлелдеу, жазалаудан қашу болып табылады.

Демонстративті - қауіп төндіру суицидалды жүріс-тұрыс кезінде мақсат өмірден кету емес, осы ниетті жариялау. Суицидалды жүріс-тұрысқа қарағанда, өзіне қастандық жасау немесе дене мүшелеріне зиян жасау мұнда ешқандай да өлімге бағытталу ниеті болмайды. Мұндай әрекеттердің мақсаты тек жекелеген дене мүшелеріне зақым келтірумен шектеледі.

Демонстративті суицидалды мінез-құлықта ешқандай өзін-өзі өлтіруге ниеті жоқ, тек уақытында құтқарып алады деген есеппен болатын әрекет. Барлық әрекет басқалардың назарын өзіне аудару, қалағанына қол жеткізу, өзгелердің өзіне көңіл аударуын туғызу мақсатында жасалады. Демонстративті мінез-құлықта көбінесе тамырларын кесу, дәрілермен улану жиі кездеседі. Демонстративтілер аңдаусыз әрекетінің салдарынан кездейсоқ болған айықпас зардаптарға ұшырауы мүмкін.

Аффективті суицидалды мінез-құлық. Суицидті әрекет бар болғанын минутқа, кейде оқиғаның қиындығына қарай сағат немесе тәулікке созылатын жоғарғы деңгейдегі аффект кезінде жасалынады. Мұндайда бір сәтте өмір мен қоштасу мүмкіндігі туралы ой келе қалады.

Нағыз суицидалды әрекет өзін-өзі өлтіруге ниет етіп, ойланып жасалған іс. Мұндай жасөспірім суицидті әрекеттің эффективті болу үшін «ешкім кедергі жасамауы керек» деген ойда болады. Суицидалды мінез-құлықтың барлық түрінде әлеуметтік - психологиялық стимулдар басты орын алады.

Нағыз суицидалды әрекетте басқаларына қарағанда өзін-өзі асу жиі кездеседі. Әрекетті таңдауда достарына, естігені немесе кинода көргендеріне еліктеу реакциясы маңызды орын алады. Жасөспірімде бұл жағдайлар әр түрлі деңгейде көрініс береді. Егер адам өзін өмірден айыратын болса - бұл оның санасында фундаменталды этикалық категория қиын өзгерулерді басынан кешіретін өмірдің мағынасын білдіреді.

Өзін-өзі өлтіру мен қастандықтардың мақсаты шынында өзін өмірден кию болып табылады. Деңгейлері әр түрлі оқиғалары түрлі болса да, бұған суицидалды әрекеттің тәсілі мен шарттары айырмашылықтарын қоссақ та, соңғы нәтижесінің сапасында өлім тұрады.

Адам өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдағанда, қандайда бір жағдайлардың әсерінен өмір сүру маңыздылығын, мәнін жояды.. Қандайда болмасын өзін-өзі өлтіруге әкеп соғатын өмірдегі көптеген оқиғалар мен жанжалдардың барлығында да жалпы бір ғана этикалық аспект бар. Моральдық, сана деңгейінде олардың барлығы құлықтылық құндылықтарға шағымданады. Тек қана осы сапада бақыт, қайырымдылық, әділеттілік, борыш, ар, намыс туралы түсініктер пайда болады.

Басқа сөзбен, суицид бұл тұлғаға моральды құндылық. бойынша үлкен соққы, ал суицидалды шешім - бұл моральдық таңдау актісі. Өзін-өзі өлтіруде адам оның мотиві мен қорытындысының арақатынасын белгілеп, өзін-өзі жәбірлеуге жауапкершілікті қабылдайды және өзіне немесе басқаға жауапкершілікті жүктейді. Осыдан барып адам осы әрекетті таңдағанда - ол өзін-өзі өлтірудің өлім әкелетін жай әрекет емес, жағымды және жағымсыз құлықтылық мағынасын, адамдардың бағалауын, пікірін белгілі бір қатынасын туғызатынын көреді.

Әр адам қандайда болмасын ол өзінің күнделікті бойына сіңірген, тек қана өмір сүріп қоймай, өз өмірін күнделікті түйсініп, сезініп, өзінің бар болуы оның іс-әрекетін, қиындықтарды жеңуі болашақ мақсатқа ұмтылуы өмірдің қандайда бір мағынаға ие екендігін қалайды.

Өмірдің нақты сәттері - оқиғалар, әрекеттерге адам тұлғаның дамуының алғашқы этаптарында санада калыптасатын алыс мақсаттар өмір бағдарламаларының нәтижесінде тұлғаның, өзін актуализациялау дәрежесі туралы түсінік қалыптасады.

Өмір мағынасының көп өлшемді және кең категориясына карамастан, оның аралық сипатына және оның терең негізінің табиғатына - сапалы және сандық сипаттамасының өмір мағыналылық көріністері жеке өмір кезеңінде этаптан этапқа ауысып отырады. Бұл жоспарда жасөспірімдік және ересек жастағылар көбірек сезімтал, өйткені адам бұл кезеңде, әсіресе өмір мағынасы мәселесіне көңіл беледі, оның бағасына негіз қарастырады және қалыптастырады.

Суицидалды мінез-құлық және өзін өлтіруді туғызатын акт үшін ерекше басты механизм - бұл өмір мен өлімге қатынас. Өмір жағымды қатынастардың дәрежесін жоғалтады және тек жағымсыз болып қабылданады, ал өлім, өз кезегінде өмір сияқты өзінің дәрежесін жағымсыздан жағымдыға өзгертеді. Осы сәттен бастап тұлға санасында өзін-өзі өлтіру мақсатының қалыптасуы және оны іске асырыу жоспарын өңдеу басталады.



Өзіңді жақсы көресің бе? (психологиялық диагностика)


Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.


  1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы сезінесің бе?

  2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?

  3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?

  4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?

  5. Басқа біреудің егер «сенің орныңда болса» өзін қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?

  6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?

  7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?

  8. Сенің көңіл күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?

  9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын жиі «алдын ала сезесің бе»?

  10. Өз сезіміңді айтып жеткізу – саған проблема ма?


Сауалнама кілті.

2-9 сұрақтарға «жоқ» деген жауапқа 5 ұпай, 1 және 10 сұраққа «ия» деген жауапқа - 5 балл.

35-50-ұпай

Сен өзіңнің де басқаның абырайын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғынып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.

11-34 ұпай

Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.

0-10 ұпай

Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту – сенің қалыпты жайың. Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады және осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек сену керек!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!