400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің өмірлік жолым" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып: Менің өмірлік жолым Мақсаты:1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. 2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу. 3. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру 4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Міндеттері: - өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; - оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; - оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар, постерлер, Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі



















Психологиялық тренинг тақырыбы:

«Менің өмірлік жолым»

8 сыныптар

















Дайындаған: Т. Култанова














2016 – 2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: Тренингке қатысушы оқушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу.

Пайдаланылатын қажетті заттар: қалам, А4 парағы, қағаз майлық, ноутбук.

Барысы:

  • Жылы жүзбен сәлемдесу, бір-біріне қайырлы күн тілеу;

  • «Өз күніңді жоспарлай білу» кеңес;

  • «Ашкөз балық» ертегі терапиясы;

  • «Айтуға оңай» ойыны;

  • «Қай түсті қалайсыз?» арттерапия;

  • Релаксация;

  • «Маған ұнағаны..........» рефлексия;

Тренинг соңында ойын ашық айта алмаған қызметкерлер стикерге өз ойларын (талап-тілектер) жазып, жүрекшеге жабыстырады.

  1. Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» талабына сай ұрпақ тәрбиесі үрдісінде біздің алар орнымыз ерекше. Сондықтан, көкірегі ояу, көзі ашық, өмірге деген құштарлығы шексіз азаматтар болуға тиістіміз! Ендеше, амандасып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік! Кейде өзімізді зымырап жүріп бара жатқан пойыздың ішінде отырған жолаушыдай сезінеміз. Ал соңғы аялдама көзге шалынар емес.

Өмірде біз таңдайтын екі жол бар. Бірі – айналамызда болып жатқан оқиғалардың санамызға әсер етуіне жол беріп, бағыттаушылардың соңынан еру. Екіншісі – өзімізге сай ырғаққа ілесіп, тізгінді қолға алу. Әдетте барлығы керісінше болады. Қиындықтарымыздың шексіз тізімін жазып, оның шешімін табуды ұмытып кетеміз. Бұлай әрекет жасауымызға жоспарламаған жұмыстармен айналысып кетуіміз әсер етеді.

Бақытты ғұмыр кешкіңіз келсе, уақытты мақсатыңызға сай жоспарлауыңыз керек. Ал ол үшін ұзақ мерзімде жүзеге асатын мақсаттар құрған дұрыс.

1. Үш басымдылықты анықтау

Күнделікті өзіңізге «Қалағаныма қол жеткізу үшін қандай 3 іспен айналысуым керек?» деген сұрақ қойыңыз. Қандай жағдай болмасын, осы әрекеттерді орындаңыз.

Оқумен алға қойған мақсатыңыздың арасында байланыс болу керек. Сол кезде ғана жоспарыңыз жүзеге асады.

2. Уақытты шығындаушылардан сақтаныңыз

Оған үнемі өзгелердің қалауын орындау, теледидар көру, музыка тыңдау, әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен шүйіркелесу және т.б. кіреді. Сол себепті жоспарыңызға уақытты шығындаушылардан арылу туралы пункт енгізіңіз. Мақсатымыз туралы ойлаған сайын уақыттың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

3. Өмірдің ырғағын сезініңіз

Үшіншіден, әркімнің өзіне ғана тән ырғағы бар. Бірі – жарқанат болса, екіншісі – үкі, үшіншісі – ұзақ жүгіре алатын марафоншы, төртіншісі – спринтер. Өзіңіздің қай типке жататыныңызды білген соң жұмысты қай уақытқа қою керектігін анықтай аласыз. Маңызды жұмысты жарқанаттар таңертең, ал үкілер түстен кейін орындағандары жөн. Марафоншылар өз кезегінде 3-4 сағат, ал спринтерлер тынымсыз 1 сағат бойы жұмыс істей алады. Белсенділігіңіз артатын уақытқа маңызды, қалған уақытқа екінші дәрежелі жұмыстарды қоя аласыз.

4. Демалыңыз

Төртіншіден, демалыстың да пайдасы мол. Энергияңызды қалпына келтіру үшін демалуды ұсынамыз. Энергияны эмоциядан, ой әрекетінен, физикалық жаттығудан, рухани құндылықтардан алуға болады.

Ал күш-қуатымыздың дәрежесін қалай тексереміз? Жұмысыңыз аяқталған мезгілде өзіңізді жақсы сезінсеңіз, жолыңыз болды дей беріңіз.

Көп пе? Жоқ. Ұзақ па? Жоқ. Олай болса, іске сәт!

Ал Сіз күніңізді қалай жоспарлайсыз?



  1. «Ашкөз балық» ертегі терапиясы.

Ерте, ерте, ертеде, теңізде бір балық патшалық құрыпты. Ол өзі мекендеген теңіздегі балықтардың барлығын күніге дәмді асына айналдырады екен. Күніге балықтарды жеп, әбден семіріпті. Бір күні өзенге бір бала балық аулауға келеді, әлгі балықты торға түсіреді. Осы жерден зерттелушілер ертегіні жалғастыруы қажет. А4 параққа балықтың суретін салу керек.


Интерпретация:

Егер зерттелуші өте майда балықтарды көп салса, оның бойында стресстің көп болғаны.

Егер ертегіні дұрыс құрастыра алмаса, оның өмірінде өзгерістің барынан хабар береді.

Егер балық торға түсіп тұрса, зерттелушінің қауіпті жағдайда екені белгілі.

Егер балықтың қарны аш, ол өте аш көз деп көрсетсе, өмірге көңілі толмайтыны, риза еместігін көрсетеді.

Егер желбезегі жоқ балық болса, күшті қолдауды қажет етеді, «мені ешкім қолдамайды», «менің ешкімім жоқ» дегенді білдіреді.

  1. «Айтуға оңай» ойыны. Міне біз айтуға оңай ойлармен бөлісеміз. Мына ойларды қалай жалғастырар едіңіз?.....

  • Өмір деген не өзі?

  • Өмір несімен қымбат?

  • Өмірдегі ең қуанышты сәттеріңіз?

  1. «Мен үшін өмір деген.....» арттерапия.

Тренингке қатысушылар өмір туралы ойларын сурет арқылы қағаз бетіне түсіреді. (баяу музыка ойнап тұрады) суреттерді талдап, интерпретация жасалады.

«Қай түсті қалайсыз?» түстер терапиясы.

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.                                                                           

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк  түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.                                       

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.                                       

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.                                                        

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. 

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті  мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер  таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.       

Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді.  Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды.      Қара түс –абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады.

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалықнышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді.

Аралас түстер: 

Көк-қара – тыныштық.                                                                                

Сұр-көк -  сабырлық, немқұрайлылық.                                                                

Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.                                                

Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.                                                         

Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.                

Қоңыр-қызыл – белсенділік.                                                                            

Көк-жасыл – нақтылық, ұқыптылық.                                                        

Ашық жасыл– жігерлік, бәрін өзіне бағындыруға талпыныс.                          

Жасыл-сары – адалдықты сүю.                                                                   

Жасыл-қара – турашылдық.                                                                       

Сұр-жасыл – сенімсіздік.    

  1. Релаксация. Мен айналамдағылармен тату-тәтті тұрамын. Менің жүрегімнің түбінде тұңғиығы жоқ махаббат көзі бар. Мен оған сыртқа шығуға рұхсат беремін, ол менің жүрегімді, тәнімді, санамды, болмысымды толтырады. Мейлі, ол оқымысты болсын, көргенсіз болсын, бай немесе кедей болсын, күшті немесе әлсіз болсын, барлық адамдар бақыт іздейді. Бірақ бақыт әдемілікте емес, даңқта емес, байлық та емес, ғылым да емес..... Адамдар бақытты тек махаббаттан табады. Сүйген адам әрқашан жоғары тұрады.

  2. «Маған ұнағаны.....» рефлексия. Тренинг соңында ойын ашық айта алмаған қызметкерлер стикерге өз ойларын (талап-тілектер) жазып, жүрекшеге жабыстырады.

Ал ендігі кезекте қолдарыңыздағы қағаз майлықты алып, төрт бүктеп оң жағын жыртыңыз, тағы да оң жағын, тағы да оң жағын, тағы да бүктеп оң жағын жыртыңыз. Енде қолыңыздағы қағаз майлықты ашып көріңіз. Қандай болды? Бәріміздікі бірдей болды ма? Айналаңызға қараңыз. Міне, байқадыңыз ба? Мен бәріңізге бірдей нұсқау бердім, бірақ әрқайсыңіздікі әр түрлі. Осы сияқты бізге бәрімізге өмір сүру мүмкіндігі берілгенімен, әрқайсымыздың тағдырымыз әртүрлі. Сіздерге үлкен рахмет!


Тақырып: Менің өмірлік жолым
Мақсаты:1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар, постерлер, жіп, әуе шары.
Барысы:
1. Кіріспе сөз
2. Бейнебаян
3. Ойланайық, пікірлесейік
4. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат»
5. Жағдаяттарды талқылау
6. Назар аударайық. Бейнебаян
7. «Жүректен жүрекке»
Танысу. «Өрмекшінің торы»
- Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап, өзімнің аты - жөнімді айтамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір - бірімізге береміз. Біздің жібімізден өрмекшінің торы шықты. Жайлап саусағымыздан жіпті шығарып осы бір команда ретінде сабағымызды бастайық. Бұл сабақтың бір ерекшелігі өз ойыңызды ортаға салу, еркін сөйлеу
1. Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі тренингімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
- Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы «Менің өмірлік жолым!»- деп аталады.
1. Пікірталас сұрақтары:
• Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
• Өмір адамға несімен қымбат?
• Адам баласы не үшін өмір сүреді?
• Сіздің өмірдегі мақсатыңыз қандай?
• Сіз өмірді сүйесіз бе?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт - ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір - бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.
2. Ой қозғау «Ұлылырдан ұлағат»
Әр кластан бір билеттен алып, ұлылырдың өмір жайлы айтқан сөздерін оқып, ой қозғайды немесе ойды аяқтайды.
•«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М. Мақатаев/
• «Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./
• «Адам боп оңай туғанмен
Адам боп қалу көп қиын» / Қадір Мырзалиев /
Өмір жайында жақсы ой - пікірлеріңді тыңдадық. Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер? Соған тоқтала кетейік.
3. Жағдаятты талдау:
Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата - ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?
Ата - анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.
Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.
4. Назар аударайық: Бейнебаяннан не түсінгенін сұрау.
Оқушыларға ақ парақтар таратылады, оларға болашақтағы өмірін қалай елестетер еді сол туралы өздерінің ойын параққа түсіріп, бірер сөзбен суретін қорғау.
5. Жүректен - жүрекке.
Міне, өмір дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса:
«Өмірдің қызығын көрудің бір - ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дей келе сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Барлығы қосылып:
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» - дегендей өмірдің ащысы төзе біліп, тәтісін ұғына білейік. Ал енді осы тренингтен алған әсерлеріңізді айта кетсеңіздер. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі