Тақырыбы: «Менің өмірлік
жолым»
Қатысқандар: 2курс «Кітапхана
ісі»
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде
кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат
беру.
Күтілетін
нәтиже: балалардың өмірге
деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.
Тренинг
жоспары:
І.Тренинг «Бәріміз бір
кісідей»
Топқа
бөлу
ІІ. «Өмір»
жаттығуы
ІІІ. .«Екі бақа» туралы
аңыз
ІҮ. Шығармашылық
жұмыс
«Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында
жоба
Ү. «Би терапиясы»
жаттығуы
ҮІ. «Менің өмірлік жолым»
жаттығуы
ҮІІ. «Метафора арқылы сөйлеу»
жаттығуы
ҮІІІ. Бақытты адамның көйлегі»/ертегі
терапиясы/
ІХ. Қорытынды
1. Кіріспе
сөз Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді,
мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде
«адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп
жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып
жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп,
басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды
бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп
жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден
түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау
өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі
ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын
іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне
байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде
мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін,
тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді
танимыз деп ойлаймын
І. Тренинг «Бәріміз бір
кісідей»
ІІ. «Өмір»
жаттығуы
Шарты: тақтадағы
«Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке
талдау. Мысалы: өмір-өзен,
өмір-мейірім
Өмір- ө... Өмір-
г..
Өмір- с.. Өмір-
ж...
Өмір-н... Өмір-
у...
Өмір – ә... Өмір-
д...
Өмір-м...
Өмір-і...
Өмір- б..
Оқушыларды топқа
бөлу. Оқушыларға өмір
туралы келесідей тілектер жазылған парақтар
үлестіріледі:
- өміріңіз
шаттыққа толы болсын!
- өміріңіз тек жақсылықтардан
құралсын!
- өмірде жетістіктерге жете
беріңіз!
Оқушылар тілектерді оқып, «өміріңіз шаттыққа толы
болсын!» тілегі түскен оқушылар 1-топ болып құрылып, орындарына
отырады, келесі «өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!» тілегі
түскен оқушылар 2-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі
«өмірде жетістіктерге жете беріңіз!» тілегі түскен оқушылар 3-топ
болып құрылады.
Негізгі кезең
ІІІ.«Екі бақа» туралы
аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі
бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай
өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да,
арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір
кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп,
секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып,
талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл,
қозғалыс керек екен.
ІҮ. Шығармашылық
жұмыс
«Өмірге бірге дауыс
берейік!» тақырыбында жоба
Мазмұны: Оқушылар өздеріне
берілген құрал-жабдықтар арқылы тақырып аясында (сурет, өлең, нақыл
сөз қолдану арқылы) жоба жасайды, сол арқылы барлық адамды өмірді
жақсы көре білуге, «өмір» деген ұғымға дауыс беруге үндеу
тастаулары қажет.
Дайындау
уақыты: 5 мин;
Қорғау
уақыты: 3 мин
Қажетті құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті
маркерлер
Ү. «Би терапиясы»
жаттығуы
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының
суреттері салынады. Ортаға қатысушылар шығып, музыкаға ілесе
отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.
Қандай сезімде болдыңыздар?Музыка мен би біздің сезімімізге әсер
ете алады ма?
ҮІ. «Менің
өмірлік жолым» жаттығуы
ҮІІ. «Метафора арқылы сөйлеу»
жаттығуы.Өмірде кейбір жағдайларды суреттеу,
ертегі, аңыз, мысал, өлең арқылы түсінуге болады. Ендігі тапсырма
метафора арқылы сөйлейтіндеріңді білдіреді.
Сіздерге 9 сөз беріледі. Сіздер әңгіме, ертегі, не өлеңде осы
сөздерді пайдаланып,өмірмен байланыстырып сөйлем құрастыруларыңыз
керек: директор, жарайсыздар, кемпірқосақ, апта, психология,
мектеп, ойын,
ал кімге жеңіл, ура.
ҮІІІ. Ертеде бір патша
өзі патшалық құрған елді көркейту үшін күні-түні жанын аямай жұмыс
істепті. Ол жақсы өмір сүріп, бақытқа жету үшін не істеу
керектігін ойлап, таңға дейін көз ілмейді екен. Бір күні уәзірлерін
айналасына жинап, мұңын шағып ақыл сұрапты
.
Уа, уәзірлерім мұнда келіңдер! Мен көп ойланып
толғанып жүрмін, менің мұңым бар ,бақытқа жету үшін не
керек? Соны маған айтыңдаршы. Сонда уәзірлердің ішіндегі
біреуі патшаға бұрылып былай депті: Уа тақсыр! Сіздің
бақытқа жету үшін бақытты адамның көйлегін кию керек.Патша осы
сөзді естіп, уәзірлеріне бұйырады. Ендеше маған сол
бақытты адамның көйлегін тез арада әкеліңдер! Уәзірі
жолға шығып тау, қырларды асып, бір қалаға келеді.Есік-есікті
кезіп,бақытты адамды іздейді.Кімді тапса да, оның әйтеуір бір
дерті,не қасіреті болады. Ешқайсысын бақытты адам деп айтуға
келмепті. Мен бұл үлкен қаладан бақытты адамды таба алмайтын
сияқтымын,одан да барып ауылдан іздейін.Сөйтіп уәзірі талай
тауларды асып, бір ауылға келеді.Кімді кездестірсе де, бай
болсын,кедей болсын барлық адамдардан сұрап бақытты адамды іздейді
Таба алмай, басы салбырап, келе жатқанда бір отар мал бағып
жүрген қойшыны көреді.Қарсы жақтан қолында жейтін тамағы бар
қойшының әйелі келеді. Қойшының әйелі күйеуіне
тамағын беріп, әңгімелесіп отырады. Уәзірлер осыны көріп жаңағы
қойшыға келіп сұрайды. Сізді бақытты адам
деуге бола
ма?
Ия,мен бақыттымын. Өзімнің отбасым бар.Ешқандай қайғы-
қасіретімжоқ.Мен ең бақытты адаммын. Онда маған
көйлегіңді берші. Менің ондай көйлегім жоқ.
Мен кедеймін. Өзімнің жақсы отбасым ғана бар. Сондықтан мен бақытты
адаммын.Маған басқа ешнәрсе керек емес. Бақытты адамның
көйлегін қалай іздегендерін,көйлекті адамдардың төрт құбыласы тең
болса да, әйтеуір оларда бір бақытсыздық бар екендігін айтады. Ал
соңында бір бақытты адамды тапқандарын, бірақ оның көйлегінің
болмасада ,бақытты жан екенін
айтады.
Бақытты адамның көйлегін таптыңдар ма? Мен ауылдан бір
адамды таптым. Бірақ оның әдемі көйлегі жоқ. Сонда да ол бақытты
екен. Ал,әдемі көйлегі бар,төрт құбыласы түгел
адамдар бақытсыз екен. Патша күні бойы ойланып,
келер күннен бақыт күтіп,тәтті ойға шомып отыра береді. Мінекей «
Бақыт» деген әрбір отбасының амандығы , баласының
күліп-ойнағаны нағыз бақыт екен.
-Бақытты болу үшін не істеу
керек?
- Патша бақытты болу үшін не істеу
керектігін білді ме?
Бақыт дегеніміз – ой-арманның
орындалуы,қуанышты сәттің көп болуы,біздің әсем
тұрағымыз,деніміздің саулығы,бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы
,береке,бірлігі.Ең бастысы балалық шағымыз
екен.
ІХ. Қорытынды
Тренинг барысында оқушылардың
өмірге деген қызығушылығын, сонымен қатар алға қойған мақсаттары
бар, сол мақсаттарына жетуге ынталары бар екенін байқадым.
Болашаққа деген сенімдері мол армандарына жететіне
сенемін.