400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің өмірлік мақсаттарым» Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестацияға эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрал Рүстемов атындағы

жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Әбжанова Гүлзадат Оңласын қызы

Э С С Е

«Менің өмірлік мақсаттарым»

Адам баласы өмірге келгеннен бастап белгілі бір мақсатқа жетуге тырсады. Сол үшін өзін – өзі дамытады, ізденеді, қоғамның бір мүшесіне айналады.

Мен – бала жанының бағбанымын. Ұстаздық ету жолымды бастағалы бері менің ең басты миссиям – ізгі қоғам тұрғындарын тәрбиелеу (әлемнің ұстазы Әл Фараби жолын ұстанғым келеді) Ұстаз бола білу – баламен дос болу, оның жанын көзінен түсіну, оған қамқор болу, оны қолдау, сыйлау,құрметтку, қоғамның толыққанды белсендң мүшесі етіп тәрбиелеу;

Адамның жақсысы – ата – анадан демекші, мен мектепте бала тәрбиелесем, үйдегі тәрбие беретін ата – анамен де тығыз қарым – қатынас орната білу маңызды. Өйткені, екі жақтан алынған тәрбие мен тәртіп, білім ғана – баланың тамаша тұлға болып шығуын көмектесетініне сенімдімін.

Менің педагогикалықтәжірбием 27 жыл. Осы өткен уақыт бойына мен өз мақсатыма нық қадам басып келемін деп санаймын. Әр өткен сабағымда болсын, әр өткен іс – тәжірбиеде болсын, мен өз шәкірттеріме білім ұшқыны мен тәрбие жемісін сеуіп келемін. Басауыш сынып мұғалімі болу қызығы мен шыжығы өте көп мамандық емес пе?! Кішкентай болып табалдырықтан аттаған, ұстазға үрке әрі сеніммен қаарған көздер, алғаш қалам ұстаған саусақтары, әріптерді біріктіріп айтуы, сөйлеуі барлығы – баланың дамуы менің көз алдамда қоғамның бір тұлғасының қалыптасуы барлығы менің қмірлік мақсатыма жақындаттыра түседі.

Өмірлік мақсатымның негізгі пунктерінің бірі – ұлттық құндылықты бойын сіңірген, қазақша ойлап, қазақша жазатын тұлғаны тәрбиелеу. Сол мақсатта мен – қазақша кітап, қазақы салт – дәстүр, қазақы білім, қазақша тіл,қазақы әдеп – басты мақсат етіп алдым. Өйткені ұлытн сүйер адам – ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, ұлтын сүйіп өсуі керек. «Тәрбиесіз берліген білім – адамзаттың хас жауы» деп әлемнің екінші ұстазы (Әл – Фараби) айтпақшы. Атаалған дүниенің бәрі тәрбиемен ұштастыру мен үшін өте маңызды дүние. Әрине, отбасында бар дүние анадан бастау алады. Бірақ қазіргі қоғамда әке рөлі екінші орынға сырғып бара жатқан жоқ па? ОСы ой мені мазалайды. Осы жайттардың тереңінен бару және бала мен әке қарым – қатынасын жақсарту мақсатында аптасын 1 күн «Әкелер күні» деп атап, сыныпта іс – шара өтеміз; Әке мен бала бір команда болады, өздері қалаған суреті салады немесе өлең үйренеді, жақсы бір әңгімені талдап, зерттеулерін болады. Жай бірге өткізген уақыттың өзі бала үшін өте маңызды екенін естен шығармасақ екен.

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балаға. – деп Абай Хакім айтпақшы, өмірлік мақсатымды ұстаздықпен байланыстырғаныма қуанамын. Қоғамның бір мүшесі болып,шәкіртке ізгілік нұрын құйып,жақсы, өз елінің патриоттарын тәрбиелей білсем – өзімнің өмірлік мақсатыма жеттім деп санаймын.



Мектеп директоры:











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
4192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі