жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің оқу құралдарым. 11-ден 20-ға дейінгі сандар.
Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: Менің оқу құралдарым. 11-ден 20-ға дейінгі сандар. |
Мектеп/МҰ: Қ.Терібаев атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
|
|||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: Слямова Ақбота Қабдолдақызы |
|||
Сыныбы: Мектепалды тобы |
Қатысушылардың саны: |
Қатыспағандардың саны:
|
||
Оқыту мақсаттары
|
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау. 0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттікнөмірін атау. |
|||
Күтілетіннəтижелер |
Барлық тəрбиеленушілер: -20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды. |
|||
Көптеген тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірінатайды |
||||
Кейбір тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды |
||||
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын дамыту: -өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология:Бір..., жиырма. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –11-ден 20-ға дейінгі сандардың атауы қалай пайда болатынын түсіндір. –Адамға санай білу не үшін қажет деп ойлайсың? –Қандай сандар екі таңбалы сандар деп аталады?Жазу: -түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу. |
|||
Алдыңғы білім
|
Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланғануақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар
|
||
Басталуы 0–5 минут
|
Ынталандыру. Педагог тəрбиеленушілермен мектеп құралдары не үшін керек екені туралы əңгіме жүргізеді. Өзектендіру. Педагог балалардан: - Қандай мектеп құралдарын білесіңдер?–деп сұрайды. Сабақта қандай жабдықты пайдаланасыңдар? |
|
||
Ортасы 6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Педагог №13 электрондық жиынтық полотноны пайдалана алады (онда заттар ретінде оқу құралдары жиналған). Балалармен бірге 10 қарындашты жинап, дорбаға салады. 1 қарындашты шығарады. Неше зат қалды? Сендер оларды санай аласыңдар ма?Жаңалық ашу. (Ұ) Балалар 10 затты санай алады. Педагог онға неше зат қосылғанын сұрайды. Педагог осындай жағдайда санды атау үшін алдымен «он» сөзі айтылатынын жəне оған бірліктің атауы (біздің мысалда «бір» саны) қосылатынын түсіндіреді. «Он бір» саны пайда болды, ол онға бір қосылғанын білдіреді, екі цифрмен жазылады –11. Жиынтық полотнода санның үлгісі мен жазбасы көрсетіледі. Педагог сұрақ қояды: Педагог бұл санды жазу үшін біз қанша цифр пайдаландық деп сұрайды. Балалар «2» деп жауап береді. Педагог сол үшін мұндай сандар екі таңбалы сандар деп аталатынын айтады. (Ұ) Балаларға түсіндіре отырып, № 1 тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар заттарды санап, санды атайды жəне сандардың жазбасын бояйды. Жұмыстың мұндай түрін барлық қалған цифрлармен жəне оларға сəйкес келетін суретте бейнеленген мектеп құралдарының санымен жүргізу ұсынылады. Жұмыс барысында балалар сандардың атауын өздері ұсынып, оларды цифрмен жазуды түсіндіреді. Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңына қараңыз.)
|
Əліппе-дəптер.
Әліппе-дəптер.
|
||
III. Тақырып бойынша жұмыс 16–25
|
Жаңаны қолдану. (Т) Педагог балаларға №2 тапсырманы «Жылдам, бірақ қателеспе» жарыс ойынын орындауды ұсынады. Балалар ұсынылған сурет бойынша 1-ден 20-ға дейін санайды. Топтардың əрқайсысында сандарды тура жəне кері бағытта бірізді атайды. Қатысушылары қателеспеген топ жеңімпаз болады. Осыдан кейін балалар санаудың дұрыс бірізділігін сақтай отырып, қалдырылған цифрларды жапсырады. Одан кейін балаларға 20-ға дейін санамақ-əнді орындауды ұсынуға болады (СД-дискіде). Педагог балаларға 3-тапсырманы орындауды ұсынады Балалар 1-ден 20-ға дейін санау тəртібімен цифрларды сызықпен біріктіреді. |
Жиынтық полотно.
|
||
IV. ҰОҚның қорытындысы. Рефлексия. 26-30 мин. |
Рефлексия Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
|
Əліппе-дəптер |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген