Менің Отанм

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отанм

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отан – менің мақтанышым»

Тұлғалық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған ҰІӘ.


Мақсаты:

Балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерін мақтаныш тұту сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, рәміздерді құрметтей білуге тәрбиелеу, Қазақстан туралы түсініктерін тереңдету, елін-жерін қадірлейтін, патриоттық сезімі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.


Міндеттері:

  • Балалардың туған елі, туған жері туралы түсініктерін нығайту.

  • Отан туралы сұрақтарға жауап беру арқылы елге деген мақтаныш сезімін ояту;

  • Ту, Елтаңба, Әнұранның мағынасын түсіндіру арқылы рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу; Патриоттық құндылықтарды сезінуіне жағдай жасау;

  • Балалардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Тапсырмаларды орындау барысында белсенділікке, ынтымақтастыққа үйрету;

  • Туған жердің қадірін түсіне алатын, өз елінің баласы екенін сезінетін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.



ҰІӘ жүргізілу барысы.

Амандасу.


Тосын сәт

Топ бөлмесінде шағылысқан жарық пайда болады. (айнаны шағылыстырып жарық түсіру)

Педагог балалар бұл керемет жарық не екен. Қане бәріміз барып қарайық.

Жарық түскен жерге келіп қарау.

Ой балалар мына қорапты қарайықшы ғажайып қорап неге жарқырайды.

Қане бәріміз шапалақтайық, оның ішінде не бар екен ашылсын.

Қорапты ашу, ішінен алтын кітап шығару. (көлемі үлкен кітап. Кітаптың сыртын жылтырақ сары оракалмен қаптау) Балалар ұстап көру.

Балалар мына керемет кітаптың ішінде не бар екен, бұны бізге кім жіберген?

Аудио дыбыс. (кітаптың астына телефонды ұстау)

«Құрметті балақайлар, бұл кітап жай кітап емес, бұл жаңалыққа толы, Отан ана, туған жер туралы білімге толы кітап. Кітапты парақтап ашсаңдар көптеген сұрақтарға жауап беру арқылы, көп нәрсе үйренесіңдер. Егер кітаптағы тапсырмаларды жақсы орындасаңдар кітапты сендерге сыйға беремін.» Кітапты жіберген Білім елінің ханшайымы.

Қане балалар орнымызға барып кітап парақтарын ашып танысайық.

Балалар кітапты қалай ашуға болады?

Бәрі: Алтын кітап ашылсын, ішінен маржан шашылсын.

АҚТ технологиясымен жұмыс.

1-бет: Күннің суреті шығу.

Балалар бірінші беттен не шықты? (Күн)

Күн қандай пішінге ұқсайды?

Түсі қандай?

Ал, осы күнге бір нәрсе жетіспей тұрған секілді ме, қалай ойлайсыңдар?

Я шуақтары жетіспейді , мына кітапта шуақтары бөлек салынған , әр шуақта тапсырма бар, бәріміз тапсырманы бірге орындап, алдымыздағы күнге шуағын жапсырамыз.

Шығармашылық , коммуникатив.

Дид ойын: «Күннің шуағы»

Ойын шарты: тақтаға күн суреті ілінеді. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Әр тапсырманы орындап шуақты жапсыру.

1.Сендер тұратын қала қалай аталады? 1-ші шуақты жапсыру.

2.Біздің бақшамыз қалай аталады? 2-ші шуақты жапсыру

3.Елордамыз қай қала? 3-шуақты жапсыру

4.Елбасымыз кім? 4-ші шуақты жапсыру

5.Астана қандай ғимарат бар? 5-ші шуақты жапсыру.

Мінекей балалар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, топқа күннің жылуын таратып, одан қуат, жігер алайық.

Релаксация. «Күн шуағы» музыкамен.


Кітаптың екінші бетін ашайық.

Екінші бет ашылсын, ішінен маржан шашылсын.

Миға шабуыл. 2 – бет.

Доп лақтыру арқылы сұрақ қою. Коммуникатив дағды.

-Біздер Қандай Республикада тұрамыз?

- Отан деген не?

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Отан –ол біздің жеріміз.

Отан –ол біздің еліміз.

Отан. Ж Әбдірашев.

1-бала: «Отан - атам, Отан - әкем!»

Осы сөзім қате мекен?!

2-бала: Қате болса,Неге біздер

Дейміз оны «Атамекен?!»

3-бала: «Отан - әжем, Отан – анам!»

Туған жер! деп,

Ол бекерге аталмаған.....

4-бала: Атам, әжем, әкем, анам

Төртеуі де «Отан!» маған

5-бала: Төртеуі де: «Ботам! – дейді,

Ер азамат атан», – дейді.


Балалар шеңберде тұру.

Ал, балалар Кітаптың үшінші бетін ашайық.

Үшінші бет ашылсын, ішінен маржан шашылсын.

Қызығушылықты ояту.

Музыка дыбысы естілу. Ой балалар мына кітаптың беті ашылып музыка ойнап кетті ме?

Қандай музыка бұл? Гимн.

Бәріміз тұрып қосылайық. қайырмасы.

Сұрақ-жауап.

Біз қандай әнді орындадық.

Неге біз Гимнді айтқанда қолымызды жүрегімізге қоямыз?

Мен елімді, жерімді, Отанымды шын жүрегіммен сүйемін деген мағынада қолымызды жүрегімізге қойып тік тұрып құрметпен айтамыз.

Әнұран, гимн — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. 

Осы Гимн туралы кім тақпақ айтады.

Қазақстан әнұраны,

Қалықтасын көгінде

Қазақстан әнұраны

Жүрегімнің түбінде.


Орнымызға отырып, кітаптың келесі бетін ашамыз.

Төртінші бет ашылсын, ішінен маржан шашылсын.

Ой балалар мына кітаптың беті дұрыс ашылмайды, не болды екен?

Балалар қараңдаршы сендердің алдарыңда көптеген тулар тұр.

Сол тудың ішінен өз еліміздің туын тауып жоғары көтеріп көрсетейік, сол кезде кітап беті ашылуы мүмкін.

Дид ойын: «Өз туыңды тап»

Балалар туды көтергенде кітап беті ашылып, аудио дыбыс естіледі.

Құрметті балалар ,сендердің туларыңның түсі қандай?

Туда не бейнеленген?

Ту туралы қандай тақпақтар білесіңдер?


Біздің Ту


Айнымайды аспаннан

Біздің тудың жалауы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.






Балалар біз шаршаған сияқтымыз ойын ойнап серігіп алайық.

Қим ойын: «Алтын сақа»

Шарты: Балаларды дәлдікке, шапшаңдыққа баулу.

Лентада түрлі -түсті асықтар жоғары –төмен ілініп тұрады.

Педагог асықтар бекітілген құрсауды алып ортада тұрады. Әуенмен бірге балалар шеңбер бойын айналып жүреді. Педагог өлең жолдарымен:

Епті болсаң, қане байқа

Ойын аты Алтын сақа

Мықты болсаң ұтқаның

Жеңімпаз болып шыққаның

Айтып болғанда балалар, құрсауға бекітілген асықты ұстап алу.

Жарайсыңдар сендер епті, білімді балаларсыңдар, енді кітаптың келесі бетін ашып көрейік.


Бесінші бет ашылсын, ішінен маржан шашылсын.

Бесінші беттен Елтаңба суреті шығу.

Ой қозғау. АҚТ технологиясымен жұмыс.

Балалар бұл беттен не шықты? Елтаңба

Елтаңбада не бейнеленген?

Елтаңба туралы кім тақпақ айтады?


Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!


Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген


Жарайсыңдар балалар бүгін алтын кітаптың ішнен шыққан тапсырмалардың бәрін жақсы орындадыңдар.

Балалар кітаптың ішнен қандай тапсырмалар шықты?

Балалар: Рәміздер шықты.

Қандай рәміздер, қане Рәміздерді атайық.

Әнұран, Ту, Елтаңба. Дұрыс.

Біз рәміздерді құрметтеуіміз керек.

Алтын кітап бізге көп тапсырмасымен, рәміздер туралы үйретті.

Бәрі бірге:

Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,ТуӘнұран-
Қасиетті осы рәміздер.
Иесі оның мына біздер.

Балалар сендерге көп рақмет

Бұл алтын кітап енді бізде қалатын болды.

Сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі