400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге арналған тех карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жұлдыз» ІІ-ші сәбилер тобында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы


Күні: 14.12.18ж

Білім беру саласы: әлеуметтік орта,қатынас

Бағдарлама тарауы: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Тақырыбы: «Менің Отаным» тәрбиеші әңгімесі.

Мақсаты: балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейте отырып, сурет бойынша әңгіме құрай білуді жетілдіру, байланыстырып сөйлеу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, достыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: тақырыпқа сай суреттер.

Билингвизм: Отан- Родина, туған жер-родная земля.


Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Кел, балалар, күлейік,

Күліп өмір сүрейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Балалар шеңберге тұрады, іс – қимылдарын жасайды.




Іздену - ұйымдастырушылық

2.1.Отан туралы алғы сөз.

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!

-Балалар не туралы тақпақ оқыдым?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?


2.2. Тәрбиеші әңгімесі:

-Балалар, мен оқыған өлең жолдарында Отан , туған жер туралы айтылады. Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Отан- біздің туып –өскен жеріміз.

Оның астанасы-Астана қаласы. Отан, туған жер, туған ел өте кең - ұғым. Оған-біздің қаламыз, өзен-көлдеріміз, орман-тауларымыз жатады(суреттерін көрсету). Біз Отанымызды қастерлеп, бағалай білуіміз керек. Оны біз анамыздай қадірлеп, сүйеміз. Себебі, Отан осында тұрып жатқан барлық адамдардың- анасы. Әр адамның туып-өскен жері, Отаны өзіне ыстық көрінеді. Отанға қатысты мынадай мақалдар бар, оны жаттап алайық.

-Отан оттан да ыстық.

-Отан үшін отқа түс, күймейсің.


2.3. Сергіту сәті «Отанымның аспаны».

Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Отанымның аспаны,

Ашық болсын әрдайым.

Шаттық сыйлап, бәріне,

Күнім тұрсын көгімде.

2.4. Д/о «Кім көп біледі?».

Шарты: тәрбиеші балаларға допты бере отырып, әңгіме мәтініне сай сұрақтар қояды.

-Медина, бүгін не туралы әңгімеледік?


-Бектұр, біздің туған жеріміз қалай аталады?

-Тоғжан, туған жерге нелер жатады?






-Тақпақ Отан туралы.

-Біздің Отанымыз-Қазақстан деп аталады.





Балалар әңгімені зейін қоя тыңдайды.



Балалар суреттерге назар аударады.






-Отан оттан да ыстық.

-Отан үшін отқа түс, күймейсің.




Балалар мәтінге сай іс-қимылдарды жасайды.



Балалар ойын шартына сай сұрақтарға жауап береді.


-Біз бүгін Отан туралы әңгімеледік.

-Біздің туған жеріміз -Қазақстан деп аталады. Туған жерге- біздің қаламыз, өзен-көлдеріміз, орман-тауларымыз жатады.

Рефлексивті - корригиялық

3. «Туған қалам Семейім» әнін тыңдап, би билеу.

Балалар ән әуенімен би билеп, көңілдерін көтереді.

Болжамды нәтиже:

Білуі керек: балалар «туған өлке» ұғымының туған жерге, туған қалаларына қатысты екенін білулері керек.

Қалыптасқан әдет: балалар туған өлке жайлы өз білгендерін ортаға салып, әңгімелеуге талпынады.

Істей біледі: балалар туған жерді құрметтеу, қадірлеу керектігін біледі.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі