400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елі жері тарихы жайлы білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Қ. А Яссауи атындағы № 123 мектеп гимназия

Мерзiм:

Тақырып: «Менің Отаным»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: тазалық, ұқыптылық, қоршаған ортаны сүю

Мұғалiм: Мырзағали А.Ж

Класс: 1 «В» 1 «Ә»

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты:  Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

Білімділік: Отан,атамекен ұғымының мәні мен мағынасын аша отырып, мемлекеттік рәміздердің авторларымен және мазмұнын түсіндіру,ұғындыру.

Дамытушылық: Еліміздің тарихын,елде болып жатқан елеулі оқиғалар жөнінде хабардар ету. 

Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа,қоршаған ортаны сүюге, халықтық әдет-ғұрыптарды қадірлеуге,өз елінің патриоттарын тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер, ән мәтіні

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Жағымды күйге ену.

  • Қандай әсер алдыңыздар?

Сабақ барысын талдау:

3 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

5 мин

  1. Дәйек сөз.

 Отан –оттан да ыстық.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

5 мин

  1. Әңгімелеу.

« Менің - Отаным Қазақстан» видеожазба


5 мин

  1. Шығармашылық, топтық жұмыс

Қағазда жазылған қасиеттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Сүйіспеншілік тобы:

НАТО (Отан)
НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
ТАІКП ( Кітап)


Адалдық тобы:

ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
ПЕТЕКМ (Мектеп)
ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)


Достық тобы:

ҰРАННӘ (Әнұран)

МАЛАҚ (Қалам)

ҚЫЛАХ(Халық)


Бауырмалдық тобы:

ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)

ЗІМӘР (Рәміз)
АТҚАТ (Тақта)

10 мин

  1. Сергіту сәті

2 мин

  1. Топпен ән айту.

Ертегілер әлемі Әйгерім Қалаубаева

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы – көркем,

Әдемі еді неткен!

Құстары сөйлейді,

Бұлттар тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең!

 

[Қайырмасы]

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер...

 

Гүлдерден, бұлттардан,

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті,

Сый әкеліп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.

 

[Қайырмасы]

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер...

3 мин

  1. Үй тапсырмасы.

«Отан деген» әңгімесін оқу.


1 мин

  1. Рефлексия

«Жүрек жылуы»

Түрлі -түсті жүрекшелерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерің жазып тақтаға іледі.

5 мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Жай, әсем музыка қойылады. «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңдар.

Рахмет!Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

1 мин








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі