400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен елімнің патриотымын.


Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы  білім беру.

Балалардың тіл байлығын ,сөзді бйланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан  туралы мақал-мәтелдер.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.

-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

-балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Жарас:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Айжан.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Жарас:

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Жанерке:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?

Айдар: Отан деген менің үйім,туған жерім.

Айбар: Менің жүрегім Отан деп соғады.


 Жарас:

Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

Отан деген –Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан –ана,отан –үлкен,

Қазақстан – туған ел.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Айдар :

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.

Жанерке:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Айдар:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?

Оқушыларға арналған қандай баптарын білеміз?

Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

Халықтар ассамблеясы жылы деп аталу себептері

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Құрметті ұстаздар!Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі