400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің Отаным - Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
МеніңОтаным - Қазақстан Мақсаты: Балаларды Отандысүюге, Қазақстан Республикасыныңрәміздерінқастерлеуге, еліне, туғанжерінедегенсүйіспеншілігінарттыру мақсатында балалардың сөздік қорын дамытып,қызығушылықтарын арттыру; Көрнекілігі:Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қазақстан рәміздері, қажетті суреттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№79 «Шабыт» балабақшасының

меңгеруші__________________

Ш.М. Абдыхалыкова






16 желтоқсан мерекесіне арналған ертеңгілік

«Менің Отаным - Қазақстан»


«Сыбызғы» тобы

Тәрбиеші: Абишова А.Е.



АСТАНА 2017




МеніңОтаным - Қазақстан 

Мақсаты: Балаларды Отандысүюге, Қазақстан Республикасыныңрәміздерінқастерлеуге, еліне, туғанжерінедегенсүйіспеншілігінарттыру мақсатында балалардың сөздік қорын дамытып,қызығушылықтарын арттыру; 

Көрнекілігі:Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қазақстан рәміздері, қажетті суреттер.

Әдіс тәсілдер:түсіндіру, сұрақ – жауап.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Балалар, бүгін бізде ашық оқу іс-әрекеті, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық.

  • Енді, балалар, біз шаптық шеңбер жасайық:

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың,достарым!

Армысың, қонақтар!

  • Балалар, осындай жақсы көңіл – күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Ұйымдастырушылық- ізденістік:

  • Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты Отанды сүюге, туған елге, жерге сүйіспеншілікті арттыру, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Елордамыз – Астана қаласы. Қазақстан Республикасының Рәміздері бар. Олар Әнұран, Елтаңба, Ту.

  • Тудың түсі көгілдір аспан түстес. Тудың ортасында алтын күн елімізге нұр сәулесін төгіп тұр. Ортасында қалықтаған қыран құс- ерліктің, батырлықтың белгісі. Туда қазақтың қошқар мүйіз ою-өрнегі бейнеленген.

  • Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ,қос пырақ ат бар. Ат адамның қанаты, шаңырақ- үлкен ортақ дегенді білдіреді.Шаңырақтың уықтары күнді белгілейді.

  • Әнұран – салтанатты ән. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспееншілікті білдіреді. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

  • Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?


Нұрай: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар, Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем?

Сардар: Тәуелсіз еркін елде біз, Дүниеге келгенбіз. Көк ту мен елтаңбамыз, Бар біздің өз теңгеміз.

Ойыншықтар, гүлдер, рәміздер деген атауға түсінік беру. Қ.Р. Рәміздеріне нелер жатады? Әнұран, Елтаңба, Ту.

Дидактикалық ойын: «Туды тап!»

Абзал: Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым. Түсті бақыт жолына, Менің Қазақстаным.

Әмина:Елтаңбасы елімнің. Неткен әйбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің. Ортада – аспан әлемі. 

Мирас:Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның, Болашағы бірлікте.

  • Балалар, ҚР мемлекеттік тілі қалай аталады

  • ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

  • Қане, балалар, бәріміз тағы ойын ойнаймыз. Ойын «Туған жерді гүлдендір» деп аталады. Бір бала шығып, тақтадан гүл алады. Гүлдің түсі қандай және артында қандай сан жазылып тұрғандығын айтады. Мысалы 2-саны болса номері 2 саны жазылған конвертті алады да, ішіндегі суретте не бейнелегенін айту қажет. Сұраққа жауап берген соң, гүлді картаға жабыстырады.

  • Міне, балалар , туған жерді гүлдендірер ұл- қызы сендерсіздер! Туған жерімізді гүлдендіру үшін тәртіпті, білімді, мәдениетті болу керек және еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүру керек.

  • Ал енді балалар Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?


Мадина: «Отан – елдің анасы».


Әлихан: «Отан – оттан да ыстық».


Бағым: «Отанды сүю отбасынан басталады».


Анель: «Жері байдың – елі бай».


Сергіту сәті:Көк жалау желбіре, Асқақтап аспанда. Жас ұлан ел бірге, Сап түзе жасқанба.


Құрастыру: Астанадағы алып ғимараттардың суреттерін құрастыру.


Қорытынды:

Сұрақ- жауап.

  • Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Біз Қ.Р.-да тұрамыз, ол біздің Отанымыз.

  • Қазақстан қандай республика?

  • Егеменді тәуелсіз республика.

  • Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Қ/Р-ның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Қ/Р Рәміздеріне нелер жатады?

  • Әнұран, Елтаңба, Ту.

  • Балалар өзіміз туратын қала қалай аталады?

  • Астана қаласы.

  • Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?

  • №79 Шабыт балабақшасы.


Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қала жайлы


Игереді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы біледі.


Меңгереді: үлкен, кіші қалаларда тұратын бірнеше ұлт өкілдері туралы біледі.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі