400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Төртінші кластарға "Қазақ тілі" пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 01.02.19 ж

Сынып: 4

Пән: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан.

Сабақ мақсаты:Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің алға қойған мақсаттарына жете білуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ көрнекілігі: кластер, интерактивті тақта, презентация,видео, сурет, тест, сызба.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Шаттық шеңбері. (1 минут)

Оқушылар шеңберге тұрып, бірден үш санға дейін қайталап санайды. Бір саны бар оқушылар қолдарымен иықтарын ұстайды, екі саны барлар қолдарымен белдерін ұстайды, үш саны бар оқушылар тізелерін ұстайды да, кезекпен бір -бірімен шынтақтарын соғыстырып әр түрлі тілде амандасады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3 минут)

Өткен модуль бойынша лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қайталау ретінде тест беріледі. (3 ұпай)

1. Сөйлемді аяқтаңыз. « Мен ...............»

а) оқушы ә) спортшымын б) студенттер

2. Грек –рим күресінің палуаны

А) Жақсылық Үшкемпіров Ә) Серік Сәпиев Б) Илья Ильин

3. «Сегодня пойду в спортзал» сөйлемді аудар

А) Мектепте спорт үйірмесі бар

Ә) Бүгін спортзалға барамын

Б) Мен спортпен шұғылданамын.

ІІІ. Жаңа сабаққа икемдеу. (5 минут)

Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:

Отан - менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем, Астанам,
Отан – туған ауылым.

Бұл өлең не туралы? Бүгін сабақта не туралы айтамыз?

Оқушыларға буынға бөлінген сөздері бар көк және сары түсті ортасынан қиылған стикерлер беріледі. Оқушылар буынға бөлінген сөздерді жылдам құрастырып, өз жұптарын тауып алады да сөздерді тізбектеп сөйлем құрастырады. Сөзді дұрыс жалғаған жұпқа ұпай ретінде әр қайсысына асық беріледі. Өз жұптарымен сабақ бойы жұмыс жасайды. (1 ұпай)

Сөйлем: «Менің Отаным –Қазақстан».

—  Біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан.

- Сонымен бүгінгі сабақ тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? (Оқушылар жауабы).

- Иә, дұрыс айтасыңдар сабағымыздың тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан. Ол үшін берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет. Балалар біз бүгінгі сабақ тақырыбын аштық. Сонымен өзімізді сыңап көреміз бе? (Оқушылар жауабы).

«Ассоциация әдісі»

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

тәуелсіз мемлекеттік тіл рәміздер




табиғат Отан

Президент Астана көп ұлтты

(Тақтаға шығып сөзді дұрыс жазып, сөйлем құрастырған әр оқушыға бір асықтан беріледі. Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату) (1 ұпай).

Жаңа сабақты меңгеру. (2 минут)
рәміздер – символы
тату – дружные
ұлттық – национальные
табиғат – природа
мақтан етеміз – гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 - қатар хормен қайталайды;
3) 2 - қатардан бір бала оқиды;
4) 3 - қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін ауызша құру.

3 –тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. (Қоржыннан сан жазылған асықты алады да, сол сан бойынша киіз үйдің керегесіндегі сұраққа ауызша жауап береді. Жауап берген оқушы киіз үйдің уығын құрастырады. Әр оқушыға бір –бір сұрақтан келеді). (4 минут)

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстанның Президенті кім?

Қазақстанның астанасы қай қала?

Астана қандай қала?

Қазақстанда қанша облыс бар?

Тәуелсіздікке қанша жыл?

Сен қай облыста тұрасың?

Тәуелсіздікті қай жылы алдық?

Рәміздерді ата ....... (1 ұпай)

Тірек сызба бойынша жұмыс





5 мемлекетпен шектесіп жатыр. Олар: Ресей, Қытай, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан.



Қостанай Қызылорда Шымкент Оңтүстік Қазақстан Алматы

Тараз Атырау Қарағанды Павлодар

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Жұптық жұмыс (3 минут)

Біздің Отанымыз –Қазақстан. Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті –Нұрсұлан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы –Астана қаласы. Астана жас –қала. Қазақстан үлкен мемлекет. (3 ұпай) .

2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазу. Жұптық жұмыс. (4 минут)
Менің туған жер..., Отан.. – Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан... астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент.. – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(жазба, аударма жұмысы орындалады). 
(5 ұпай) (Екінші кереге құрастырылады).

Сергіту сәті «Қара жорға» биі (1 минут)

4–тапсырма. Сәйкестеңдіру. (Тақтада ілулі тұрған суреттерге оқушылар қай қалада не өндірілетін тайып, қаланың атын жабыстырады). (2 минут)

Қала аттары: Тараз , Атырау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан, Алматы (1 ұпай) 

ІҮ. Бекіту кезеңі. (5 минут)

5 –тапсырма.

1-топ: «Астана» деген сөзді септеу

2-топ: «Қала» деген сөзге фонетикалық талдау

3-топ: «Отан» деген сөзді тәуелдеу

«Венн диаграмасы» бойынша жұмыс

Қазақстан Ресей

Астана мемлекет Мәскеу

қазақ тілі көп ұлтты орыс тілі



Ү. Қорытынды, бағалау. (3 минут)

Сабақ соңында әрқайсысы жинаған ұпайларың санап өз бағаларын айтады.

Сабақ соңында көңілдері қандай екенін білдіру үшін әр оқушы тақтаға стикер жабыстыру арқылы білдіреді: сабақ жақсы ұнады дегенді, орташа, көңілсіз дегенді білдіреді. (Көңілді, орташа, көңілсіз). (2 минут)

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау. «Қазақстан» туралы презентация жасау немесе «Отан, туған жер» туралы 3 мақал –мәтел жаттау. (1 минут).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі