Материалдар / «Менің отаным - Қазақстан»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің отаным - Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным - Қазақстан. Біз бақытты елдің бақытты ұрпақтарымыз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің отаным - Қазақстан»


Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы колледж студенттерінің ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, слайд, Астанаға байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар, есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі.

Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік —биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Мен өз Отаныммен, еліммен мақтанамын. Себебі, менің қалам әсем әрі көрікті. Әрине басқа қалалар жаман емес. Өйткені отан деген-сенің кіндік қаның  тамған жер, ата-анаң, досың, Отанға деген махаббат, сыйластыққа ұласса бұл адамның рухани биіктігі. Дегенмен де Отанға деген сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің ұлтым қазақ. Ал Отаным Қазақстан.

Қазақстан –кең байтақ ел.

Төбесі көкке тірелген таулары бар. Көк жасыл орманы мен тоғайы бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар. Қазақстан әлемге әйгілі, өте бай ел.Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тула толқынды теңізі бар, әсем әрі көрікті қаласы бар, достығы жарасқан көп ұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар. Қазақстан менің туып өскен, яғни туған жерім. Мен үшін туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Себебі, сені нақты осы жерде елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Тіпті балалық кезден бастап-ақ адамда  Отанға деген махаббат сезімі оянады екен. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Мен тұратын қала үлкен болса да, мейлі кішкентай болса да мен үшін аса қымбат.
















Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі.

Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік —биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Менің Отаным - Қазақстан. Біз бақытты елдің бақытты ұрпақтарымыз. Кең байтақ жер, өзен-көл, табиғи қазба, дәнді дақыл... мұның бәрі менің еліме тән құндылықтар. ... Менің Отаным - Қазақстан. Біз бақытты елдің бақытты ұрпақтарымыз. Кең байтақ жер, өзен-көл, табиғи қазба, дәнді дақыл... мұның бәрі менің еліме тән құндылықтар. Бабаларымыз беріспей сақтап қалған отанымның ауасы да қымбат. Қазақстанның жері шынымда да кең байтақ. Кезінде бұл жердің бәріне атам қазақ егін егіп, көшіп-қонып мал баққан, ал бүгінде бұл жерлердің бәрі игеріліп, адамдар жайғасқан. Отан... Қандай ыстық естіледі деңізші! 


Көк аспан тіршілігім, мамыражай,

Батысты мекен еткен қалың Адай.

Кешегі Махамбет пен Исатайлар,

Өр рухтың өлмес бүгін тамырындай.


Шалқар көл, нулы орман табиғатың,

Жүрекке иман серік шариғатым.

Хиуаз, Мәншүк Алия қырмызы гүл,

Әлемге паш етті ғой халық атын.


Оңтүстік жер кіндігі Байқоңырым,

Қасиет құтты мекен жалпы өңірім.

Қазығұрт кеме қалған əулие мекен,

Жай табар күңіренсе қам көңілім.


Басынан қар кетпейтін Алатауым,

Халқыма тілер едім бақ атауын.

Іле, Лепсі, Талас, Шу, байтақ елім,

Жүректе мəңгі жанар жанартауым.


Шығысым орны бөлек əуел бастан,

Ғасырлар ғұмыр сүрер өлең - дастан.

Ұлы Абай, туып өскен құтты мекен,

Шыңғыстау əрі қарай Семей жатқан.


Алаш деп құрбан болған зиялылар,

Міржақып Дұлатұлы, Мағжаным бар.

Қазақтың қамы үшін жанын қиған,

Солтүстіктен шыққан тек қырағылар.


Сексен бес мыңнан астам өзені бар,

Қазағымның бағының бес елі бар.

Осындай ұлан ғайыр,

- Тәуелсіз ел.

Бұлбұл дауыс, əнші менен шешені бар.


Қазақтың қызымын деп мақтанамын,

Туған жерге тиген соң ақ табаным.

Қасиетінен айналдым о, Туған жер,

Мен сенен сор емес тек бақ табамын.


Өлең авторы: Әселхан Торбаева











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!