Менің Отаным - Қазақстан!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным - Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным - Қазақстан! Тәрбие сағаты, біртұтас бағдарлама негізінде жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы:

«Менің Отаным – Қазақстан!» /Қауіпсіздік сабағы/ «Төтенше қызмет нөмірлері»

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін,

табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік

пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

  • Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге,

ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін

ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге

тәрбиелеу

  • Төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату


Құндылықтарды дарыту:

Тәуелсіздік және отаншылдық

  • мемлекеттік тілді білу және құрметтеу;

  • мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;

  • дәстүрлерді сақтау және құрметтеу;

  • отбасының құндылығын түсіну;

  • тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

  • қоршаған ортаға қамқорлық жасау.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы:

5 минут




















Сабақтың ортасы: 30 минут































































Сабақтың соңы 10 минут

Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі


Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім: Балалар, бүгін біз «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз. Біз осы жерде өмір сүріп, білім алып, елімізді көркейтуге үлес қосып жүрміз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!


Қазақстанның рәміздерін таныстыру


  1. Қазақстанның Туы туралы мәлімет:

  • Мұғалім: Қазақстан Республикасының Туы – көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын көрсетеді.

  • Тапсырма: Оқушылар Ту туралы өз ойларын айтып, оны суреттейді.

  1. Елтаңба туралы мәлімет:

  • Мұғалім: Елтаңба – мемлекеттің айқын белгісі. Ол киіз үйдің шаңырағы, қанатты пырақтар мен бес жұлдыздан тұрады. Бұл қазақ халқының ежелгі мәдениетін бейнелейді.

  • Тапсырма: Оқушылар Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды.

  1. Қазақстан Әнұраны:

  • Мұғалім: Әнұран – еліміздің рухани күші. Ол бізді біріктіріп, бірлікке шақырады. Барлығымыз Әнұранды орнымыздан тұрып, бірге орындайық.

  • Тапсырма: Барлық оқушылар Қазақстанның Әнұранын бірге орындайды.


III. Отан туралы өлеңдер мен тақпақтар

Оқушылардың орындауындағы өлеңдер:

1. Оқушы 1: «Менің Отаным – Қазақстан» атты өлең оқиды.

2. Оқушы 2: Қазақ жерінің әсемдігі туралы өлең орындайды. 3. Оқушы 3: Туған жерге деген сүйіспеншілікті білдіретін өлең жолдарын айтады.


V. Шығармашылық жұмыс Тапсырма: Оқушыларды топтарға бөліп, келесі шығармашылық тапсырмаларды орындауды ұсынады:

1. Қазақстан туралы плакат жасау.

2. «Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу.

3. Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері туралы презентация жасау.


VI

Қызметтік машиналардың суреттерінен «Қызметті тап» ойыны.

-Бұл машиналар қандай қызметте жұмыс істейді?


Нұсқаулар:

1. Егер үйіңізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңыраушалыңыз.

2. Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған немесе қатты қорқытқан

болса онда 102-ге қоңыраушалыңыз.

3. Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау

шалыңыз.

4. Сізге кез келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.


«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104, 112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық

зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы,

баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы,

өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін

ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел

топтарымен байланыста.



Қорытынды.

Сабақ аяқталған соң, оқушылар туған жер туралы ойларын ортаға салады. Мұғалім

әрбір баланың пікірі мен тапсырмаларын бағалайды. Тәрбие сағаты Қазақстан туралы

терең білім беріп, патриоттық сезімдерді күшейтуге көмектеседі.


Оқушылар шеңбер болып

тұрады


Қазақстанның рәміздерін

таныстырады

Қазақстанның Туы

туралы мәлімет алады.


Қазақстан

Республикасының Туы –

көгілдір түсті, ортасында

күн, астында қыран

бейнеленген. Бұл рәміз

еліміздің бейбітшілігі

мен кең байтақ даласын

көрсетеді.Оқушылар

суретін салады



















Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды.














Оқушылар Қазақстанның Әнұранын бірге орындайды.











Отаным, туған жерім – Қазақстан,

Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.

Бүгінде ұландарың еркін күліп, Көгіңде қырандарың азат ұшқан.






Қазақстан туралы плакат жасайды.


«Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе жазады.


Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері жөнінде эссе жасайды.








Қызметтік машиналардың қандай қызмет атқаратыны туралы анықтама айтады.







Мамандандырылған қызметтерден көмек сұрай біледі.










Қандай жағдайларда шұғыл қызметтерге қоңырау шалу керектігін түсінеді.





















Өлеңдер, плакаттар, түрлі түсті қарандаштар













































































https://www.youtube.com/watch?v=

fyfkEuHSiIc&list=PLA5e

CSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=5





















Ааа



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі