жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің Отаным - Қазақстан!
Алғабас негізгі мектебі
Сынып сағаты
Тақырыбы:
«Менің Отаным - Қазақстан»
Өткізген: сынып жетекшісі
Салимова К.Т.
2015-2016 оқу жылы
Менің Отаным – Қазақстан
Мақсаты: елін, жерін сүйіп қадірлейтін, ұлтын қастерлейтін ұлтжанды оқушы тәрбиелеу; оқушы бойына патриоттық сезім ұялатып, саяси мәдениетін қалыптастыру; Отанына адал қызмет етуге, халқының тегін, тарихын білуге баулу.
Тәрбиелік байланыс:құқықтық тәрбие, ақыл ой тәрбиесі, рухани адамгершілік тәрбиесі.
Көрнекілігі:Қазақ жерінің көрінісі, Қазақстан картасы, рәміздері, Нұрсұлтан Назарбаев суреті, Астана қаласының суреті, Азия ойындарының чемпиондары, ұлы адамдардың сөздері, батырлар суреттері.
Барысы:
Анастасия:
Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – республикам менің!
Орманы – пүліш, бұлағы – күміс,
Бұлбұлы – жыршы, ұл-қызы керім.
Таулары заңғар, өзені – ырыс,
Қазақстан – республикам менің!
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған
Қазақстан – республикам менің!
Жүргізуші:Міне, осындай кең байтақ республикамыздың кең егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге толған байтақ өңірі, малға толы өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары сендерге мұра болып қалады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сыныбымызда өтетін «Менің Отаным – Қазақстан!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған-туыстармен, жақындарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Атамекен... Бұл адамға өте бір жақын, тілмен жеткізе алмайтындай түсінік. Өйткені ежелден ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, биік тау болсын, өзінің кіндік кескен, өсіп өнген жерін адам «Атамекенім» деп сүйеді.
Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да туған жері – Отаны.
Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан. Қазақстанның жер көлемі 2717,9 шаршы шақырым.
Халқының саны 17 млн. Қазақстан жері Қытаймен, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркімен елдерімен шектеседі. 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. (географиялық карта)
Қазақтың біртуар Ыбырай, Шоқан, Абай сияқты ұлдары халқының мәдениетін, ғылыми білімін, көтеруді армандады, сол үшін өмірлерін сарп етті.
Ал Жаяу Мұса, Біржан сал, Дина сияқты өнер саңлақтары қазақ халқының мұңын, қуанышын өз ән-күйлеріне қосты.
Міне, осындай зиялы азаматтарымыздың туған жері – қазақ жері. Енді қазақ даласын суреттеп көрейікші.
Толғанай:
Неткен байтақ қазақ жері кең еді,
Жетпес оған еш ақынның теңеуі.
Кеңпейілдік, дархандыққа жасымнан
Баурап еді баласындай мені елі.
Кішіпеіл, қарапайым қазағым,
Атақ-даңқың аударса әлем назарын,
Қуанышың ортақ маған, ер елім.
Жүргізуші: Ал біздің еліміздің кескін келбеті қандай? (сурет)
Дамир:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.
Дала көрсең көк жиекпен таласқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім – теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең анық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген –
Ұлан байтақ республикам бұл менің.
Жүргізуші: Міне осындай ұлан байтақ елімізді сүю – біздің борышымыз. Отанды сүю дегеніміз – кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесіне, игілігіне арнау, туған жерді қорғау, оған деген ыстық махаббаты сынды ерекше асқақ сезім.
Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, небір шұрайлы ой түйіндерін арнаған.
Ендеше осы жерді жан-тәнімен көздің қарашығындай сақтайтындар да – алдымен қазақ халқы.
Біздің ата-бабаларымыз Алатау, Алтай, Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап келді. Бостандық пен тәуелсіздік жолында шыбын жанын аямаған батырларымыз Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасым мен Абылайхан т.б. көптеген батырларымызды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызмет еткенін үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз.
Отан болу үшін тілі, діні, тарихы, дәстүрі болуы керек.«Егемен болмай, ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас» демекші қазіргі таңда егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда-саттық, қарым-қатынас жүргізе алады.
Балалар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып қай кезде жарияланып еді? (16 желтоқсан 1991 жыл)
1991 жылдың 1-желтоқсанында Президент сайлауы өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
1992 жылы Қазақстан рәміздері бекітілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Көк Байрағын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмарындай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсы – осы» депті.
Артём:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашаннан
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің –
Елдігімнің белгісі.
Жүргізуші: 1995 ж. 30 тамызда Қазақстан Ата Заңы қабылданды.
1997 жылы еліміздің бас қаласы Астана болды. Астана 10 жыл ішінде әлемде өзіндік келбеті бар әсем қалаға айналды.
Наташа:
Астана – таң сәулелі өшпес жарық,
Жарқырап күндіз-түні тұрған жанып.
Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан,
Сол нұрдан ләззат алған барша халық.
Орындалып көптен күткен арманы
Ел қыраны биіктерге самғады.
Елу елдің қатарына қосылу
Осы емес пе еліміздің ардағы!
Жүргізуші:
Біз бүгінде еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық.
Артём:
Тапқандаймыз өрелі істің ірісін,
Тапқандаймыз тәуелсіздік жемісін.
Жар салатын біздің ұран бүгінгі –
Ұлтаралық татулық пен келісім.
Туған елім, бүгін саған не дейін,
Ертегідей ертеңіне сенейін.
Бүгінгідей бүкіл әлем алдында
Асқақтасын мәртебең мен мерейің.
Жүргізуші:2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. 2010 жылдың 1-2-желтоқсан аралығында Астанада саммит өтті.
Арлан:
Қауіпсіздік, ынтымақта талап бір,
Бар жүрекке ізгілікті тараттыр.
Осы жайлы Астананың саммиті,
Астанаға әлем бүгін қарап тұр.
Алты құрлық, алыс-жақын қиырдан,
Алпыс елдің басшылары жиылған.
Дүрбелеңді дүйім дүние назарды,
Бүгін біздің астанаға бұрылған.
Жүргізуші:31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында біздің елімізде VII Қысқы Азия ойындары өтті. Бұл үлкен ойында Қазақстан спортшылары үлкен жеңіске жетіп, еліміздің абыройын одан әрі асқақтатты.
32 алтын, күміс, қола медальдарын иеленіп, Қысқы Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Отанымыз туралы қаншама ақын-жазушылар, ұлы адамдар айтса да, әрбір Қазақстан азаматтарының мақтанышын, сүйіспеншілігін жеткізе алмас, өйткені әр адамның Отанға деген махаббаты шексіз.
Султан:
Еліммен бірге тілегім,
Туған жер – алтын тұрағым.
Жатқа да айта білемін
Елімнің әнұранын.
Дамир:
Құрметтеймін жерімді,
Өзен-көлін, нуын да.
Қастерлеймін елімді,
Әнұранын, туын да.
Анастасия:
Қазақстан – Отаным,
Туған жерім – киелім.
Арттырып даңқын, атағын,
Туына бас иемін.
Өрледі даңқын, атағың,
Қазақстан – Отаным,
Нұрға бөлер еліңді
Ақ таңың болып атамын.
Жүргізуші:
Балалардың өнерлі
Тыындадық біраз әр үнін.
Елі жайлы ал енді
Қорытындылайық білімін, - деп сұрақ-жауап арқылы түйіндейік.
-
Танытып айбын, өр үнін
Таң қалдырған жер жүзін.
Кім айтар қазақ елінің
Егемен алған мерзімін?
Тоқсан бірінші жылы
Жиырма бесі қазанның.
Егемен болып ұл-қызы,
Танылды ел боп қазағым.
-
Нұрын төккен арай көк,
Иесі ұлы төріңнің.
Аталады қалай деп
Мемлекеті еліңнің?
Айнасы келбетімнің,
Бүгінде мол сыйласы.
Аты мемлекетімнің –
Қазақстан Республикасы.
-
Халқы үшін мынау өмірдің
Татқан тұщы-ащысың.
Кім айтады елімнің
Мемлекеттік басшысын?
Мадақтап бар жақсы ісін
Ақындарым жырлаған.
Мемлекеттің басшысы –
Назарбаев Нұрсұлтан.
-
Тосқауыл қойып әр төре
Зарықтырған елімді.
Мемлекеттік мәртебе
Тіліме қашан берілді?
Тосқауыл қойып әр төре
Ширықтырды ер ұлды,
Тіліме ал мәртебе
Тоқсан үште берілді.
-
Қол жетпей келген ең басты
Сырын ашқан ғажаптың.
Кім айтады алғашқы
Ғарышкерін қазақтың?
Ғарышкерін қазақтың
Тұңғыш Тоқтар ағамыз.
Сынығындай алтынның
Біз де жұлдыз тағамыз.
-
Құқығы боп табылар,
Намысты оттай жанылар.
Егеменді елімнің
Қанша Ата Заңы бар?
Намысты оттай жаңылар,
Ар-ождан жаны бар,
Егеменді елімнің
Екі Ата Заңы бар.
Жүргізуші:
Бәрекелді, жарадың,
Өте дұрыс жауабың.
Таудай болып талабың,
Шағылмасын тауаның.
Шақырумен қолқалап
Ұлы тойға келгесін,
Биші шығып ортаға
Қазақ биін билесін.
Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толды. Осы үлкен мерекеге 4-сынып оқушылары бүгінгі ертеңгілігін арнады.
Қазақстан – елім менің,
Отаным – жерім менің.
Өзіңнен өскен тарап
Ата-бабам, тегім менің.
Сені Отан қасиетті
Сүйеді бар ұланың,
Байрағың желбіреген,
Асқақтап әнұраның.
Ертеңгілігімізді еліміздің әнұранымен аяқтаймыз.
Келгендеріңізге көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген