400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның кең -байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. 2. Балалардың қызығушылығын,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3. Отанды суйе білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Бәйтерек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан!

Мақсаты:1.Қазақстанның кең -байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру.

2. Балалардың қызығушылығын,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Отанды суйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар :.кілем, карта, Астана, Алматы қалаларының суреттері.

Сөздік жұмыс: Отан.

Билингвальды компонент: Отан-родина, астана-столица.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық.

Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсің бе, Кү шуағы! Сенің шуағың ертемен бізді оятты. Күн шуағы бізге әрдайым нұрын шашады. Рақмет саған. Біз өстік саған қарай қол созамыз, қонақтарға жылы лебізімізді білдіреміз! Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.. Күн шуағы сен бүгін бізбентбол.

Өте жақсы балалар! Саяхатқа шыққыларың келеме?

-Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.









Шаттық шеңберіне тұрады,бір- біріне игі тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік.

-Сонымен біз кілемшемен туған өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз.

Біздің отанымыз қалай аталады?

Картадан біздің еліміздің аумағын көрсетіп, Отанымыз туралы әңгімелеу.

Билингвальды компонент: Отан-родина, астана-столица.

Отан (Родина)- туған ел, өскен жер.

-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Бұл еліміздің табиғатының алуан түрлі екенін көрсетіді.Осы түстер нені білдіреді?

-Балалар, біз қазір елді мекендер үстінен ұшып барамыз: кішкентай үйлер, жайлауда мал жайылып жүр, киіз үйлер, ешқандай көлік түрлері түтіндеп жатқан зауыттар көрінбейді.

Табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір.

Бұл не екен? Ауыл.

-Бұл еліміздің ең басты қаласы- Астана.

Астананың үстінен ұшып бара жатырмыз. (Астана қаласындағы жаңа ғимараттардың суреттерін көрсету)

Астана-столица.

Сергіту сәті:

«Жақсы ма!?»

-Күн шыққаны жақсы ма?

-Жел соққаны жақсы ма?

-Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?

-Анаңды құшақтаған жақсы ма?

-Отаныңда өмір сүрген жақсы ма?

-Үйде болған жақсы ма?

-Би билеген жақсы ма?

-Отаныңның азаматы болған жақсы ма?

Қараңдар біз қарлы шыңы бар тау үстінен ұшып барамыз. Бұл талар Тянь-Шань деп аталады. Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілемдері Алатау деп аталады.

Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздақтар мен көпжылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Мұндай таулар биік болып келеді. Тау етектерінде орман-тоғай бар. Осы ІлеАлатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан. Тянь-Шянь жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағыбау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде әлемге танымал апорт алмасы өседі.

-Қазақстан.





Қайталайды.



-Көк, көгілдір түс суды білдіреді.

-Қоңыр түс тауды білдіреді.

-Жасыл түс орманды білдіреді.

-Сары түс шөл даланы білдіреді.


Картадан Астана қаласының орналасқан жерін көреді.








-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!





Тыңдайды.

Алматы қаласының көрнекі жерлерінің суреттерін көріп тамашалайды

Рефлексиялық- түзетушілік

Бірнеше баладан Апорт алмасы қандай? деген сұраққа жауап алынады.

-Міне саяхатта аяқталды.

-Сендерге саяхат ұнадыма?

-Біз қай жерлерде болдық?

Әсерлерімен бөлісіп, сабақты қорытындылайды.

Отанымыздың кең-байтақ екенін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, саяхат-оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырмаларды.

Түсінеді: Қазақстан Республикасының кең-байтақ және бай мемлекет екенін.

Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі