жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отаным - Қазақстан
Тақырыбы: Менің отаным - Қазақстан
Мақсаты:
-
Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктер мақтан ету;
-
Отанды сүюге, «Мәңгілік ел» идеясын өркендетуге, ел байлығын қорғауға,өткен тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге,өз елінің нағыз патриоты болуға шақыру;
-
Отаны үшін отқа түсетін, елін шынайы сүйетін ел азаматы болуға үндеу;
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ұланымыз Ұлы елдің » атты патриоттық форумға қош келдіңіздер.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен-
Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.
Ән: «Қазақстан» Бауыржанұлы Айсұлтан
1-жүргізуші:
Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өтіп кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік –ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
1-жүргізуші:
Биылғы жылы еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше жыл деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі тойлануда .
2-жүргізуші:
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел- қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді.
1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-жүргізуші:
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1-жүргізуші:
1992 жылы 4 маусымда -Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы,елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
2-жүргізуші:
1992 жылдың наурыз айында- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1-жүргізуші:
1993 жылы 28 қаңтарда-Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
2-жүргізуші:
1994 жылы 6 шілдеде-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданданды.
1-жүргізуші:
1995 жылы 30 тамызда – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
2-жүргізуші:
2005 жылы 4 желтоқсанда –Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н.Ә. Назарбаев Президент болып қайта сайланды.
1-жүргізуші:
2007 жылы 4 маусымда –Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасы Конститутциялық заңы қабылданды.
Еліміз бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізді.Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.
2-жүргізуші:
«Мен 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін»-деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып,Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген. Бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан, бір ел , бір мүдде, бір мақсатта еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Аяпбергенова Ақсұңқар мен Тұмарханның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!
1 – оқушы.«Туған өлкем »
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді
Туған жерге,Отаныма шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы,
Асқар тауым , жазық далам, арманым,
Туған өлкем – жерұйығым, жұмағым
Бала кезден артықсың сен мекенім
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан-жылға арта берсін берекең
Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің.
2-оқушы «Отаным»
Тас құрсаудан азат болған Отаным,
Тәуелсізбін-қадамды нық басамын.
Бұл бақытқа жетпей кеткен қаншама
Жанарлары жәутеңдеумен ботаның
Киелімсің,қасиетімсің сен менің
Қазынаға толы байтақ белдерім.
Атамекен жерін аман сақтаған
Батыр бабам-қасиетті ерлерім.
Шуақ болып атар таң да,батар күн,
Елім алды болып қатардың
Қарыштай бер,менің Қазақстаным.
Мерейі үстем Республика атандық.
3-оқушы
«Менің
Отаным-Қазақстан
Менің Отаным бақыт жолында
Отаным менің- өмірімнің айғағы,
Бұзылмаған ел ғой әлі қаймағы.
Балалық жас,лүпілдеген жүректі,
Желбіретті Отан қанат жайғаны.
Отаным менің кең – байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар,қане,артық дейтін қазақтан.
О,Отаным.Құлыныңмын қойныңда,
Өзіңменен өмірім ,өзің де балаң ойым да
Балағың күлімдеген ертеңгі,
Отан-Ана,мына менің мойнымда.
4-оқушы.
Республика.Ерікті ел-Қазақстан.
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған менде бір мәз арыстан
«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туысатын.
5-оқушы.Дамир.
1-жүргізуші:Ширек ғасыр тарихы бар Тәуелсіздігіміздің баянды болуын әлем таныған Қазақстанның жетістіктерін еселеу – болашақ ұрпақтың, яғни біздің парызымыз.
Ән: «Көк тудың желбірегені» Орындайтын Мәденов Бекнұр
2-жүргізуші:
Елбасымыз өз жолдауларының бірінде үш тұғырлы тіл саясатын қолдану керектігін айтқан. Ол жастарымыз қазақ тілін біліп,орыс тілінде сөйлеп, осы үш тілді жетік меңгеріп, елімізге өз үлестерін қосса екен деген мақсатпен айтқан болатын. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деген болатын.Өркениетті ел қай кезде де өз өнерімен, мәдениетімен мәңгілік!
Өз елінің би өнерін биік санайтын биші қыздарыңыздың
«Дала сазы» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақ елі сан қилы қиын заманды бастан кешірген. Оған куә біздің тарихымыз. Сонау«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» оқиғасынан бастап, қазақ елі не көрмеді? Ашаршылықтан, репрессия жылдарынан, одан бергі 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы, күні кешеге дейін ізі суымаған «Желтоқсан оқиғасы» біздің қазақ еліне оңай тиген жоқ. 1991 жылы Қазақ халқы өз Тәуелсіздігін алды. Тұңғыш қазақ президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Ендігі жерде өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Тәуелсіз дербес елміз. Осындай бақытты күндерімізге жеткізген ата- бабаларымызға, ержүрек ұл-қыздарымыз бен батырларымызға, ел басқара білген хандарымызға, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мың алғыс!
2-жүргізуші:
Қазақстан-менің Мәңгілік Елім,
Қазақстан –менің Атамекенім!
Хор: «Атамекен»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген