Менің отаным- менің Қазақстаным!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отаным- менің Қазақстаным!

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің отаным- менің Қазақстаным! атты мектепалды даярлық тобындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



25 қазан Республика күні

Тақырыбы: Менің отаным- менің Қазақстаным!

Мақсаты:1. Оқыту: балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

2. Тәрбиелік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамыту: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Ертеңгілік барысы:

Балалар музыка ырғағымен жалаушалармен залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала – дағы ең кіші.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, гимн орындалсын. Барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды кеудемізге қойып, гимн орындайық

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, Отан деп біз нені атаймыз?

Балалар: Отан – Туған жеріміз.

Тәрбиеші: Біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Тәрбиеші: Балалар, білесіңдер ме Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Өлең шумақтары:

1 – бала: Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді
 

2 – бала: Республика күнімен

Құттықтаймын сіздерді,
Құтты болсын қазағым,
Қуанатын күнің ең...

3 – бала: Республика күнінде,
Ән айтамыз, билейміз.
Қайғы жұтып, алаңдап,
Мұңаюды білмейміз.

4 – бала: Балалармыз бақытты,
Мерекені тойлайтын.
Республика күнінде,
Бар жақсыны ойлайтын.


«Қазақстаным-Отаным» әні орындайтын Мұратов Айсұлтан

Тәрбиеші: Балалар, мен бір керемет ойын білемін. Ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Ойнаймыз!

Тәрбиеші: Бұл ойын «Кім жылдам?» Суреттердің орнын табу

(Балаларды 3 топқа бөліп, суреттерді құрату)

Өлең шумақтары:

1 – бала: Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Республика күнінде,
Жұлдыз болып жанамын.

2 – бала: Республика күні бұл,
Шаттығымды көбейтер.
Қазағымның үні бұл,
Тынысымды кеңейтер...

3 – бала: Құтты болсын, Қазағым,
Республика күні бұл.
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл.

4 – бала: Республикам жасай бер,
Атар таңың бақ сыйлап.
Тәуелсіз ел жасай бер,
Қуанышты күй сыйлап.

5 – бала: Республикам ғажабым,
Артсын даңқың, ажарың.
Қазақ елі жанданып,
Таусылмасын базарың!


.Тәрбиеші: Ал енді біз тамаша қазақтың «Батырлар» биін тамашалайық.

«Батырлар» биі. Ұлдардың билері

Ойын «Қима қағаздан сурет құрау».

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетпіз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар

 Біздің де мерекеміз аяқталайын деп жатыр. Және біз мерекеміздің

соңында «Тәуелсіздік ел ұланы» әнін шырқайық!

«Туған ел» әні. Хор

 Тәрбиеші:Осымен біздің «Отаным менің- Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Барлығыңызды 25 қазан Республика күнімен құттықтаймыз! 

 

Picture 1

Picture 3





“№1 мектеп-лицейі” КММ











Сынып сағаты

Менің отаным- менің Қазақстаным

Picture 7









МАД «Ә» тобы

Утебаева Перизат



2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі