Мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін,
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін,
мәдениетін, салт - дәстүрін, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық
мерекекүнін сезініп, қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар
тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар
және қонақтар!
Бүгінгі 25 қазан Республика күні- ұлттық
мерекеге арналған «Менің Отаным -Қазақстан»кешімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан - алтын
күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын
күн.
Атандың сен барлық әлем
тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген
халқыңның.
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан - ұлы
анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан - қиял жетпес биік
тау,
Қазақсатн - жазғы күнгі гүл алаң- дей келе
алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Жагпаров Уалихан
Тоққожаұлына беріледі.
жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп
Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ
халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан
кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына
кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Хор:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында,
жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса
ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып,
дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау
қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан
дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген,
өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын
жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе - тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері -
дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
2-сынып оқушыларының
сәлемдемесі
Жүргізуші: Елім менің!
Қазақстан - менің туған
анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар
даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен
момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген
данамсың.
Елім менің атыңды атап ер
жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен
тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз
бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрсеттірген
өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген
өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар
көзімсің
Ән: Қазақстан
Жүргізуші:
Отан! Отан! Сені мәңгі сүйіп
өтермін
Сен аңсаған армандарға жетермін
Отан! Отан! Биік сенің тұғырың
Өзіңменен өтіп жатыр әр күнім
Сен арқылы көріп біліп тарихты
Туған елдің ыстығын мен
ұғындым!!!
ӘН: «Менің Отаным»
Жүргізуші:
Бақытым - Республикам
Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар
ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз
ауысқан
БИ: «Қазақ биі»
Жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ -
дәулетім,
Болашағым, өнер - білім,
өркенім.
Ән: «Отан»
Жүргізуші:
Қазақстан- бар қазақтың киелі туған
жері,
Қазақстан -қазағымның туған елі
Кең байтақ Қазақстандай жерде
туған,
Қазақтың Тәңірі берген несібесі
Ән: «Туған өлкем»
Бейбіт өмір тілеймін мен
халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар
көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр
бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр
құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір
ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен
ынтымақ.
БИ:
Жүргізуші:
Қазақстан - туған Отан алтын
бақ,
Қазақстан - мейірлі ана, дос
қымбат.
Қазақстан - бізді туған Ұлы
Отан,
Ұлы жолға түсті келіп
жарқылдап.
Қазақстан - көпті көрген қария,
Жайнай берсін, жайнай бер сен
мәңгілік!
Ән: «Мәңгілік ел»
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе
бүгінгі 25 қазан Республика күніне арналған «» атты мерекелік
кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар.