Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағатының тақырыбы |
«Менің Отаным – Қазақстан» |
|
Күні: |
02.09.2024 |
|
Сынып жетекшісі |
|
|
Сынып |
11 «В» |
|
Оқу мақсаты |
Оқушыларды жаңа оқу жылына ынтыландыру және позитивті көңіл-күй қалыптастыру. Биік шыңдарға біліммен, еңбекпен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену. Отан туралы білімдерін бекіту. |
|
Құндылықты дамыту |
Ұлттық мүдде, патриотизм, ынтымақтастық. |
|
Күтілетін нәтиже |
Танымдық көзқарасы қалыптасады. Ой – өрісі , таныымдық дүниетанымы қалыптасады. Логикалық ойлау , сөйлеу қабілеттері шыңдалады.Туған жерін құрметтейтін саналы ұрпақ қалыптасады. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Сәлемдесу. Гимн орындалады . Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем, Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған. Бозторғайы бол оның шырылдаған. Отан,Отан! Бәрінен биік екен, Осы өлең жолдарын тыңдап отырып не естеріңе түсті? Және бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-деп, М.Мақатаев жырлағандай, әрбір адам өз елін, жерін –Отанын сүйе білу керек. Біздің туған еліміз-Отанымыз-кең байтақ Қазақстан.
1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенін, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер? Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру. |
Оқушылар сынып жетекшісімен амандасады Оқушылар өз болжамды жауаптарын айтады Оқушылар тақтадағы қанатты сөздерге мән беріп оқиды |
|
|
Көрнекіліктер |
|||
|
Сабақтың ортасы |
Әңгімелесу Жазғы демалыс қалай өткендігін, қандай жақсы жаңалықтар болғанын сұрау. Жазғы демалыста қандай кітап оқығандарын сұрау. «Мен жазда не үйрендім?» Мұғалім оқушылардың ойын тыңдап, оқудың тек мектепте ғана емес, кез келген уақытта, жерде болатынын айтады Шығармашылық тапсырма. «Менің мақсаттарым»
Мұғалім. Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. «Ойтолғау» Мен жастарға сенемін, - дегендей енді өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. 1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің? 2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің. Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің қолдарыңызда Білімге байланысты сұрақтарға жауап береді
Сұрақ жауап әдісі арқылы – «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Әр бала қағазда жазылған сұрақтарға тез жауап береді 1. Ұлттық валюта қалай аталады? (Теңге) 2. Қазақстан мемлекетінің президенті (Тоқаев) 3.ҚР туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 4.ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов) 5.Әнұранымыздың авторлары кім? (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов 6. Елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар). 7. ҚР рәміздері (Әнұран, Елтаңба, Ту) Міне балалар бүгін мәнді де мағыналы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қазақстанымыздың болашағы жарқын болу үшін біз аянбай еңбек етуіміз керек. Яғни еңбек ету үшін белгілі бір мақсатымызға жету үшін біз білімді, тәрбиелі, өнегелі болуымыз керек.Еліміздің болашағы міне болашақ жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Солдықтанда әрқашанда білімді, алғыр, тәрбиелі болыңыздар |
Әр оқушы жазда қандай жаңа нәрсе үйренгенін айтып береді Оқушылар жаңа оқу жылында қол жеткізгісі келетін арман, мақсаттарын жұмыс парағына жазады Оқушылар сұрақтар бойынша өз ойларын айтады Оқушылар тақтада қима қағаздың артына жасырынған мақалдың жалғасын табады Жауаптары: 1. Күш — білімде, білім — кітапта. 2. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 3.Отан от басынан басталады 4.Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта 5.1991ж. 16 желтоқсан 6.Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы 7.33 жыл |
Қима қағаздар Презентация |
|
Сабақтың соңы |
Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай жүрекшелерге өз тілектеріңді қалаған адамдарыңа жазып тапсыруларыңды сұраймын. Сонымен балалар бүгінгі сабақтан не білдік? Не туралы, қандай адами құндылықтар, қасиеттер туралы білім алдық? |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің Отаным – Қазақстан»

шағым қалдыра аласыз