Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Отаным -Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным -Қазақстан"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Отаным- Қазақстан!»

Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан!»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.  
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат 


Сәлеметсіздер ме құрметті тәрбиешілер және бүлдіршіндер бүгінгі 25-қазан Республика күні құтты болсын баршамызға. « Менің Отаным –Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.



Шаттық шеңбер:

Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!



Хор: Гимн. 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар қандай атап береміз?

Күз мезгілінде жапырақтардың түсі қандай түске боялады?



Жарайсыңдар балалар ал ендеше «Балбөбек» тобы Республика күніне орай тақпақтары қабыл алыңыздар.
- Кәне балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады? 
- Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «
Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. ) 
1 – Еліміздің бас қаласы ?
2 – ҚР президенті кім?
3 – Астана қаласында қандай ғимараттар орналасқан? 
4 – ҚР-ның рәміздері нешеу ?
5 – ҚР-ның рәміздерін атап береміз?
6 –Балалар сендер қандай ауылда тұрасыңдар? 
7 – Отан туралы жаттау айта аламыз ба?
8 – Отан туралы мақал-мәтел айтамыз?



Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Құлыншақ тобының бүлдіршіндері тақпақ айтамыз.

Ұлмерей

Арыстандай айбаттым. 
Жолбарыстай қайраттым, 
Аспандаған байрақтың 
Қанша жұлдыз жайнаттың. 
Қанша бұлбұл сайраттың, 
Қазақстан ардақтым. 


Айым
Күнді құшқан қос қыран, 
Аясында қалқыған. 
Аспан түсті туым бар, 
Көк теңіздей шалқыған. 



Алинұр
Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам әлемге танылды анық. 
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, 
Арманым ата заңым қабылданып. 



Рәзия
Өзіңдікі туыңда, 
От пен ауа, суың да. 
Жаса Қазақстаным, 
Белді бекем буында. 


Рахима

Жаса жаңа Астанам 
Өркен жая бастаған 
Болашақтың есігін 
Өз қолыңмен аш маған.



 Бағдат
Бұлт баспасын күнімді 
Тартылмасын өрісің 
Биік ұстау туымды 
Қасиетті борышым. 

Келесі кезекте «Балбөбек» тобының орындауында Хор «Қазақстаным Отаным» қабыл алыңыздар.

Жарайсыңдар балалар енді Құлыншақ және Балбөбек тобының балалары Республика күніне орай тапсырмалар береміз сол тапсырмаларды орындап шығамыз.Дайынбыз ба, -ал қане кірісеміз.


Жарайсыңдар балалар ары қарай отанымызға деген жаттауларымызды жалғастырамыз.

Сара

Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, 
Екпіндеген қыран құсты үні бар. 
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай, 
Қазағымның желбіреген туы бар 


Сымбат

Отан деген атамекен 
Отан деген туған жер. 
Отан ана, Отан үлкен 
Қазақстан туған ел. 


Жарайсыңдар ендеше Отанымыз туралы мақал –мәтелмен жалғастырамыз.
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 
Қымбат: Отан от басынан басталады. 
Раяна: Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
Еркежан: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
Мұхаммедали: Отан оттан да ыстық. 
Аян: Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. 

«Балбөбек» тобының орындауында би. 

- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. 
Хор: «Жаса Қазақстан» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) 
Қорытынды. Сұрақ-жауап.
Байтақ дала жерім менің 
Арта берсін даңқың сенің 
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің 
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен « Отанымды мақтан тұтамын» атты іс- шарамыз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12