ҰІӘ
тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Мақсаты:
*
Балалардың Қазақстан туралы білімдерін
кеңейту.
*
Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық
сезімдерін қалыптастыру.
*
Мемлекеттік рәміздерді танып, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Қазақстан
картасы, Ту, Елтаңба, Әнұран суреттері,
Астана қаласының көріністері, ұлттық
киімдер, слайд немесе бейнематериал.
Іс-әрекет
барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
*
Балалармен амандасу.
*
Шаттық шеңбері.
Шаттық
шеңбері:
Армысың,
алтын Күн!
Армысың,
көк Аспан!
Армысың,
туған Жер!
Армысың,
достарым!
Бәріміз
бірге,
Бақытты
баламыз!
2.
Кіріспе әңгіме
Педагог:
– Балалар,
біз қай елде тұрамыз?
– Қазақстанның
астанасы қай қала?
– Қазақстанның
мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
Балалардың
жауаптары тыңдалады.
3.
Негізгі бөлім
Педагог
Қазақстан картасын көрсетіп әңгімелейді:
– Қазақстан
– біздің туған Отанымыз. Еліміз
кең-байтақ, табиғаты әсем. Елордамыз –
Астана. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері
тату-тәтті өмір сүреді.
Мемлекеттік
Ту, Елтаңба, Әнұран туралы қысқаша
түсінік беріледі слайд көрсетіледі.
4.
Сергіту сәті
Көк
туымды желбіретіп,
Биік
ұстаймын мен бүгін.
Қазақстан
– Отаным,
Мақтан
тұтам әр күнім!
5.
Дидактикалық ойын
«Рәміздерді
тап»
Балалар
суреттердің ішінен Қазақстанның Туын,
Елтаңбасын және басқа елдердің рәміздерін
ажыратып табады.
Немесе:
«Астананы
тап»
Әртүрлі
қала суреттерінің ішінен Астананы
таңдайды.
6.
Қорытынды
Сұрақ-жауап:
*
Біздің Отанымыз қалай аталады?
*
Астанамыз қай қала?
*
Мемлекеттік рәміздерді ата.
*
Отанды не үшін жақсы көреміз?
Рефлексия:
*
Қазақстан туралы негізгі мәліметтерді
біледі.
*
Мемлекеттік рәміздерді таниды.
*
Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет
сезімін білдіреді.