400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным -Қазақстан. Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным -Қазақстан. Шағын орталық тәрбиешілеріне арналған сабақ жоспары. Тәрбиеленушілерді патриоттық сезімге баулуда орны зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Х Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын

орталығымен» КММ «Бөбек» шағын орталығы «Балбөбек»

ортаңғы тобы

Тәрбиеші Давлетжанова Шынар



Күні:17.12.2021.

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным

Апталық тақырып:Астанам-бас қалам.

Білім беру саласы:Әлеументтік

Оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Менің Отаным -Қазақстан

Мақсаты:Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы туралы әңгімелеп беруге үйрету.Отанына,оның өткені мен бүгініне қызығушылығын,сүйіспеншілігін аттыру.

Қолданатын әдіс-тәсілдер:Көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап,мадақтау.

Сөздік жұмыс: Қазақстан Республикасы.

Билингвалды компонент:Отан-Родина,Астана-Столица

Мотивациялық-ұйымдастырушылық

Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтайық

Атсын күліп таңымыз.

Мотиватциялық-ұйымдастырушылық

-Балалар біз қандай жерде тұрамыз?

-Ия дұрыс айтасыңдар,Қазақстан деп аталады.

-Біздің жерімізді қалай атайды?

-Қазақстан Республикасы деп атайды.

-Балалар біз қандай ауылда тұрамыз?

-Сарбел ауылында тұрамыз.

-Балалар Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

-Балалар Отан деген өзіміздің жеріміз,табиғатымыз,суымыз және отбасымыз.

Осы Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады,олар тату-тәтті өмір сүреді.

Балалардың көңілін суреттерге аудару.Балалар мына суреттен тәуелсіздікті алмай тұрғандағы Қазақстан жерлерінің суреттері.

-Ал мына суретте Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Жеріміз гүлденіп,зәулім-зәулім үйлер,мектептер,мәдениет үйлері,үлкен дүкендер салынды.Сендер сияқты кішкентай балаларға әдемі балабақшалар ашылды.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Екі өолды созамыз.

Оңға,солға бір бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып аламыз

-Балалар Қазақстан жерінің тамаша табиғаты және өзіміздің Туымыз,Елтаңбамыз және Әнұранымыз,теңгеміз бар.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қортынды

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде болған соң,

Бақытты өмір сүреміз. (тақпақты жаттату)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан жерінде тұратынын.

Меңгерді: Отан-ол өз жері,табиғаты және отбасы екенін.

Игереді: Суреттерге қарап әңгіме құруды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.12.2022
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі