Материалдар / Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
647
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар.

                            Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Өзгешелігі сайысты ұлдар мен қыздар арасында өткізгелі отырмыз. Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.

         Сайыстың шарттары:

1.     Мақал-мәтел айту

2.     Бәйге

3.     Поэзия минуты

4.     Үй тапсырмасы

5.     Жеті жұмбақ

6.     Тілек айту

      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.

     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).


      Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Кіріспе: Қазақстан дейтін менің отаным

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мұғалім сөзі:

- Ата-бабалардың армандап өткен Тәуелсіздігіне қол жеткелі міне 22 жыл толыпты. Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем болды. Әлемге әйгілі болды.

1) оқушы:

- Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2) оқушы:

- 1991 жылдың 16 Желтоқсаны – ел тарихындағы ұлы күн. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Слайд «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы»

1990-2011 жылдар (парақтағы сөздер кетеді;)

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

1. 1990 жылғы 25 қазан – Жоғарғы Кеңес « Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.

2. 1991 жылғы 21 желтоқсан Алматы келсімі. 11 Республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

3. 1991 жылғы 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

4. 1991 жылғы 10 желтоқсан – Қазақ КСР – ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

5. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

6. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні.

7. 1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

8. 1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

9. 1992 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік ӘНҰРАНы бекітілді.

10. 1992 жылғы қаңтар – ішкі істер әскері құрылды.

11. 1992 жылғы қаңтар – Республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды, және алтын қорын жинауды бастады.

12. 1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

13. 1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

14. 1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді.

15. 1995 жылғы 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

16. 1996 жыл 26 сәуір – Шанхай «Шанхай бестігі» құрылды.

17. 1997 жылғы қазан – «Қазақстан -2030» стратегиясы жарияланды.

18. 2010 жыл – ЕҚЫҰ – Қазақстан төрағалық етті

19. 2011 – Ислам конференциясы өтті.

20. 2011 – Азиада қысқы олимпиада өтті.


4) оқушы:

- Қазақстан!

Қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,?

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.

У- уайымсыз уақытты

Е- егемендік елдікті

Л- дейді лағып лепірме

С- сенімділік секілді ең,

І- ілтипат пен ізет қой,

З- зиалылық тілек қой.

Д- Шақырады достыққа

І- ізеттілік

К- дейді күн боп көктегі.

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

(Отан, туған ел, туған жер туралы мақал- мәтел айту.)

5) оқушы

- Қандай дүние жетеді балауыңа

Бәрі сенің, жан-отан қалауыңда

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

Қазақстан елтаңбасы жалауыда.

(Рәміздер туралы жырлар оқылады.)

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Ән ұраным- жанұраным

Айтар әнім- сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мың қайталап айтар әнім.

Әнұран айту;


Отан, Отан !

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. - деп жырлағандай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!