400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің Отаным" Көркем әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1) Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. 2) Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. 3) Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету. Сөздік жұмыс: Отан, туған жер. Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы. Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады. Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер. Отан — ана, Отан - үлкен, Қазақстан - туған ел!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курмангалиева Айжан Кенжегалиевна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Наурыз» мектепке дейінгі шағын

оқу тәрбие орталығының тәрбиешісі.


Менің Отаным

Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

  3. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан — ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!

Педагог:

- Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
5471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі