Материалдар / “Менің Отаным –менің Қазақстаным”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Менің Отаным –менің Қазақстаным”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың қазақ ұлттық ойындары жайлы білімдерін жалпылау және дамыту. Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту. Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қатысушылар : Мектепалды даярлық топтар 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным-менің Қазақстаным»атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 2 - жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! 1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын! — Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан Республикасы. (Музыка ойналады, аяғын ақырын басып Ата кіреді.) — Сәлеметсіздер ме, балалар? — Шырағым, Қазақстан туралы ашық ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті болып жатыр деп немеремнен естідім. Балаларға өзім білетін өсиет сөзде
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің

«№6 бөбекжай – бақшасы» МКҚК
















Менің Отаным –менің Қазақстаным”























2022-2023 ж

Менің Отаным –менің Қазақстаным”

Өткізілген күні:14.12.2023 жыл

Қатысушылар:даярлық топ

Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту. Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қатысушылар : Мектепалды даярлық топтар

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным-менің Қазақстаным»атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын!

Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан Республикасы.

(Музыка ойналады, аяғын ақырын басып Ата кіреді.)
— Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Шырағым, Қазақстан туралы ашық ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті болып жатыр деп немеремнен естідім. Балаларға өзім білетін өсиет сөздерімді айтайын деп әдейі келдім.
— Жарайды, ата, олай болса төрлетіңіз.
— Балалар, аталарыңа қояр сұрақтарың бар ма?
(Осы кезде Сұлтан немересі шығады).

Атасы: Ә, балам, өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздың жүріп өткен жолы, тарихы емес пе?

Атасы өз әңгімесін айтады.
— Балалар, атаның өсиет сөздерін түсіндіңдер ме?

Балалар шеңберге жиналып, көтерінкі көңіл күймен шаттық шеңберді орындайды.

Ата, сізге балалар тақпақтарын айтып берсін.
Ата: Өте тамаша екен.
-Жарайсыңдар, балалар, ендеше Қазақстанның астанасы қай қала?

-Нұрсұлтан қаласы
— Балалар, есімізге түсірейік, Қазақстанда қандай қалалар бар?

Алматы, Ақтау, Көкшетау,Қызылорда, Тараз т.б.

2-жүргізуші:Мың бұралған бишілеріміздің орындауында «Біз бақытты баламыз» биін қабыл алыңыздар.
Бейнебаян тамашалау
Атамызбен бірге Қазақстан жайында бейнебаян тамашалайық

-Иә
Ата: Қандай тамаша! Мен сендерді көріп, мынандай керемет бейнебаян көріп бір қуанып қалдым.
Сергіту сәті:
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата — бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Балалар, жарайсындар бір серігіп алдық, орнымызға отырайық.
Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойыны дегенді қалай түсінесіндер?
Қандай ойындар жатады?

Арқан тартыс, қыз қуу, алтыбақан.

Ендеше бейнебаянға назар аударайық:
— Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме айту.

Балаларды ортаға шақырып ұлттық ойындар ойнату.

1-жүргізуші: Ән«Менің Қазақстаным»
Ойын:
«Күш сынасу», «Асық ойнау».
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойынға деген қызығушылығын ояту.

-Балалар, Отанымыздың болашағы сендерсіндер, сондықтан жақсы білім алып, мамандық таңдап, үлкен азамат болу үшін тәртіпті, ата-анамыздың айтқанын тыңдап мәдениетті болуымыз керек.

2-жүргізуші:Бір шаңырақ астында биін қабыл алыңыздар! (би-композиция)

Мақал – мәтелдер
Отан — оттан да ыстық.
Отан — отбасынан басталады.
Қанатты сөз:
Туған жер — алтын бесік.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Ата батасын береді.
Сендерге алып келген сыйлығым бар еді соны беруге рұқсат етіңдер.
Ата: Сау болыңдар, балалар! Ернұр,Ү.Әдемі, Бейбарыс, Сабина тақпақтарын айтып береді.
Ернұр:
Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ляззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік.
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.




Ү.Әдемі:
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Сабина:
Тату – тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,


Бейбарыс:

Қуанғанда күлкімнен түн түнілген.
Мен- қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!


Флешмоб

Жүргізуші:Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді» - дей келе бүгінгі мерекеге арналған іс – шарамыз өз мәресіне жетті. Әрдайым еліміз аман, бейбітшілік заман болсын! Келесі кездескеше сау болыңыздар!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!