Менің Отаным-Қазақстан.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің Отаным-Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
) халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандыққа, иман- дылыққа және адамгершілікке баулу. Қазақстан Республикасының жас азаматтарын еліміздің облыстарымен таныстыру, қазақ жеріне саяхат жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсаты:1) халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандыққа, иман-

дылыққа және адамгершілікке баулу. Қазақстан Республикасының

жас азаматтарын еліміздің облыстарымен таныстыру, қазақ жеріне

саяхат жасау.

2) Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету.

3) Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның әнұраны, картасы, плакаттар, қанатты сөздер,

қалалары.

Сабақтың барысы:

Жоспар: І) Кіріспе

ІІ) Облыстарға саяхат

ІІІ) «Кім алғыр?» ойыны

ІҮ) Мақал-мәтел

Ү) Сөзжұмбақ «Қазақстан»

ҮІ) Қорытынды

Мұғалім: Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді,

Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді,

Қазақстан адымдап бара берді,

Көрінер көкжиектен далам енді.

Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы

Қазақстандай егемен менің елімді?!

Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен

«Қандай ғана егемен ел!» десіпті.

Қазақстан Республикасы-Еуразия материгінің орталық бөлігінде орна- ласқан мемлекет.

Қазақстан жері кең-байтақ. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түікменстан және Өзбекстан елдерімен көршілес орналасқан. Республика- мыз он төрт облысқа бөлініп жатыр. Сондай-ақ жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кен қазбаларының бәрін табуға болады.

Shape1

Жарқын болашақ өміріміз

Қазақстан Республикасының президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1991 жылы 1-желтоқсанда ҚР-ның президенті болып сайланды.

Shape3 Shape2

Халықтардың достығы

Егемендіміз







ҚShape5 Shape4

Басқа елдермен қарым-қатынасы

Тарихымыз

азақстан

Shape6

Бейбітшілік қарым-қатынасымыз



Shape7

Еліміз, Отанымыз





Ернұр: Қазақстанның 14 облысына саяхатымызды бастаймыз.

Алматы-жері жайсаң облыс,

Ақтөбе-өлке ақ тарысы мол ырыс.

Атырау-мол Қазақстан мұнайы,

Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Көкшетау-көк көгілдір көл аймағы,

Қарағанды-қара алтын қоймасы,

Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда-күрішті Сыр ағасы,

Орал-көне Ақ Жайықтың жағасы.

Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар-қара Ертістің саясы,

Ақмола-Арқада астық алқабы,

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

Дина: Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының орталығы-Орал қаласы.

Көсіліп жатқан ұлан байтақ жерімде,

Үлкен таудың шыңыраулы көгінде

Орал деп аталатын бір қала бар,

Еліміздің күн батыс өңірінде.

Бегімай: Шығыс Қазақстан облысы

Орталығы-Өскемен

Шуақ шашқан дала алтын дала,

Менің жері емес пе?!

Тұнып тұрған мол қазына,

Менің мұрам емес пе?!

Шығысымның қос қаласы

Өсірген небір дананы.

Семей менен Өскемен-

Жас ұрпақтың қаласы

Абай шыққан бұл даладан

Нәр алады одан Шәкәрім.

Ағалардың ізіменен

Көш алды болды Мұхтарым.

Жайқалып тұрған жерінде,

Зайсан деген көлінде

Ғасырларға созылған

Бабалар із қалдырған

Мөлдір: Оңтүстік Қазақстан облысы

Орталығы-Шымкент қаласы

Арқа менен Атыраудан бастау алған,

Қазағым, туған жерің ұлан байтақ.

Солтүстік пен оңтүстікке созылған,

Батысымен, шығысымен астасқан.

Оңтүстіктің табиғаты шырайлы,

Жазы ыстық, жайма шуақ қандай-ды.

Өсірген республика мәртебесін

Шымкент деген-елімнің мақтанышы.

Көшелері көмкерілген жеміспен,

Келер мұнда басқалар шат көңілмен,

Қыдыр қонып бақ дарыған елімде

Мұндай қала барын бәрің біліппе ең?!

Көңілге бүгін қуаныш ұялайды,

Кеудемде менің мақтаныш сезім ойнайды.

Қожа Ахмет Йассауи кесенесін

Қазақ халқы мол мұраға балайды.

Апиза: Солтүстік Қазақстан облысы

Облыс орталығы-Петропавл қаласы

Қазақстан-Есіл мен Ертіс маған,

Қазақстан-Көкшетау ер қыстаған.

Қазақстан-Қабанбай, Бөгенбайлар,

Баба салтын ұрпағы серт ұстаған.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы Қазақстанда туғаным,

О, туған жер, тамашасың көркемсің.

Гүлжанат: Қостанай облысы

Облыс орталығы-Қостанай қаласы. Қостанай облысы-еліміздің аса ірі астық- ты облыстарының бірі.

Сыр бойындай баулардан,

Алатаудай таулардан,

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий, Аралдан.

Баян сұлу, Жібектей,

Төлегендей, түлектей

Ұл-қызы бар елімнің,

Жұлдызы бар жерімнің.

Ұлы тойдай ұлы есім

Жаралған ер жер үшін

Сырда сұлу күрішім

Қырда бидай ырысым

Жыршы-жырау салтынан,

Әнші, күйші халқымнан

Сәлем саған, туған ел

Жайдарбек: Маңғыстау облысы

Облыс орталығы-Ақтау қаласы

Ақ жайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы

Жерінің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы.

Рауан: Қызылорда облысы

Қызылорда қаласында темір-бетон зауыты, күріш тазалайтын зауыт, сүт ком- бинаты, аяқ-киім фабрикасы жұмыс істейді.

«Қазына қара жер» дейді халық,

Күн көрген осы жерден біраз алып.

Жер анадан үзіліп кете алмаған

Кемеңгер, небір дана, небір алып.

Дана: Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы республикамыздың батысында орналасқан. Орталығы- Ақтөбе қаасы.

Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,

Кенде жатыр күн-қуат пен мол сенім

Кенің бар ма? Жоқ болса егер жарлысың

Кенің болса келешегің зор сенің.

Диана: Жамбыл облысы

Орталығы-Тараз қаласы

Кең жазира құтты мекен-гүлстан,

Арай таңым, бақыт берген шығыстан.

Қасиетті анам өзің туған жер,

Бабалардан келген мұрам-нұрстан.

Бекзат: Павлодар облысы

Павлодар-облыс орталығы

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де талай қорлық азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

Уәлихан: Атырау облысы

Облыс орталығы-Атырау қаласы.

Қазақстан-туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?!

Көрінсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желпіп өтем.

Тасып жатқан өзендер жағасынан

Сары белде сағымдар арасынан

Тарайды дән жұпары бар әлемге

Қазақтың қасиетті даласынан.

Спандияр: Қарағанды облысы

Қарағанды облысының алып жатқан орны Ұлытау қыраттарынан Қарқа- ралы, Қарағайлы, Қызыларай тауларына дейін мың километрге созылып жатыр.

Әлем, заңғар биік үйлер қаптаған,

Қарағандым, әсем қалам, жан қалам.

Сарыарқаның дәл жүрегі сен болып,

Көркейе бер, менің қалам, жас қалам.

Сенің әрбір тауың, тасың, бәрі де,

Ыстық маған көрінеді бәрінен.

Бал-бұл жайнап, сен көркейіп, сен өссең,

Сеніменен бірге өсем, бірге өнем.

Мағжан: Алматы облысы

Облыс орталығы-Талдықорған қаласы.

Шықшы дос Алатаудың қар басына,

Көз салшы арман толы арнасына.

Өмірдің от жалыны алау шышып,

Жанып тұр күн сәулесі Алматыда.

Сәбидің күлкісі бар тербетілген.

Жүзіңнен ай сәулесі көмкерілген.

Әркімнің жүрегіне алау шашқан

Осындай қала бар ма жер бетінде.

Ақмола облысы:

Облыс орталығы-Көкшетау қаласы.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсысы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі

Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?

Баянауыл басынан бұлт қалмайды,

Келбетінде күлімдеп нұр ойнайды.

Астанадан алыстау демесеңіз,

Алатаудан Баяның бір аумайды

Сұлусың қандай Астана,

Қызғанам сені басқадан.

Жүректі жырға толтырып,

Жайнай бер мәңгі, жас қалам.

Міне балалар біз Қазақстанның облыстарына саяхатқа шығып, олармен танысып шықтық.

Енді Отан туралы мақал-мәтел айтып көрейік.

1.Отан оттан да ыстық.

2. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

3. Әркімнің өз жері жұмақ.

4. Отанды сүю-отбасынан басталады.

5. Ел іші-алтын бесік.

Сөзжұмбақ шешу.

1.Қазақстанда көмір шығаратын облыс: Қарағанды

2. Еліміздегі ең үлкен қала: Алматы

3. Мұнайлы аймақ: Қызылорда

4. Электр аппаратуралары бар облыс: Атырау

5. Ет комбинаты бар облыс: Талдықорған

6. Дәрі-дәрмек шығаратын облыс: Семей

7. Ауыл шаруашылық машина шығаратын облыс: Шымкент

8. Қорғаныс-мырыш комбинатты облыс: Астана

Қорытынды:

«Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат»

Демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сағатында елді, жерді сүюді, қадірлеуді, біліп ұғыныңдар. Ал енді осы білгеніміз жайында тереңірек пікір алысайық.









































Подгорное орта мектебі











Тақырыбы:

Менің Отаным-Қазақстан



Сынып: 3 «А»

Мұғалім: Жұмашева. Ж. Д.



















2013-2014 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі