жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің Отаным-Қазақстан
Іле ауданы, Боралдай кенті, «Росинка» балабақшасы
Оспанова А.Н қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Топ: «Солнышко»
Күні:16.05.2018
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Қазақ тілі
Тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан»
Апта тақырыбы: Отан қорғаушылар күні
Мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру
Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өз Отанын , халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу
Полингвалды компонент: Мемлекеттік рәміздер-государственные символы, ту-флаг, елтаңба-герб, гимн-гимн.
Барысы:
Мұғалім: Балалар , бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн, өйткені бізге қаншама қонақтар келіп отыр, қане, бәріміз амандасайықшы.
Балалар амандасады:
-Сәлеметсіз бе!
Мұғалім: Ал, енді, балалар , қуаныш шеңберіне тұрайық:
-Сөнбе ешқашан күніміз
Тілейді мұны еліміз,
Тілейді мұны жеріміз
Тілейміз мұны бәріміз.
Балаларды орындарына отырғызу:
-Балалар үстелге, өз орнымызға барып отырайық
Балалармен көктем туралы әңгіме жүргізу:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар
-Қандай айлар, қане кім атап береді?
-Наурыз, Сәуір, Мамыр
Ғажайып сәт:
Торғайдың музыка әуенімен ұшып келуі.
-Балалар бұл не?
-Воробей, торғай
-Дұрыс айтасыңдар, торғай екен бұл. Б-р, торғай бізге бір нәрсе әкелді. Бұл тапсырма екен. Егер сендер осы тапсырманы жақсы орындасаңдар,торғай сендерге сыйлық береді. Бізде торғаймен дос болайық, әкелген тапсырмаларын орындайық.
(торғайға назар аудару, тапсырма оқу)
1 тапсырма
Отан туралы сұрақтар
Мұғалім: Сендер қай Республикада тұрасыңдар?
Балалар:Қазақстанның Республикасында тұрамыз
Мұғалім:Дұрыс, біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады . Біздің еліміз егеменді тәуелсіз мемлекет . Өз президентіміз бар. Қазақстан Республиканың президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Мұғалім: Дұрыс,жарайсыңдар. Балалар Отанымызды, Президентімізді, Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.
Мұғалім: Балалар, Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?
Маша:
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан
Кристина:
Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы.
Мирон:
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар.
2 тапсырма
Рәміздер туралы
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар,сендер өскенде өз отандарыңды қорғайтын азамат боласыңдар. Ол үшін сендер еліміздің мемлекеттік рәміздерін жақсы білулерің керек. Олай болса еліміздің рәміздерімен танысайық: Ту, Елтаңба, Ән ұран
Мұғалім: Балалар, мынау не (туды көрсету) ?
Балалар: Флаг
Мұғалім: Флаг сөзін қазақ тілінде ТУ деп айтамыз . (ту сөзін балалармен қайталау)
Мұғалім:Балалар енді туға сипаттама берейікші. Тудың түсі қандай?
Мұғалім: Тудың түсі көгілдір
Мұғалім: Ал пішіні қандай?
Балалар: Пішіні тіктөртбұрыш
Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар. Туымыздың түсі аспан түстес көк. Көк түс – бірлік пен ашық аспанды көрсетеді. Туымыздың ортасында сәуле шашқан күн бейнесі орналасқан.Ол – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Күн астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі орналасқан.Ол еркіндіктің, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігінің белгісі.
Мұғалім: Ал мынау не балалар?
Балалар: Герб
Мұғалім: Герб сөзін қазақ тілінде ЕЛТАҢБА дейміз (ЕЛТАҢБА сөзін қайталату)
Мұғалім:Балалар енді елтаңбаға сипаттама берейікші. Елтаңбаның түсі қандай?
Балалар: Түсі сары, көк
Мұғалім: Ал елтаңбаның пішіні қандай?
Балалар: Шеңбер
Мұғалім:ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңба. Елтаңбада көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан күн сәулесі тәріз дес уықтар таралған. Шаңырақ пен уық – отбасы негізі, Отанымыздағы көптеген ұлттардың бір шаңырақ астындағы бірлігін көрсетеді.Оң жағы мен сол жағында қанатты қос тұлпар бейнесі бейнеленген.
Ал елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз орналастырылған.
Бес жұлдыз – әр бір адамның, халықтың жол нұсқайтын жарық жұлдызы деген мағынаны білдіреді.
Мұғалім: Б-р ал таңертең балабақшаға келгенде қандай өлең айтасыңдар?
Балалар: Гимн
Мұғалім: Дұрыс, ал гимн сөзін қазақ тілінде ӘНҰРАН дейміз (қайталату)
Әнұранды сипаттау.
Мұғалім: ҚР – ның мемлекеттік рәміз дерінің бірі – Гимн.Гимнді салтанатты жағдайларда, екі ел басшылары кездескенде, үлкен жиындардың ашылуын да орындалады.Сонымен бірге өз балабақшамызда күнде таңертең айтылады. Гимнді орындағанда міндетті түрде орындарымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.
Әнұранның авторлары:
Нұрсұлтан Назарбаев,
Жұмекен Нәжімеденов,
Шәмші Қалдаяқов.
Мұғалім: Жарайсыңдар, б-р, мамыр айында қандай мерекелер өтті?
Балалар: Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні
Мұғалім: Дұрыс, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні. Б-р, сендер өскен кезде өз Отандарыңды қорғайтын азамат,сарбаз боласыңдар. Ал сарбаз болғыларың келе ме?
Балалар: Иә
Мұғалім: Ендеше тұрып, маршпен жүріп, ән айтайық.
Сергіту сәті:
Өлең «Солдат болам мен ертең»
3 тапсырма жапсыру
Балаларға қауіпсіздік туралы айта кету
Мұғалім:Б-р денелеріңді тік ұстап отырамыз, желімді көзге тигізбейміз
Мұғалім: Келесі тапсырма тудың бейнесін дұрыс жапсыру
Дидактикалық ойын «Тудың суретін дұрыс жапсыру»
Берілген пішіндерден, оюлардан, ҚР-ның туының бейнесін дұрыс жапсыру
Балалардың жұмыстарына назар аудару, мақтау.
Мұғалім: Б-р саусақтарын шаршаған шығар, тұрып жаттығу жасайық
Саусақты жаттығу
Оң қолымда –бес саусақ
Сол қолымда- бес саусақ
Алақанды ашамыз
Бәрін санап аламыз
Мұғалім: Б-р ,ҚР рәміздері туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Талғат:
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Катя:
Мағыналы сымбатты
Бар осындай белгіміз
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол еліміз
Алдияр:
«Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Даниил:
«Әнұран»
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
5 тапсырма
Мұғалім: Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
София:« Отан –елдің анасы».
Ксения:« Отан – оттан да ыстық»
Еркеназ:« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
Рахмон:« Отанды сүю отбасынан басталады».
Назар:« Жері байдың елі бай».
Қорытынды:
Мұғалім:Балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерімен таныстық.
Мұғалім:Балалар біздің Отанымыз , біздің республикамыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы
Мұғалім: Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Мұғалім:Балалар ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы.
Балалар: ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН
Жарайсыңдар балалар! Барлықтарыңда бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыңдар.
Мұғалім:Б-р қараңдаршы біздің торғай досымыз сендерге бірдеңе айтқасы келіп тұр.
Сендердің Отан туралы мақал-мәтел,тақпақ білетіңдеріңді көрді. Өз Отандаыңды сүйетіңдерінді көрді . Сол үшін сендерге дайындаған сыйлығы бар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген