400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстаным –Отаным менің

Қазақстаным – Отаным менің,

Баға жетпес байлығым, елім!

Ұлан-ғайыр, байтақ қой жерің,

Мақтан тұтады өренің сенің.


Қазақстаным – Отаным менің,

Неткен ғажап, тамаша едің!

Қарыштап, дамып, өркендей берші,

Әрдайым айтар тілегім менің.

Маралбек Нарғыз Қайратқызы

Б.Жаникешев атындағы ЖББОМ-нің 5ә сынып оқушысы



Менің – Отаным Қазақстан!

Ия, әркімнің өз туған жері, ұлы даласы, байтақ елі болады. Менің де шексіз сүйетін өз елім – Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен туған еліме білімімді, әр жеткен жетістігімді арнап адал қызмет етіп келемін. Мен Бисен Жаникешев атындағы ЖББО мектебінде 5ә сыныбында оқимын. Туған тілімізді, дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды оқып, тану үстіндеміз.

Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Астана қаласы. Астана қаласына үстел теннисінен жарысқа бардым. Қаланың ең көрікті деген жерлері «Ханшатыр» мен «Бәйтеректе» болдым. Еліміздің табиғатының өте сұлу екеніне менің осы кезде көзім жетті. Мінекей, еліміз жеткен жетістіктер қаншама. Күн санап еліміз жаңғыру үстінде. Қазақстанның болашақта мықты ел болуы үшін ата-бабамыздан қалған асыл қазынасы – тілін дамытуымыз керек. Ана тілі - бұл ана сүтімен бойымызға дарыған дана тіл. Даланың иісі аңқыған, тарихқа толы бай тілімізді дамыту біздің парызымыз. Бабаларымыз қастерлеп кеткен тарихын, қолөнерін, мәдениетін, өнерін келешек ұрпақ ұлттық нақышын кетірмей, қастерлеп жеткізуіміз қажет.

Мен Отанымыздың әр таңы арайлап атып, болашағы нұрлы болса екен деймін. Барлық әлемде бейбітшілік, бейбіт күннің аспанын бұлт торламаса екен. Қазақстан жерінде туылған әр қазақ өз жерінде жамандық көрмей, өз елінің патриоты екенін сезінсе екен. Мен қазақ жерінде, қазақ елінде туылдым. Менің – Отаным Қазақстан!

.
Галимжанова Айару Ақылбекқызы

Б.Жаникешев атындағы ЖББОМ-нің 5ә сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қазан
193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі