Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Менің Отаным-Қазақстан!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Төлеби ауданы білім бөлімінің
“Нұр-Гүл-Ай” ЖШС бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиешісі
Белгибек Аяужан Торытайқызы
Менің
Отаным-Қазақстан!"
Балалар
зал музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, гүл, шарлар ұстап
шығады. Би қимылдарын
орындайды.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар,
кішкентай бүлдіршіндер және бөбекжай бақша ұжымы! Баршаңызды
25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық,
еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл
тілейміз.
Ақжайық, Алтай
арасы
Қазақтың шалқар
даласы
Республикама
қарашы!
Жерімнің дәні
маржандай
Қырманы асқар
таулардай
Республикама
қарашы!
Шолсаң да биік
аспаннан
Қарқырар кені
тастардан
Республикама
қарашы!
Шырқаған сайын
тірегі
Республикама
қарашы!
Қазақстан
Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау
қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан
дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген,
өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын
жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады. Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика
күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы
керек екенін атап айтты.
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Гимні!
ҚР. Гимні орындалады.
Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.
Жүргізуші: :- Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.- Балалардың
орындауында "Туған елім - Қазақстан" әні
шырқалады.
Ән: «Туған елім Қазақстан!»
І . Қарт Алатау, бұлтты құшқан, Көгінде ту зулап ұшқан. Менің жерім, туған Елім, Күн сәулелі – Қазақстан! 2рет. |
ІІ. Жерін самал, ескен майда, Толқындаған егін жайда. Далам менің, анам менің, Туған елім – Қазақстан! 2рет. |
|
ІІІ. Күн елісің, гүлімдеген, Гүл елісің, гүлі берен, Мейірманды ізгі жанды, Туған жерім – Қазақстан! 2рет. |
|
|
Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді.
Саяхатшы: -
Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап
білейін?!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз
бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан
келгенсіз - ау деймін.
Саяхатшы: - Мен ел
аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың
күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп
келдім.
Жүргізуші: - Олай болса,
қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мекреке
күніне арналған ертеңгілік өткелі жатыр. Балалардан сұрап
біліңіз.
Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер
ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер.
Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай
Республика?
Балалар: - Қазақстан
Республикасы.
Саяхатшы: -
Президенттерің кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт
Тоқаев.
Саяхатшы: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер
ме?
Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,
Мағыналы ән ұранымыз бар,
Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.
Саяхатшы: - Өте
жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай
дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші: -Біздің
балалар тақпақтар арқылы айтып
дәлелдиді.
Отаным менің
Қазақстан |
Отаным менің
Қазақстан |
Отаным менің
Қазақстан |
Отаным менің -
Қазақстан, |
Найзаның ұшымен
қорғаған, |
Әрбір қазақ
батыры,
|
Саяхатшы: - Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттер ер жүректі батыр болсын, қыздар көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!
Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға, сау болыңыз!
(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші:- Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Айтыңдаршы балалар біздің қазақтың киелі үйі қалай аталады?
Балалар- Киіз үй деп айтамыз. (кереге, уық, шаңырақ, ою басқан киіздер т.б.)
Жүргізуші:- -(киіз үйді көрсету) Жарайсыңдар балалар, осы ұкиіз үйіміздің керегелері, шаңырағы, ұлттық ою-өрнектері біздің рәміздерімізде бейнеленген, өте жақсы жауап бердіңдер. Олай болса, балалар киіз үйіміздің шаңырағы биік болу үшін, мен сендерге «Киіз үй» ойнын ұсынамын.
Ойын: «Киіз
үй»
Жүргізуші:- Сән — салтанат
жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл
тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға бөбекжай бақшамыздың
биші қыздарын шақырамыз.
Би: "Қазақша"
Жүргізуші: - Балалар,
сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер.
Онда Отан дегеніміз не?
Балалар: - Отан
дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл
қалаларымыз, өзіміз туып - өскен
жеріміз.
Отан – сенің ата
- анаң, |
Отан – атам,
Отан - әкем |
Жүргізуші: - Балалар,
халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін
отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз,
апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан
үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата
- апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек
ету керек. Сендердің
еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала
болғандарың.
- Ал, балалар,
біз Отан туралы мақалдар білеміз
бе?
Отан елдің анасы, |
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. |
Отан от басынан басталады. |
Отан оттан да ыстық, |
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. |
Отансыздың оты жанбайды. |
Отан үшін еңбек етсең |
Отан үшін күрес — елге тиген үлес. |
Жүргізуші:- Күлімде күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!-Бағдатқызы Аяулым орындауында жеке ән "Мен бақытты баламын" әнін қабыл алыңыздар.
Жеке ән: "Мен бақытты баламын"
Жүргізуші:- Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Сау болыңыздар!!!!
(Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді)