Менің Отаным-Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Оқушыларды отансүйгіштікке және патриот болуға тәрбиелеу 2.Ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа баулу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Бекмұратова Б.Ә.

Күні:

21.10.2024

Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Менің Отаным-Қазақстан!»

Сабақмақсаты

1.Оқушыларды отансүйгіштікке және патриот болуға тәрбиелеу

2.Ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа баулу

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

-Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

-Уақытты үнемдейміз!

-Нақты,дәл жауап береміз!

-Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы















































































































































10-мин

Қауіпсіздік

сабағы

Балалар, бүгінгі сынып сағатымыз Отанымыз- Қазақстан жайында болмақ!

Қазақстан әлемге әйгілі, өте бай ел.Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тула толқынды теңізі бар, әсем әрі көрікті қаласы бар, достығы жарасқан көп ұлтты мемлекет.Әнұранымен әйгілі, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.Қазақстан менің туып өскен, яғни туған жерім.Мен үшін туған жер адам өмірінде киелі орын алады.Тіпті балалық кезден бастап-ақ адамда  Отанға деген махаббат сезімі оянады екен.Мұқағали атамыз: «Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сені түзеген қалаңменен далаң да  болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, сендерге аманат етіп табыстаймыз қабыл алыңдар!» - дейді.Осы қанатты сөздердің сендерді отансүйгіштікке баулитындығына кеміл сенім арта отырып сынып сағатын бастаймыз!


Алғашқы кезең

«Сұрақтан шашу» деп аталады.Оқушылар шеңбер құра орналасады.Сол мезетте сұрақ жазылған шашу шашылады.Оқушылар бір сұрақтан алып екі топ кезектесе жауап береді

1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2. Тілдер күні қашан тойланады? (5 қыркүйекте)
3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан)

5. Мемлекеттік рәміздерді ата? (ту, елтаңба, әнұран)

6. Қазақстанның астанасы болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

7. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

8. Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін атаңдар. (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов)

9. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман)
1
0. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
1
1.Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (4 маусым 1992ж.)
1
2.Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 9 мамыр -Жеңіс күні, 30 тамыз- Конституция күні, 1 желтоқсан -тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні,22 наурыз )

13. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер? (әнұран, ту, елтаңба.)
14. Мемлекеттік туда не белгіленген? (күн, қыран, ұлттық ою)
15. Мемлекеттік әнұранның авторларын білесіңдер ме? (Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)

16. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл)
17. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-дан астам)
18. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай)
19. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
20
. Туған жерін, елін жақсы көретін адам қалай аталады?(Патриот)

21.Мемлекеттік елтаңбада не белгіленген?


Екінші кезең шығармашылық сәт.


Топтар “Менің отаным-Қазақстан” тақырыбында не елестететінін постермен көрсетеді.

Топтар белсенді қатысқанына қарай 3 баллдан

5 баллға дейінгі шакаламен бағаланады.


Үшінші кезең: «Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар»

Қазақтан шыққан ұлы тұлғалардыңфотосуреттері ұяшықтарға салынып,жасырылады.Әр топтан бір қатысушы шығып тұлғаны танып,олар туралы қысқа мәлімет береді.


Тапқан жағдайда әр ұяшыққа 1 балл.


Төртінші кезең.Капитандар сайысы.

«Сөз құра»


Бір сөзден бірнеше сөздер табу : «ҚАЗАҚСТАН» және “БЕЙБІТШІЛІК” сөздерінен жаңа сөздер құрастыру (капитандар сайысы).

Ең көп сөз тапқан топ 5 ұпайды еншілейді.


Бесінші кезең: «Мақал-мәтел жарысы”.

Отан туралы мақалдарды жалғастыру.



Әр топтан оқушылар кезек-кезекпен шығып,қорапшаға салынған мақал-мәтелдердің берілген бөлігінің жалғасын табады.Дұрыс болса топ үшін ұпай еншілейді.Қате болса ұпай берілмейді.


1.Отан - оттан да ыстық.

2.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

3.Отан үшін отқа түс, күймейсің.

4.Туған жердің түтіні - алтын.

5.Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

6.Отан үшін күрескен - бақытты.

7.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

8.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

9.Әркімнің өз жері — жұмақ.

10.Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.

11.Өз елім — өлең төсегім.

12.Отан-анаң,отбасың панаң


Цифрлық әлемде қауіпсіз адам.

Әлеуметтік желілерде мекенжай телефон нөмірі,жеке құжаттар сияқты мәлімметерді жарияламау.Бұл ақпаратты тек сенімді адамдармен бөлісу керек.Онлайн ортада қорлау немесе қудалау жағдайында жауап бермей,дәлелдерді сақтап ата-анаға немесе мұғалімдерге немесе құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.Бейтаныс адамдардан келген хаттардағы немесе хабарламалардағы сілтемелерді ашпау бұл фиништік шабуылдар болу мүмкін,олар арқылы жеке мәлімметер ұрлануы мүмкін.
























Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




















































Топтар берілген тапсырманы белсенділік танытып орындайды




Ұяшықтан алынған фотолардан бейне-лерді тауып, мәлі-мет береді



















Әр топ капитанда-ры шығып сөздер құрастырады
























ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


















































ҚБ: Топтар бір-бірін қол шапалақ-тап баға-лайды


Топтар ұпайлар-мен баға-ланады



















Көп сөз тапқан топ ұпай еншілей-ді



.











Соңы

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дей отырып бүгінгі тәрбие сағатын осымен  аяқтайық.

Отанға деген сүйіспеншілігі артады!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2024
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі