400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Отаным-Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Менің Отаным – Қазақстан!





Менің Отаным – Қазақстан!

Мақсаты:

 Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын  түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін  ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жания:

Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным

Іңкәр:

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

-Балалар бүгін қандай мереке?

- 25 қазан Республика күні!

-Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
-Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
-Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
-Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
-Досын сүйетін кім?
-Мен
-Болашағы елімнің кім?
-Мен
-Кәне балалар Отан деген не?
-Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
-Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
-Біздің Президентіміз кім?
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
-Ту, Гимн, Елтаңба.

Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш ете отырып «Алға, Қазақстан» биін билейміз

Би: Алға Қазақстан

Асия:

Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бейне емес ұғып ал.

С. Айзере:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Айша:
Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.

Халли:

Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.

Ән: «Дети Казахстана»

Орындайтын: Арман, Айзере

Хавва:

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Арман:

Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!

Дания:
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!

-Балалар біздің валютамыз қалай аталады?

-Тіліміз қандай?

Ән: Ана тілім

Орындайтын: Дания, Жания

Тауман:

Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.

А. Айсултан:

Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.
Заман жаңа заң жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
Айбар:
Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Ән: «Балдәурен»

Орындайтын: Абай Жания
Б. Айсұлтан:

Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.

Амелия:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

Ән: Қазақстан-қуатым

Орындайтындар: Айбар, Арман, Айсұлтан Б
-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі