|
Ұйымдастыру
кезеңі (7 мин)
|
Жас
ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай -
қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай
білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата -
бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы
оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
|
Оқушылар
мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы
қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Компьютер
|
|
Сабақ басы
(13 мин)
|
Патриотизм
– отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне
деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын
мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады.
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық
қадір-қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Патриот –
туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқының мол рухани
құндылықтарын бағалай білетін тұлға.
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба
жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.
Патриот – Отанның мерейін үстем ету
жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,
өмірін аямайтын адам.
«Өз Отанының патриоты болу – бұл
Қазақстанды өз жүрегінде ұялату»
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір
адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе
білу.
Патриотизм – өз Отанына деген махаббат,
адалдық.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында
«Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір
сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы
сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз
жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел
Президентінің елдің болашағы – сендерге артып отырған бұл сенімді
ақтамауға құқымыз жоқ. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты
патриот дейміз.
|
Біздің
Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан
Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді
танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,
дербес мемлекет болды.
|
презентация
|
|
Ортасы (20
мин)
|
Видео
«Қазақстан XVI-XVII ғасырда»
|
Тәуелсізідік – бақытың тұрған
күліп,
Ойың еркін, бүгінгі тұлғаң
биік.
Тәуелсіздік – көктегі шуақты
күн,
Әр жүректі куантып,
нұрландырып.
Тәуелсіздік – бүгінгі туым
менің,
Туым үшін ешкімге
иілмедім.
Тәуелсіздік сан жылдар
аттан түспей,
Айқас,шайқас, мың өліп,
тірілгенім.
|
презентация
|
|
Соңы
|
1992 жыл
– Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар
ұйымына мүше болып кірді. -1993
жыл – 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан
Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар
суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа
басылыммен қайта шықты. - 1994
жыл – мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге
келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке
самғады. -1995
жыл – 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы»
қабылданды.
|
|
презентация
|