Менің отаным Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отаным Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертенгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Отаным-Қазақстан!»

Балалар залға музыка әуенімен кіреді.Қолдарында жалауша,шарлар ұстап шығады.Би қимылдарын орындайды.

Жүргізуші:-Құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер және балабақша ұжымы!

Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт,дендеріңізге саулық,еңбектеріңізге жеміс,мерекелік шат көңіл тілейміз.

Ақжайық,алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені тастардан

Республикама қарашы!

Шырқаған сайын тірегі

Республикама қарашы!

Қазақыстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде,кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада,егін теңіздей толқыған,төрт түлігі өрбіген,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Гимні!

ҚР.Гимні орындалады.

Балалар Гимінді орындап болғаннан кейін отырады.

Жүргізуші:-Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім,жерім,Отаным-бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім,өркенім.-Балалардың орындауында «Тәуелсіз ел ұраны»әні шырқалады.Хор

Қыздардың орындауында «Көкке өрле»-биін тамашалаңыздар.

Сән-салтанат жасайық,

Күй сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойға,

Бимен шашу шашайық-деп ортаға «Көгершін»тобының жігіттерін шақырайық.

Би «Флешмок»

Ендігі кезекте балалардың тақпағын тыңдасақ.

Назым:Республика күнінде,

Орнасын бар жақсылық.

Азаттықтың көк туы,

Сыйлай түссін сәттілік.

Әбдінұр:Республика күні бұл,

Келіп жеткен қуаныш.

Көк ту желбіресін деп,

Жүреміз біз жырлатып.

Мұса:Азат елім жасай бер,

Бақыттымыз жанданып.

Республика күнімен,

Құттықтаймын жар салып.

Б.Айсұлтан:Құтты болсын қазағым

Елім менің тәуелсіз

Таусылмасын базарың.



Алихан:Республикам киелім,

Соғып тұрар жүрегім.

Республикам жасай бер,

Мықты болып тірегің.

Медет:Республикам сен барда,

Түспес менің көңілім.

Тәуелсіз ел айбыным,

Шуақ берер өмірім.

Ербосын:Мен бақытты баламын,

Айтқан тілді аламын.

Республика күнінде,

Жұлдыз болып жанамын.

Жанерке:Республика күні бұл

Шаттығымды көбейтер

Қазағымның үні бұл

Тынысымды кеңейтер.

Нұрдаулет.Құтты болсын қазағым,

Республика күні бұл.

Мерейлі де тәуелсіз,

Қазағымның үні бұл .

Бақдаулет:Республика күні бұл.

Құтты болсын гүл елім

Көңілімнің нұрысың

Сен деп соғады жүрегім.

Х.Аяулым:Көңілге нұр сыйлайтын,

Республикам сен менің.

Өзің барда биіктеп,

Көтерілер еңсем мың!

Жүр:-Күлімде күн,күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!----қыздарымыздың орындауында «Қамажай»биін тамашалаңыздар.

Ән: «Отан менің жүрегім» Орындайтын Жанерке,Айбибі.

«Көгершін» тобының ұл,қыздарының орындауында «Домбыра биін»қабыл алыңыздар.

Ән: «Тәуелсіздік»орындайтын Аделина,Каусар.

Ән: «Отан Ана»орындайтын Көркемай,Мөлдір.

Жүр:Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.

Би «Көк тудың желбірегені» барлық ұл-қыздар

Жүр:Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып,бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз,аспанымыз ашық,заманымыз тыныш болсын-дейміз!

Сау болыңыздар!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі